Текст
22.10.2022
25 қазан Республика күніне орай әнұранның орындалуы
22.10.2022
«Қыран елім-Қазақстан!» аясында оқырмандар конкурсын өткізілді.
19.10.2022
Республика күніне арналған «Қазақстан менің арманым " тақырыбына арналған эссе байқауы өткізілді.
19.10.2022
Республика күніне орай 17 қазан күні "Атамекен" тақырыбында диктант жұмысы жазылды.
03.10.2022
Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
03.10.2022
Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
20.09.2022
Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Гуманитарлық пәндер бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы «Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығы» мен Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай «Тілге құрмет-елге құрмет» атты онкүндікте өткізілген іс-шаралардың есебі. Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына арналған онкүндіктің ашылуы болды. Ұлағатты ұстаз Алма Қабдуқызына сөз берілді. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген «Ахмет Байтұсынов-халық ұстазы» атты интелектуалдық сайысында кітапханашы Каримова А.М мен Кенжекеева А.Н көрермен ретінде сайысқа барып келді. «Тіл білгірі» атты аудандық сайысқа мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманжол Н.М сайсқа қатысты. «Ана тілің – еркіндігің, теңдігің!» атты мектепішілік эссе байқауын Оспанова А.К қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі өткізді. Эссе қортындысы бойынша 9 - сынып оқушылары Төлеубек Арай мен Дулатова Алуа есімді оқушылар «Үздік эссе» номинациясы бойынша марапатталды. А.Байтұсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген «Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты жазба жұмыстары жүргізілді. «Қазақ тілім –байлығым!» атты суреттер байқауы бастауыш сыныптар арасында өткізіліп «Қыл қалам шебері»атты номинациясымен 3-4 сынып оқушылары мараппаталды. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларына байланысты сөзжұмбақтар мен ребустар жасырылып барлық сыныптар белсене қатысып 1,2,3 орындармен марапатталды. «Бала тілі -бал» атты мәнерлеп оқу сайысында «Көркем сөз шебері» атты номинациясымен 2-3 сынып оқушылары марапатталды. А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өтізілген «Ахмет Байтұрсынұлы- ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты әдеди кеш өтті , «Жас актер» номинациясымен 6-сынып оқушысы Аманжол Айқын марапатталды. «Тілім менің –тірлігімнің айғағы» атты мерекелік концерте «Жас әнші» номинациясымен 6-сынып оқушысы Қанат Айзере марапатталды. «Тіл татулық –тірегі »атты пікірталас (дебат) өткізілді, нәтижесінде 9-сынып оқушылары «Озық ойлы» номинациясымен марапатталды. А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай мектеп оқушыларының арасында өткізілген «Ұлттың ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлы» атты көркемсөз. Оқу шеберлерінің аудандық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі 2-орынға 6-сынып оқушысы Ахметулла Жігер ие болды, Оразғали Жанайым мен Қайролла Жаннұр Алғыс хаттарымен марапатталды.
12.09.2022
"Мәңгілік ел алыптары: Талғат Бегелдинов" 1-11 сыныптарында сынып сағаттары өткізілді.
12.09.2022
1 қыркүйек Білім күні «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында салтанатты жиылыс өтті. Салтанатты жиылысқа аудандық білім бөлімінің әдіскері Ашимова А.Т., аудандық әкімдігінен Кибалдина Б.Х., ауыл әуімі Жолдыбаева Қ.О. қатысты. 1-11сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
07.06.2022
Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Күншуақ» жазғы мектеп жанындағы лагерь 7 маусым күні «Ертегілер еліне саяхат» іс – шаралары өтті. Мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті, оның ішінде ертегілер туралы білімдерін тереңдету; ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсу. Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу. Оқушыларға таңертенгі жаттығуларын жасады. Ертегілер көрсетіліп, түсінгендерін айтып берді. Оқушылар ән шырқап өз өнерлерін көрсетті. Спорт алаңына барып футбол ойының ойнады.