«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АМАНГЕЛДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КОРГАЛЖЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ »

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Гуманитарлық пәндер бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы «Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығы» мен Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай «Тілге құрмет-елге құрмет» атты онкүндікте өткізілген іс-шаралардың есебі. Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына арналған онкүндіктің ашылуы болды. Ұлағатты ұстаз Алма Қабдуқызына сөз берілді. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген «Ахмет Байтұсынов-халық ұстазы» атты интелектуалдық сайысында кітапханашы Каримова А.М мен Кенжекеева А.Н көрермен ретінде сайысқа барып келді. «Тіл білгірі» атты аудандық сайысқа мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманжол Н.М сайсқа қатысты. «Ана тілің – еркіндігің, теңдігің!» атты мектепішілік эссе байқауын Оспанова А.К қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі өткізді. Эссе қортындысы бойынша 9 - сынып оқушылары Төлеубек Арай мен Дулатова Алуа есімді оқушылар «Үздік эссе» номинациясы бойынша марапатталды. А.Байтұсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген «Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты жазба жұмыстары жүргізілді. «Қазақ тілім –байлығым!» атты суреттер байқауы бастауыш сыныптар арасында өткізіліп «Қыл қалам шебері»атты номинациясымен 3-4 сынып оқушылары мараппаталды. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларына байланысты сөзжұмбақтар мен ребустар жасырылып барлық сыныптар белсене қатысып 1,2,3 орындармен марапатталды. «Бала тілі -бал» атты мәнерлеп оқу сайысында «Көркем сөз шебері» атты номинациясымен 2-3 сынып оқушылары марапатталды. А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өтізілген «Ахмет Байтұрсынұлы- ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты әдеди кеш өтті , «Жас актер» номинациясымен 6-сынып оқушысы Аманжол Айқын марапатталды. «Тілім менің –тірлігімнің айғағы» атты мерекелік концерте «Жас әнші» номинациясымен 6-сынып оқушысы Қанат Айзере марапатталды. «Тіл татулық –тірегі »атты пікірталас (дебат) өткізілді, нәтижесінде 9-сынып оқушылары «Озық ойлы» номинациясымен марапатталды. А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай мектеп оқушыларының арасында өткізілген «Ұлттың ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлы» атты көркемсөз. Оқу шеберлерінің аудандық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі 2-орынға 6-сынып оқушысы Ахметулла Жігер ие болды, Оразғали Жанайым мен Қайролла Жаннұр Алғыс хаттарымен марапатталды.

20.09.2022
Просмотров: 202


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст