Текст
07.06.2022
Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Күншуақ» жазғы мектеп жанындағы лагерь 6 маусым күні «Топпен серуен» табиғат аясына серуендеуге шықты. Мақсаты: Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу. Ең бірінші оқушылар таңғы жаттығуларын жасап, таңғы астарын ішіп табиғат аясына демалысқа шықты. Оқушылар табиғат аясында әр түрлі спорттық ойындар ойнап, ашық аспан астында табиғат аясында тамақтанды. Оқушылар жақсы көңіл күйде болды.
07.06.2022
Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Күншуақ» жазғы мектеп жанындағы лагерь 4 маусым күні «Рәміздерім - мақтанышым» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
07.06.2022
Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерьде 3 маусым күні «Қазына іздеу» атты іс – шаралар өтті. Бүгін біз таңғы жаттығудан бастадық. Қазына іздеу ойының 2 топта бөлініп ойнады. Жасырылған сөздер арқылы қазынаны тапты. Оқушылар белсене ат салысты.
07.06.2022
Амангелді ауылының ЖББО мектебінде «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерьде «Жолда жүру ережесімен таныстыру» іс – шаралар өтті. . Ең бірінші таңғы жаттығумен бастадық. Топтар 2 топ «Қызылдар», «Сарылар» тобы болды. Жарыстар ашық аспан астында өтті. Оқушылар белсене ат салысып қатысты. «Абайлаңыз бағдаршам» атты білімділер сайысы өтті. Жол белгілері туралы мозайкалар шешілді және суреттер салды.
01.06.2022
Мектебімізде 1 маусым күні "Күншуақ" мектепішілік жазғы демалыс лагерьі ашылды. Лагерь 2 ауысымда жұмыс жасайды. 1 ауысымда 30 оқушы, 2 ауысымда 29 оқушы қамтылған. Таңертен сағ 9:00 - 15:00 аралығында оқушылар лагерьде демалады. 1 маусым Халықаралық балалар күніне арналған көптеген іс - шаралар өтті. Шағын концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар және ата - аналар мен ұстаздар тарапынан оқушыларға батут алынды. ИП "Айым" дүкені оқушыларға тегін балмұздақ таратты.
27.05.2022
"Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде» КММ-да 2022 жылдың 23 мамыр күні мектеп директоры Исина Р.А Республикалық референдум өтуіне байланысты шағын мектепішілік жиналыс өтті. Жиналыста Конституцияға кіргізіліп жатқан оң өзгерістер туралы айтылды. Референдум бойынша туындаған сұрақтарын қойып талқыланды. Бұл референдум жалпы елімізге үлкен өзгерістер әкелмек. Бұған келіп дауыс бере отыра жарқын болашағымызға жол ашамыз. Референдум халыққа жағымды мәселелерді қарастырып отыр.
26.05.2022
25 мамыр күні мектебімізде 1-11 сыныптар аралығында "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты салтанатты жиылыс өтті. Салтанатты жиылысқа қатысқан аудан әкімдігінен Омаров Б.Д., білім бөлімінен Мұсай О мектеп ұстаздарымен оқушыларын құттықтап ниеттерін білдірді. .
26.05.2022
20 мамыр күндері мектебімізде "Мектепалды даярлық" тобы және 4 сынып оқушыларында қоштасу кеші өтті
18.04.2022
"Парктер шеруі 2022" акциясы аясында 1 сәуір - "Халықаралық Құстар күніне" орай "Құстар біздің досымыз" атты көңілді тапқырлар клубы сайысына белсенді қатысып, біліктілігін көрсеткені үшін "Қоқиқаз және оның командасы" БАС ЖҮЛДЕ мен марапатталды.
18.04.2022
"Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың аудандық дебат турниріне 9 сынып оқушылары Кәрім Ержас және Қырбаев Нұржігіт қатысып 3 орынга иеленді. Жетекшісі тарих мұғалімі Серикова Н.К