«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АМАНГЕЛДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КОРГАЛЖЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ »

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.01.2017

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

Практикалық кеңестер жинағы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Департамент бастығы Қ.А. Игембаевтың (идея авторы)

жалпы редакциялығымен

Бас прокуратура қызметкерлерінің авторлық ұжымы:

Н.С. Ораз, Бас Прокурордың Аппараты басшысының орынбасары

Қ.Қ. Рахметов, 2-ші Департамент Басқармасының бастығы

А.Х. Əубəкіров, Құқық қорғау органдары академиясы ректорының көмекшісі

М.С. Кемали, Бас прокурордың 1-ші Басқармадағы көмекшісі

Т.В. Аутəліпов, 1-ші Департаменттің аға прокуроры

Қ. Айтбайұлы, 7-ші Департаменттің аға прокуроры

Р.Н. Сəлкенов, 7-ші Департаменттің аға прокуроры

Е.С. Тұрмағамбетов, 10-шы Департамент басқармасының прокуроры

Баспа үйі: Inside Media

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ПРЕЗИДЕНТІ

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

«Биылғы жылы Бес институционалдық реформаны

іске асыру басталды, оның бағыттарының - бірі құқықтық

мемлекет құру.

Бұл салада прокуратура органдарының рөлі ерекше,

себебі барлық басқа құқық қорғау органдарының қызметін

үйлестіре отырып, оларға құқықтық салада үлкен

өкілеттіктер берілген. Соңғы жылдар ішінде қадағалау

органы ел азаматтарының құқықтарын қорғау жəне

қ ұ қ ы қ т ы қ т ə р т і п т і қ а м та м а с ы з ету б о й ы н ш а

айтарлықтай жұмыс атқарды. Басты міндет –

мемлекеттік жəне қоғамдық институттардың құқық қорғау

əлеуетін арттыру, заңдарды тиімді қолдану жəне

азаматтармен, шағын жəне орта бизнес өкілдерімен

жүргізілетін күнделікті жұмыста оларды сақтау.

...Азаматтарға олардың құқықтарын, сондай-ақ

елімізде қабылданатын заңдардың ережелерін қарапайым

тілмен түсіндірген маңызды...»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БАС ПРОКУРОРЫ

АСАНОВ ЖАҚЫП ҚАЖМАНҰЛЫНЫҢ

АЛҒЫ СӨЗІ

1

Қоғамда заңдылық пен құқықтық тəртіпті

нығайтудың басты алғышарты азаматтардың

құқықтық мəдениетін арттыру болып табылады.

Бұл орайда, азаматтардың құқықтық санасын

арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының

Б а с п р о к у р а т у р а с ы қ а д а ғ а л а у қ ы з м е т і н і ң

материалдары негізінде «Прокурордың 100 кеңесі»

анықтамалығын əзірледі.

Бұл құралда заң тұрғысынан күнделікті өмірде

жиі туындайтын сұрақтарға жауаптар беріледі.

Ұсынылып отырған анықтамалық заңды

құрметтеу əдебін қалыптастыруға ықпал ете

отырып, жеке тұлғаның заңды құқықтары мен

бостандықтарын іске асыру жəне қорғау кезінде əрекет

етуге нұсқаулық болады деп үміттенемін.

100ПРОКУРОРДЫҢ

КЕҢЕСІ

2

10 КЕҢЕС отбасыңыз үшін

10 КЕҢЕС тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жайлы

10 КЕҢЕС сіздің бизнесіңіз үшін

10 КЕҢЕС еңбек қатынастары бойынша

20 КЕҢЕС құқық қорғау органдарымен қатынаста қажет

10 КЕҢЕС терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде

10 КЕҢЕС алаяқтардан қорғану жайлы

10 КЕҢЕС сот органдарымен қатынастардағы қажет

10 КЕҢЕС өтініш беру кезінде қажет

100 советов прокурора

3-24

25-46

47-68

91-132

133-154

155-176

177-198

199-220

69-90

МАЗМҰНЫ

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

3

КЕҢЕС

ОТБАСЫҢЫЗ ҮШІН

4

Өз балаңызды қалай қорғау керек ?

Егер балаңыз жоғалып кетсе

Егер некеге отыруға мəжбүрлесе жəне күштеп

ұрлап əкетсе не істеу керек?

Баланы ұстап алу кезіндегі оның құқықтары

Кəмелетке толмаған адамға қандай тəрбиелік

ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкін?

Ата-ана қандай жағдайларда ата-ана құқығынан айырылады?

Мемлекет бала тəрбиелеп отырған отбасыларға

қандай қолдау көрсетеді?

Егер cіз алимент бойынша борышкер болсаңыз

Егер сіз бала асырап алғыңыз келсе

Баланы бала бақшаға қалай тұрғызу, балалар лагеріне

қалай жолдама алу қажет ?

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

1

5

КЕҢЕС

ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ

ҚОРҒАУ КЕРЕК?

Балаңыздың əлеуметтік желілердегі өміріне қызығушылық танытыңыз,

одан əлеуметтік желілерде хат жазысатын таныстары мен достары

немесе «виртуалды» достығы туралы сұраңыз.

Балаңыз бөтен, оның ішінде əлеуметтік желілердегі бейтаныс

адамдардан қауіп сезінсе, оған «Жоқ» деп айтуды үйретіңіз.

Балаңызға таныс емес кісілер тап беріп, ұстауға əрекеттенсе, оған «Бұл

менің анам емес!» (немесе «Бұл менің əкем емес!») деп қатты айғайлау

қажеттігін үйретіңіз. Бұл айналадағылардың назарын аударып,

қылмыскерді үркітіп жібереді.

Егер жоспарларыаяқ астынан өзгерсе, балаңызға қайда баратынын,

қашан келетінін хабарлауды жəне телефон арқылы ескертуді үйретіңіз.

Балаңызды бала бақшадан немесе мектептен өзіңіз алып кетіңіз. Егер

оны алып кетуге басқа біреу баратын болса, бұл туралы тəрбиешіге

немесе мектеп мұғаліміне алдын ала ескертіп қойыңыз.

Балаңыз үшін құпия сөз ойлап табыңыз жəне сол құпия сөзді білмесе,

ешқашан бөтен кісінің көлігіне отырмауды жəне онымен еріп кетпеуді

үйретіңіз.

Балаңызға достарымен, қатарластарымен бірге жүру қауіпсіз екенін

шегелеп айтып, түсіндіріңіз. Қылмыскер əрқашан қараусыз, жалғыз

жүрген балаға назар аударады.

Балаңыздың кешкі жəне түнгі уақыттарда үйде болуын қадағалаңыз.

Балаңызға телефон-автомат (халықаралықты қосқанда) пайдалануды

үйретіңіз. Үй телефоны мен көмек қызметтерінің телефон нөмірлерін

ол жатқа білуі тиіс.

Балаңызды бір жылда кемінде бір рет суретке түсіріп тұрыңыз, егер ол

жоғалып кетсе немесе оны ұрлап əкетсе, қолда бар оның сырт келбеті

мен ерекше белгілері қажет болады.

Балаңыз өз басынан өткендердің барлығын жасырмай айтып

беретіндей жайлыата-ана болу керек. Сіздің əрқашан оны жақсы

к ө р е т і н і ң і з г е ж ə н е о л ж о ғ а л ы п к е т с е і з д е у д і е ш қ а ш а н

тоқтатпайтыныңызға балаңызсенімді болуы керек.

Балаңызбен түсіністік пен сенімге толы қарым-қатынас құра біліңіз.

Көбіне, үйінде мейірімділікжетіспейтін балалар қайғылы жағдайларға

ұрынып жатады.

Балалар мен жасөспірімдергеқатыстыжыныстық немесе зорлық-

зомбылық фактілері бойынша 102 нөміріне, немесе 115 нөмірін

теруарқылы ҚР Бас прокуратурасының Call-орталығына хабарлаңыз.

6

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

2

7

КЕҢЕС

ЕГЕР БАЛАҢЫЗ ЖОҒАЛЫП КЕТСЕ

100 советов прокурора

Сабыр сақтаңыз. Үрейге бой алдырсаңыз,баланы табуға мүмкіндік

беретін маңыздысəттерді абдырап, ұмытып қалуыңыз мүмкін.

Жоғалған баланы іздестіру барысында кез-келген мəлімет маңызды.

Аумақтық ішкі істер органына балаңыздың жоғалғаны туралы арыз

түсіріңіз. Өзіңізбен бірге жоғалған баланың сыртқы келбеті туралы

неғұрлым көп мағлұмат беретін соңғы түскен суреті менқұжатын алып

барыңыз.

Полиция қызметкеріне жоғалған бала туралы барлық ақпаратты

айтыңыз. Сұрақтар орынсыз болып көрінсе де, барлық сұрақтарға

байсалды жауап беріңіз. Есіңізде болсын, іздеу шарасы нəтижелі болуы

үшін, дəл осы бастапқы ақпараттың маңызы зор.

Полиция қызметкерлерінен балаңыздың күдікті достары, жаман

əдеттері, сондай-ақ оныңүйдегі немесе мектептегі жанжалдары туралы

ақпаратты жасырмаңыз.

Балаңыздың жоспары туралы білуі мүмкін-ау деген барлық достарына,

таныстары мен жақындарына, сынып жетекшісіне қоңырау шалып

көріңіз. Ол баруы мүмкін достары мен туыстарының үйлерін өзіңіз

аралап шығыңыз. Достарынан балаңыздың ниеттері мен жоспарлары

туралы сұрап шығыңыз. Бірден хронологиялық тəртіпте сіздің

балаңызды кім, қай жерде жəне қашан соңғы рет көргенін жазып

алыңыз. Кейін бұл мəліметтер полицияға баланың жүрген жерін

анықтауға көмектеседі.

Балаңыз үйден алып кетуі мүмкін ақша, бағалы заттар немесе басқа да

заттар жоғалған жоқ па екен, соны тексеріңіз.

Балаңызды соңғы рет қай жерде көргенін анықтауға тырысыңыз,

кəмелетке толмағандар жиналатын жəне демалатын жерлерді,

саябақты, спорт жəне балалар алаңдарын, үйңіздің маңындағы

гараждарды қарап шығыңыз.

Егер қараусыз жүрген жас баланы көрген куəгер табылса, міндетті

түрде оның деректерін, үй мекенжайы мен байланыс телефондарын

жазып алыңыз.

Жедел жəрдемнің анықтама бөліміне, ауруханадардың қабылдау

бөлімшелеріне қоңырау шалыңыз жəне олардан іздеудегі баланың

түскен-түспегенін нақтылап сұрап алыңыз. Жоғалып кеткен баланың

ерекше белгілері туралы барынша дəлдікпен айтыңыз жəне оның киімін

суреттеңіз.

Полиция қызметкерлерінен консультация алғаннан кейін міндетті

түрде интернетте немесе басқа бұқаралық ақпарат құралдарында,

оның ішінде əлеуметтік желілерде жоғалған бала туралы ақпарат

жариялаңыз.

Бала оралуы мүмкін жерлердеересек адамдардың болатынына көз

жеткізіңіз.

8

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

3

9

КЕҢЕС

ЕГЕР НЕКЕГЕ ОТЫРУҒА МƏЖБҮРЛЕСЕ

ЖƏНЕ КҮШТЕП ҰРЛАП ƏКЕТСЕ

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

100 советов прокурора

Қалыңдықты алып қашу - ұлттық дəстүр мен салт па, жоқ əлде қылмыс-

тықжазаланатын əрекет пе, оны анықтаудың басты белгісі – қыздыңөз

еркімен келісім беруі жəне алып қашушылардың осындай келісімнің

барын түсінуі.

Басқаша айтқанда, егер қыздың еркінен тыс, алдын ала келісімсіз, оны

күштеп ұстап, басқа жерге апарса, сондай-ақ алып қашушылар осы

мəн-жайды ұғынса –аса ауыр қылмыс жасалды деп есептеледі.

Қылмыстық кодексте «Адамды ұрлау» 125-бап жəне бұл үшін 4 жылдан

7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасықарасты-

рылған. Кəмелетке толмаған адамды ұрлап əкеткені үшін – мүлкін

тəркілеп 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы

қолданылады. Бұл қылмыс үшін ең жоғарғы жаза – мүлкін тəркілеп 15

жылға бас бостандығынан айыру (оның ішінде қылмыстық топ болып

жасағаны үшін; егер абайсызда жəбірленушінің өліміне немесе

басқадай ауыр зардаптарға əкеп соқса; ұрлап əкеткен адамды қанау

мақсатында жасалса).

Егер сіз ұрлап əкетудің құрбаны болсаңыз немесе сіздің көзіңізше

осындай оқиғаорын алса, шұғыл полицияға хабарлаңыз (102 телефоны

арқылы–қалалық немесе мобильді телефоннан немесе тікелей кезекші

бөлімге, полиция тірек бекетіне, жол-патрульдік полиция жасағына).

Мүмкіндігінше, полицияға ерекше белгілерді хабарлаңыз (автокөліктің

маркасын, нөмірін, ұрлап əкетушілердің белгілерін).

Бұл туралы ұрланған адам ғана емес, сонымен қатар алып қашудың-

куəсі болған немесе адам ұрланды деп болжаған кез келген адам

хабарлай алады.

Жоғарыда аталған бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жəбірле-

нушінің жазбашаарызы болмаса да басталады.

Егер адам өз еркімен ұрланған қызды босатса жəне оның əрекеттерінде

басқа қылмыс құрамы болмаса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан

босатылады. Кінəлі адам жəбірленушіні одан əрі де ұстауға мүмкіндігі

болып, бірақ оған бостандық берген жағдайлар өз еркімен босату деп

танылады.

Айта кету керек, Қазақстанда неке жасы 18 жастан бастап белгіленген.

Жекелеген жағдайларда некеге отыратын адамдардың өтінішхаттары,

келісімі, сондай-ақ ата-аналарының (қамқоршыларының) келісімі

болған кезде неке жасын төмендетуге рұқсат беріледі (бірақ 16 жастан

төмен болмайды).

10

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

4

11

КЕҢЕС

БАЛАНЫ ҰСТАП АЛУ КЕЗІНДЕГІ

ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

100 советов прокурора

12

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАРЫСЫНДА:

Сіздің балаңыздан тек қорғаушысының, заңды өкілінің, ал қажет болған

жағдайда психолог пен педагогтың көзінше ғана жауап ала алады.

Сіздің балаңыздан тек күндізгі уақытта ғана жауап алынуы тиіс.

Сіздің балаңыздан үзіліссіз жауап алу 2 сағаттан артық болмауы, бір

күнде жалпы уақыт 4 сағаттан артық болмауы тиіс. Баланың шаршаға-

ны анық білінген жағдайда, жауап алу процесі уақыт аяқталғанға дейін

де тоқтатылуы мүмкін.

Сіздің балаңызға қатысты (егер оның куə, жəбірленуші мəртебесі

болса) мыналар қолданылуы мүмкін:

- қашықтықтан жауап алу (сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына

шақырып бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдарды

пайдаланып жауап алу);

- жауаптардысақтауға қою (кейін тағы жауап алмау жəне психикалық

жарақат əсерін жою мақсатында тергеу судьясының жауап алуы).

Балаңыз күдікті болса, қорғаушы алғашқы жауап алған сəттен бастап,

ал ұсталған болса - ұстап алған кезден бастап қатыстырылады.

Кəмелетке толмаған адамның қатысуымен болатын істерде психоло-

гия-психиатриялық сараптама жүргізу міндетті (өз əрекеттеріне есеп

беру жəне іс бойынша белгіленген жағдайларда оларды басшылыққаа-

лу қабілетін, ақыл-есі дұрыстығын, оның бойында ақыл-есі дұрыстығын

жоққа шығармайтын психикалық бұзылушылықтың барын (жоқтығын)

анықтау).

Тек ерекше жағдайларда ғана, атап айтқанда, сіздің балаңызға

қатысты бұлтартпау шараларының басқа түрлерін қолдануға болмай-

тын кезде күзет қойылуы мүмкін. Қылмыстық теріс қылық, онша ауыр

емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін күзетпен

ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмайды.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

5

13

КЕҢЕС

КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН АДАМҒА

ҚАНДАЙ ТƏРБИЕЛІК ЫҚПАЛ ЕТУ

ШАРАЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ МҮМКІН?

14

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кəмелетке толмаған адамдарға

жаза тағайындалуы немесе оларға мəжбүрлі-тəрбиелік ықпал ету

шаралары қолданылуы мүмкін.

Сот мынадай мəжбүрлі- тəрбиелік ықпал ету шараларын тағайындауы

мүмкін:

-ескерту;

-ата-анасының немесе олардың орнын басатын адамдардың не

мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалуына беру;

-келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкіндігін жүктеу (бүлінген

мүлікті қалпына келтіру, ұрланған мүлікті қайтару, ақшалай өтемақы

төлеу, дəрі-дəрмек санаторлық-курорттық жолдамалар сатып əперу

жəне т.б.);

-кəмелетке толмаған адамның демалыс уақытын шектеу жəне оның

мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;

-ерекше режимде ұсталатын білім беру ұйымына орналастыру;

-жəбірленушіден кешірім сұрау міндетін жүктеу (кəмелетке толмаған

адам жəбірленушіге келтірілген зиян үшін өз атынан одан кешірім

сұрайды);

-бір жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеу (уəкілетті

мемлекеттік орган жүзеге асырады жəне сот шешімі бойынша көзде-

лген міндеттерді орындау кіреді).

Бірнеше мəжбүрлеп тəрбиелік ықпал ету шаралары бір мезгілде

тағайындалуы мүмкін.

Кəмелетке толмаған адам мəжбүрлеп тəрбиелік ықпал ету шарасын бір

жыл ішінде екі жəне одан да көп рет қасақана орындамаған жағдайда,

мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынымы бойынша сот бұл

шараның күшін жояды жəне егер қылмыстық жауаптылыққа тарту

мерзімі өтіп кетпесе, материалдар кəмелетке толмаған адамды оны

қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жіберіледі.

Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күннен бастап мынадай

мерзімдер өтіп кетсе, адам олқылмыстық жауаптылықтан босатылады:

-қылмыстық теріс қылық жасағаннан кейін бір жыл;

-онша ауыр емес қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;

-ауырлығы орташа қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;

-ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;

-аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл.

Бұл ретте кəмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылықтан

немесе жазаны өтеуден босату кезінде бұл мерзімдер жартылай

қысқарады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

6

15

КЕҢЕС

АТА-АНА ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА

АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛАДЫ?

16

Ата-ана ата-аналық құқығынан келесі жағдайларда айырылады:

- ата-ана міндетін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент

төлеуден қасақана жалтарса;

- дəлелді себептерсіз өз баласын перзентханадан (перзентхана

бөлімшесінен), жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға арналған ұйымдардан жəне тағы басқа

ұйымдардан алудан бас тартса;

- өздерінің ата-аналық құқықтарын теріс пайдаланса (мысалы,

баланы оқытуға қасақана кедергілер келтірсе; балаларын

қайыршылыққа немесе ұрлықшылыққа баулыса; баланы

жезөкшелікпен айналысуға итермелесе; балаларды спирттік

ішімдіктер немесе есірткі тұтынуға тартса);

- балаларына қатал қараса, оларға физикалық немесе психикалық

зорлық-зомбылық көрсетсе, оны жыныстық қылмысқа итермелесе;

- спирттік ішімдіктерді немесе есірткі құралдарын, психотроптық

заттарды жəне (немесе) соның аналогтарынпайдаланса.

Ата-ана өз баласының, жұбайының немесе отбасының басқа

мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана

қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде, ата-аналық құқығынан

айырылады.

Ата-аналық құқығынан айыру сот тəртібінде, прокурордың жəне

қорғаншылық немесе қамқоршылық қызметімен айналысатын

мекеменің қатысуымен жүргізіледі.

ОТБАСЫЛАРЫҢЫЗДЫ АЯЛАҢЫЗДАР!

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

КЕҢЕС 7

17

МЕМЛЕКЕТ БАЛА ТƏРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН

ОТБАСЫЛАРҒА ҚАНДАЙ

ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ?

18

Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген

тəртіпте əлеуметтік көмек беру арқылы, бала тəрбиелеп отырған

отбасыларға көмек көрсетеді.

Бұндай отбасылар мынадай мемлекеттік жəрдемақылар ала алады:

1) бала тууға байланысты төленетін бір жолғы жəрдемақы(бұдан əрі-

бала туу жəрдемақысы);

Бала туу жəрдемақысы(айлық есептік көрсеткіштің (бұдан əрі – АЕК)

өзгеруін ескеріп)мынадай мөлшерде белгіленген:

- бірінші, екінші, үшінші балаға – 31,41 АЕК;

-төртінші жəне одан кейінгі балаларға – 52,35 АЕК

2) бала 1 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты төленетін ай

сайынғы мемжəрдемақы (бұдан əрі – бала күту жəрдемақысы);

Бала күтімі жəрдемақысы мынадай мөлшерде белгіленген:

- бірінші балаға – 5,76 АЕК;

- екінші балаға – 6,81 АЕК;

- үшінші балаға – 7,85 АЕК;

- төртінші жəне одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК

3) 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін айы сайынғы мемжəрдемақы

(бұдан əрі–бала жəрдемақысы);

Бала жəрдемақысы əрбір балаға 1,05 АЕК мөлшерінде белгіленген

(01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі);

4) мүгедек бала (мүгедек балалар) тəрбилеп отырған анаға немесе

əкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын ай

сайынғы мемжəрдемақы.

Жəрдемақы 1,05 ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленген.

Бала туу немесе бала күтімі жəрдемақысын тағайындауға жүгіну

мерзімдері бала туған күннен бастап он екі айдан аспайды.

Патронаттық тəрбиешілерге берген баланы (балаларды) асырауға

мынадай мөлшерлерде ай сайынғы төлем жүргізіледі:

- мектеп жасына дейінгі бір балаға тамақтану – 6 АЕК;

- мектеп жасындағы бір балаға тамақтану – 7 АЕК;

- бір балаға киім, аяқ киім, жұмсақ керек-жарақ – 3 АЕК.

Жетім бала (жетім балалар) мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

баланы (балаларды) асыруға қорғаншыларға немесе қамқоршыларға

төленетін төлемнің мөлшері айына 10 АЕК-ті құрайды.

Жетім баланы жəне (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

баланы асырап алуға байланысты, бір жолғы ақшалай төлем төленеді,

оның мөлшері 75 АЕК-ті құрайды.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

8

19

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗ АЛИМЕНТ БОЙЫНША

БОРЫШКЕР БОЛСАҢЫЗ

100 советов прокурора

20

ЕГЕР СІЗ АЛИМЕНТ БОЙЫНША БОРЫШКЕР БОЛСАҢЫЗ:

- сот орындаушысына келуден жалтармауыңыз тиіс, себебі келмеу

қолданыстағы заңнамада көзделген жауаптылыққа əкеп соғады;

- орындаушылық іс материалдарымен танысуға құқығыңыз бар;

- өндіріп алушымен татуласу жəне əрекет келісіміне келу тəсілін іздеуге

құқылысыз;

- оң келіссөздер жүргізілген жағдайда, нотариустың көзінше жазбаша

Алименттік келісім жасасуға мүмкіндігіңіз бар.

БЕРЕШЕКТЕР БОЙЫНША УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

- балаңызды көріп тұру мүмкіндігін аласыз;

- оның тəрбиесіне қатысасыз;

- балаларыңыздың болашағына бірге қамданасыз – бала бақшаны,

мектепті, лагерьлерді, демалысты жəне т.б. бірлесіп таңдайсыз.

АЛИМЕНТ БОЙЫНША БЕРЕШЕКТІ УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУДІҢ КЕМ

ТҰСТАРЫ:

Үш ай ішінде жалақыдан немесе басқа кірістерден алимент төлемдерін

өндіріп алу мүмкін болмағанда, сот орындаушысы орындауды

қамтамасыз етудің келесі шараларын қабылдайды:

- борышкердің мүлкін өндіріп алу (ақшаны, бағалы қағаздарды

қосқанда);

- борышкердің басқа жеке жəне заңды тұлғаларда тұрған жылжымалы

мүлкін алып қою;

- борышкерге белгілі бір əрекеттер жасауға тыйым салу (мүлікті

иеліктен айыру, беру, ел аумағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салу,

бұрын берілген лицензиялардың, арнайы құқықтар мен рұқсаттардың

қолданысын тоқтата тұру);

- борышкерге оған меншік құқығында тиесілі мүлікті, оның ішінде

ақшаны пайдалануға тыйым салу немесе оларды сот орындаушысы

белгілеген шектерде пайдалануға нұсқау беру;

- борышкердің мүлкіне сүргі салу;

- құқық белгілейтін құжаттарды алып қою;

- басқа адамдарға борышкерге мүлік, оның ішінде ақша беруге немесе

оған қатысты басқадай əрекеттер жасауға тыйым салу шараларын

қолдану;

Берешек сомасына тұрақсыздық төлемі есептеледі.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

9

21

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗ БАЛА АСЫРАП

АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

100 советов прокурора

22

Бала асырап алуға толыққанды физикалық, психикалық, рухани жəне

адамгершілік дамуды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін ескере отырып,

кəмелетке толмаған балаларға қатысты жəне тек солардың мүддесі

үшін рұқсат беріледі.

Бала асырап алу кезінде жасы, есею дəрежесі, баланың асырап алуға

келісімін беру мəселесі ескеріледі.

Асырап алуға жататын балалар, жалғыз немесе екі ата-анасы:

- қайтыс болған;

- баладан бас тартқан;

- ата-ана құқығынан айырылған жəне құқықтарын қалпына

келтірмеген;

- туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен

немесе əкесімен некеде (жұбайлықта) тұрған адамдарға, баланы

асырап алуға келісім берген;

- сот тəртібінде əрекетке қабілетсіз, із-түзсізжоғалғандеп танылған

немесе қайтыс болған деп жарияланған;

- белгісіз.

Еліміздің аумағында тұрақты тұратын, бала асырап алу ниеті бар

Қазақстан Республикасының азаматтарыныңміндеттері:

- баланы өзі таңдау жəне онымен кемінде екі апта уақыт байланыста

болу;

- бала орналасқан орындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық

функцияларын жүзеге асыратын органғакелесі құжаттар беру:

- бала асырап алғысы келетіні туралы жазбаша өтініш;

- тұрғын үй жағдайларын тексеру актісін;

- жиынтық кірісінің мөлшері туралы анықтама;

- отбасылық жағдайы туралы анықтама;

- денсаулық жағдайы туралы анықтама;

- сотталығы жоқтығы туралы анықтама.

Бала асырап алушы жетім баланы жəне (немесе) ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты, бір жолғы

ақшалай төлем алуға құқылы. Оның мөлшері 75 айлық есептік

көрсеткішті құрайды.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ «Мен шаңырақтың шайқалуына қарсымын,

жастарды отбасы құндылықтарын құрметтеу

рухында, ажырасуға қарсы пайымда тəрбиелеу

қажет, себебі олардың кесірінен ең алдымен

балалар зардап шегеді».

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ə. Назарбаев

10

23

КЕҢЕС

БАЛАНЫ БАЛА БАҚШАҒА ҚАЛАЙ

ТҰРҒЫЗУ, БАЛАЛАР ЛАГЕРІНЕ

ҚАЛАЙ ЖОЛДАМА АЛУ ҚАЖЕТ

100 советов прокурора

24

Баланың ата-анасының бірінің тұрғылықты жері бойынша Халыққа

қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) арызбен жүгіну керек.

Арызға мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

- баланың туу туралы куəлігі;

- жеке басты куəландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе

заңды өкілдерінің);

- мектепке дейінгі ұйымда бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын

құжат (бар болса).

Бірінші кезекте орын алуға құқылы:

- заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалар;

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- жетім балалар;

- көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

- əскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза

болған, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалып кеткен əскери

қызметшілердің балалары;

- арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет

өткеру уақытында қаза болған, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалып

кеткен қызметкерлердің балалары.

Сізге кезектіліктің нөмірін көрсетіп кезекке қойылғаныңыз туралы

хабарлауы немесе орын бар болса мектепке дейінгі ұйымға жолдама

беруі тиіс.

Қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама алу

үшін əкімдікке арызбен жүгіну қажет, оған мынадай құжаттарды қоса

тіркеу керек:

- баланың жеке басын куəландыратын құжат;

- баланың туу туралы куəлігінің көшірмесі;

- баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық

паспорт) оған баланың флюро суретін қоса тіркеу (бар болса).

Тегін жолдама алуға мынадай балалар құқылы:

- мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан

шыққан балалар;

-жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан

төмен, мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алмайтын отбасынан

шыққан балалар;

-отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балалар;

-төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін

отбасылардан шыққан балалар;

- м е к т е п , л и ц е й ж ə н е т . б . б е л г і л е й т і н о қ у ш ы л а р м е н

тəрбиеленушілердің өзге санаттары.

Бұндай жағдайларда, осындай құқықты растайтын құжаттар қосымша

ұсынылады.

Жолдама 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

25

КЕҢЕС

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ

БОЛДЫРМАУ ЖАЙЛЫ

Отбасындағы жанжалдар ушығып кетсе не істеу керек?

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамның

(оның отбасының) қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету

қажет?

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамға

қандай іс-қимылдар жасаған жөн?

Егер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамнан

нақты қауіп төнсе

Жəбірленушінің тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған

адаммен немесе оны жасау қаупін төндіретін адаммен

байланыстарын болдырмаудың жолдары

Егер қорғау нұсқамасы жəбірленушінің қауіпсіздігін

қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса

Тұрмыстық зорлықшыға қатысты тағы қандай

шектеулер қолдануға болады?

Полициядан басқа тағы кім тұрмыстық зорлық-зомбылық

құрбанының қауіпсіздігін іс жүзінде қамтамасыз ете

алады?

Егер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны

қиын өмірлік жағдайға тап болса

Тұрмыстық зорлықшы тарапынан жүйелі түрде

ұрып-соғу мен қорлау зəбірін көрсеңіз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

26

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

1

27

КЕҢЕС

ОТБАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛДАР УШЫҒЫП

КЕТСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

100 советов прокурора

28

Ең алдымен мынаны түсіну қажет: отбасындағы нақты жағдайда

тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белгілері бар ма?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық «Тұрмыстық зорлық-зомбылық

профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылы 4

желтоқсандағы Заңында «отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір

адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын жəне (немесе)

психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы

қасақана əрекеті (іс-əрекеті немесе əрекетсіздігі)» деп айқындалған.

Зорлық-зомбылық, егер ол:

-жұбайлар;

-бұрынғы жұбайлар;

-бірге тұратын немесе тұрған адамдар;

-жақын туыстар;

-ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасында отбасылық-

тұрмыстық қатынастар аясында жасалса, «тұрмыстық» ретінде

сараланады.

ЗАҢНАМАДА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ 4 ТҮРІ КӨЗДЕЛГЕН:

КҮШ КӨРСЕТУ – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа

қасақана зиян келтіру.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – адамның психикасына қасақана əсер ету, оны

қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе

өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық,

дене жəне жеке басы дамуының бұзылуына əкелетін əрекеттерді

жасауға мəжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен

абыройын кемсіту.

СЕКСУАЛДЫҚ – адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық

еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-əрекет,

сондай-ақ кəмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы

іс-əрекеттер.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын

үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

Аса қатыгездікпен жасалған барлық адам өлтіру қылмыстарының

жартысында қылмысқа дейін отбасында ұзақ уақытқа созылған жəне

жанжалды жағдай болған.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

2

29

КЕҢЕС

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕККЕН

АДАМНЫҢ (ОНЫҢ ОТБАСЫНЫҢ) ҚАУІПСІЗДІГІН

ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЖЕТ?

100 советов прокурора

30

Құқықтық қорғауды қолдану керек.

1. Құқықбұзушыға жеке профилактика шараларын қолдану үшін

полицияға жүгіну.

Олардың нақты тізбесі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы

туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген (№

4-8 кеңестерді қараңыз).

2. Мынадай əрекеттер жасаған адамды əкімшілік немесе қылмыстық

жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдау үшін полицияға

немесе сотқа жүгіну:

- Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы

кодексінде көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар (отбасылық-

құқықтық қатынастар аясындағы құқыққа қайшы əрекеттер (73-б.),

қорғау нұсқамасын бұзу (461) жəне т.б.);

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген

қылмыстық құқық бұзушылықтар (адам өлтіру (99-б.), денсаулыққа

қасақана ауыр жəне ауырлығы орташа зиян келтіру (106, 107-б.), өзін-

өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-б.), қорқыту (115-б.), зорлау (120-б.)

жəне т.б.).

3. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға мынадай шаралар

қабылдау үшін азаматтық-құқықтық тəртіпте сотқа жүгіну:

- медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары (психиатрияда,

наркологияда емдеу);

-қорғаншылар мен қамқоршыларды өз міндеттерінен босату немесе

шеттету бойынша шаралар жəне т.б.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

Ұзақ уақытқа созылған отбасылық жанжалдарды болдырмаған жөн.

Əдетте, тұрмыстық зорлық-зомбылық жылдар өте келе жəбірленуші

үшін аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ қинаумен

қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ұласады. Ал бұл

қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мəн-жайлар

(Қылмыстық кодекстің 54-б.).

«Адам өмірге жылап келеді жəне қайғырып кетеді.

Осы екі құбылыс аралығында, ол нағыз бақыттың не

екенін ұғынбай, оған сыйға берілген өмір қасиетінің

қадірін білмей, бір-бірімен итше ырылдасып кете

барады. Тек өмірінің соңғы мезеттерінде ғана есін

жияды, көзі ашылады. Тек сол кезде ғана əлемнің

ешқандай қазынасы оның өмірін ең болмаса бір күнге

ұзарта алмайтынына көзі жете бастайды».

Қазақ ақыны, философ, композитор

Абай Құнанбайұлы

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

3

31

КЕҢЕС

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН

ЗАРДАП ШЕККЕН АДАМҒА ҚАНДАЙ

ІС-ҚИМЫЛДАР ЖАСАҒАН ЖӨН?

100 советов прокурора

ДЕРЕУ ПОЛИЦИЯҒА ЖҮГІНУ («102» ТЕЛЕФОНЫ АРҚЫЛЫ ПОЛИЦИЯҒА

ХАБАРЛАУ, ЖАРАҚАТ АЛҒАН КЕЗДЕ «103» НӨМІРІ АРҚЫЛЫ ЖЕДЕЛ

ЖƏРДЕМ ШАҚЫРУ).

1-қадам. Тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына жүгіну:

-ІІО кезекші бөліміне;

-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны тұрып жатқан учаскеге

қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторына немесе тұрмыстық

зорлық-зомбылық фактісі болған орын бойынша учаскелік полицияға;

-ІІО əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің

инспекторына;

-жергілікті полиция қызметінің кез келген қызметкеріне.

2-қадам. Белгіленген үлгіде арыз беру жəне арызды қабылдаған

құқылы тұлғадан (ішкі істер органдары кезекші бөлімінің қызметкерінен

немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты қабылдауға

жəне есепке алуға жауапты лауазымды тұлғадан) хабарлама-талон алу.

3-қадам. ІІО учаскелік инспекторынан құқық бұзушыға шаралар

қабылдау үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған орынға шығуды

талап ету.

4-қадам. Медициналық мекемелерге жүгіну нəтижелерін немесе сот-

медициналық сараптама беру немесе егер қажет болса, сот-

медициналық куəландыруға жіберуді талап ету.

5-қадам. Қажет болған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылық

құрбандарына көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға: дағдарыс

орталығына немесе зорлық-зомбылық қаупіне байланысты дағдарысты

жағдайда жүрген адамдарға арналған орталық-панажайға жіберуді

талап ету.

6-қадам. Құқық бұзушыларды, алкоголизмге, нашақорлыққа жəне

уытқұмарлық дертіне шалдыққан адамдар еріксіз емдеуге жіберу

туралы мəселені шешу кезінде медициналық куəландырудан жалтарған

жағдайларда, мəжбүрлеп тексеру үшін наркологиялық диспансерге

əкелу туралы талаппен полицияға жүгіну («Алкоголизмге,

нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз

емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-б.).

7-қадам. Ұрып-соғу жəне қорлау, жыныстық қатынас жасауға, еркек

мен еркектің жыныстық қатынас жасауына, əйел мен əйелдң жыныстық

қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы басқадай іс-

əрекеттерге мəжбүрлеу жағдайларында немесе тұрғын үйге онда

тұратын адамның еркінен тыс басып кіру жағдайларында, сотқа жеке

айыптау тəртібінде кінəлі адамды жауаптылыққа тарту туралы шағым

жіберу туралы талаппен жүгіну.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

32

4

33

КЕҢЕС

ЕГЕР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ

ЖАСАҒАН АДАМНАН НАҚТЫ ҚАУІП ТӨНСЕ

100 советов прокурора

34

Тұрғылықты жері бойынша полицияға құқық бұзушыға қатысты

жақындауға тыйым салуды қолдануды талап ету туралы арыз беру

(ҚПК 165-б.).

АРЫЗДА МЫНАЛАРДЫ КӨРСЕТКЕН ЖӨН:

-қандай қауіптер мен қолсұғушылықтарға тап болдыңыз (тұрмыстық

зорлық-зомбылықтың түрі)?

-қауіптер мен қолсұғушылықтар жүйелі жəне ұзақ уақытқа созылу

сипатында ма?

-олар болашақта қайталануы мүмкін бе?

-қуəлар (куəгерлер), дəлелдемелер бар ма?

Болған оқиғаны егжей-тегжейлі суреттеп, барлық қолда бар дəлелде-

мелер мен куəлардың байланыс деректерін жинап, өтінішхатпен бірге

беру қажет.

-Күш көрсету немесе сексуалдық тұрмыстық зорлық-зомбылық

көрсетілгенде дəрігерлерде тексерілу нəтижелерін қоса беру қажет.

Жəбірленушінің немесе қорғауға жататын өзге адамның жазбаша

арызы бойынша полиция қызметкері, сот алдында жақындауға тыйым

салуды санкциялау туралы өтінішхат қозғау туралы қаулы шығаруға

жəне оны прокурорға жіберуге міндетті.

Прокурор, ұсынылған материалдарды қарағаннан кейін, өтінішхатты

қолдау немесе оны қолдаудан бас тарту туралы дəлелді қаулы шыға-

руы тиіс. Өтінішхатты қолдау кезінде прокурор өтінішхат пен іс

материалдарының көшірмелерін сотқа жіберуге міндетті.

Жақындауға тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу

судьясы өтінішхат сотқа түскен кезден бастап үш тəулік ішінде қарай-

ды.

Өтінішхат пен ұсынылған іс материалдарын қарағаннан кейін тергеу

судьясы жақындауға тыйым салуды санкциялау немесе одан бас тарту

туралы қаулы шығарады.

Жақындауға тыйым салуды санкциялаудан бас тарту туралы қаулыға

шағым берілуі, наразылық білдірілуі мүмкін

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

5

35

КЕҢЕС

ЖƏБІРЛЕНУШІНІҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ

ЖАСАҒАН АДАММЕН НЕМЕСЕ ОНЫ ЖАСАУ ҚАУПІН

ТӨНДІРЕТІН АДАММЕН БАЙЛАНЫСТАРЫН

БОЛДЫРМАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

100 советов прокурора

36

Ішкі істер органдарының учаскелік инспекторына құқық бұзушыға

қатысты қорғау нұсқамасын шығару туралы талаппен жүгіну.

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ:

Қорғау нұсқамасы – отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы

құқық бұзушылықтың алдын алу нысандарының бірі. Полиция

қызметкері ол шығарылған кезде он алты жасқа толған, есі дұрыс

адамға қатысты шығарады.

Учаскелік полиция инспекторы жəбірленушінің пікірін ескере отырып

қорғау нұсқамасын шығарады жəне:

-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін

адамға орындау үшін қолхатпен береді;

-жəбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау

нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарла-

ры түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның

көшірмесін қолхатпен береді;

-қорғау нұсқамасының көшірмесін өзіне қатысты қорғау нұсқамасы

шығарылған адамға ол берілген кезден бастап жиырма төрт сағат

ішінде прокурорға жібереді.

Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жəбірле-

нушінің отбасының кəмелетке толмаған жəне (немесе) əрекетке

қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны

іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон

арқылы сөйлесуге жəне өзге де тəсілдермен байланыс жасауға тыйым

салынады.

Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарыл-

ған адамға берілген кезден бастап 30 тəулікті құрайды.

Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды.

Қорғау нұсқамасын бұзу ҚР ƏҚБтК-нің 461-бабында белгіленген

жауаптылыққа əкеп соғады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

6

37

КЕҢЕС

ЕГЕР ҚОРҒАУ НҰСҚАМАСЫ ЖƏБІРЛЕНУШІНІҢ

ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН

ЖЕТКІЛІКСІЗ БОЛСА

100 советов прокурора

38

Бұл жағдайда, ішкі істер органдары отбасылық-тұрмыстық қатынастар

аясындағы құқыққа қайшы əрекеттер жасаған (ҚР ƏҚБтК-нің 73-б.)

немесе ішкі істер органдары шығарған қорғау нұсқамасын бұзған (ҚР

ƏҚБтК-нің 461-б.) адамды əкімшілік ұстап алуды қолдануы мүмкін.

Əкімшілік ұстап алу туралы хаттама жасалады, оның көшірмесі

ұсталған адамға беріледі.

Əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған адамның өтініші

бойынша, оның орналасқан жері туралы дереу оның туыстары, жұмыс

немесе оқу орны бойынша əкімшілік, сондай-ақ оның қорғаушысы

хабардар етіледі.

Кəмелетке толмаған адамның ұсталғаны туралы оның ата-анасын

немесе олардың орнын басатын адамдарды хабардар ету міндетті.

Ұсталған адамға оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

Ұсталған адам оны ұстау үшін негіз болған мəн-жайлар жойылған кезде

дереу босатуға жатады.

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ:

ҚР ƏҚБтК 787-бабына сəйкес ұстап алу арқылы қойылған мақсаттар-

ға қол жеткізілген жағдайларда құқық бұзушы босатуға жатады. Атап

айтқанда: 1) құқық бұзушылықтың жолын кесу; 2) əкімшілік құқық

бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету; 3) құқық

бұзушы мастықтан айыққанға дейін; 4) əкімшілік ұстап алу мерзімі

аяқталғаннан кейін.

Ұстап алу мерзімінің басталуы ұсталған адамға қандай да бір процестік

мəртебе беруге, немесе басқадай формалдық рəсімдердің орындалуы-

на қарамастан, минутына дейін дəлдікпен ұсталған адамның бостанды-

ғын шектеу іс жүзінде болған кездегі сағат болып табылады. Алкогольді

масаң күйіндегі адамға қатысты əкімшілік ұстап алу мерзімі, медицина-

лық қызметкер куəландырған, оның мастықтан айығуы кезінен бастап

есептеледі.

Əкімшілік ұстап алудың аяқталу кезі іс жүзінде ұстап алу уақытынан

бастап үздіксіз есептелетін үш сағаттың өтуі болып табылады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

7

39

КЕҢЕС

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚШЫҒА ҚАТЫСТЫ

ТАҒЫ ҚАНДАЙ ШЕКТЕУЛЕР

ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

100 советов прокурора

40

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше

талаптар белгілеу талабымен полицияға жүгіну.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамаға

сəйкес ішкі істер органдары құзыреттерінің бірі – сот алдында тұрмыс-

тық зорлық-зомбылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше

талаптар белгілеу туралы өтінішхатпен жүгіну.

Жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген адам айына бір реттен

төрт ретке дейін профилактикалық сұхбат жүргізу үшін ішкі істер

органдарына келуге міндетті.

Өзіне қатысты мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамға

мыналарға тыйым салынуы мүмкін:

- жəбірленушінің ықтиярына қарамастан, жəбірленушіні іздестіруге,

ізіне түсуге, оған баруға, кəмелетке толмағандарды жəне (немесе)

оның əрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қосқанда, ауызша,

телефон арқылы əңгімелесуге жəне онымен басқадай тəсілдермен

байланысқа түсуге;

- атыс қаруын жəне қарудың басқа түрлерін сатып алуға, сақтауға,

алып жүруге жəне пайдалануға;

- кəмелетке толмағандарға, белгілі бір жерлерге баруға, кəмелетке

толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатын-

сыз басқа жерлерге шығуға;

-алкогольді ішімдіктер, есірткі құралдарын, психотроптық заттар

тұтынуға;

- айрықша жағдайларда жəбірленуші мен оның отбасы мүшелерін

күзету жəне қорғау үшін сот сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық

жасаған адамға, бұл адамның басқа тұрғын үйі бар болған жағдайда,

жəбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пəтерде немесе басқадай

тұрғын үйде тұруға тыйым салу түріндегі əкімшілік-құқықтық ықпал ету

шарасын қолдануға құқылы.

Бұл шара əкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды əкімшілік

жауаптылықтан босату кезінде əкімшілік өндірумен қатар, сондай-ақ

оның орнына да қолданылады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

8

41

КЕҢЕС

ПОЛИЦИЯДАН БАСҚА ТАҒЫ КІМ ТҰРМЫСТЫҚ

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН

ІС ЖҮЗІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛАДЫ?

100 советов прокурора

42

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заң жəбірле-

нушіге өз бетінше дағдарыс орталығына (панажайға) жүгінуге

мүмкіндік береді.

Жəбірленуші өз бетінше немесе ІІО учаскелік полиция инспекторы

арқылы тұрғылықты жері бойынша дағдарыс орталығына жүгіне

алады.

Дағдарыс орталығы (панажай):

-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанын қабылдауды жүзеге асырады;

-қажетті көмек көрсетуді ұйымдастырады (психологиялық, педагогика-

лық, медициналық, заңдық);

-қажет болған кезде жəбірленушіні медициналық көмек көрсету жəне

одан əрі оңалту үшін денсаулық сақтау ұйымына жібереді;

-Жəбірленушіге уақытша баспана (панажай) береді;

-жəбірленушіге арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсетеді (№9 кеңесті

қараңыз), жəбірленушінің мүддесіне арнаулы əлеуметтік қызметтердің

кепілдендірілген жəне (немесе) кепілдендірілген көлемге үстеме

берілетін қосымша көлемін беру туралы арызбен жергілікті атқарушы

органға жүгінеді;

-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психотүзету

бағдарламаларын жүргізеді;

-жəбірленушіге оның тұрғылықты жеріне қарамастан көмек көрсетеді.

-жəбірленуші тікелей жүгінген кезде, ІІО-ны тұрмыстық зорлық-

зомбылық фактісі туралы немесе оны жасау қаупі туралы хабардар

етеді;

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ:

Бүгінгі күні Қазақстанда 28 дағдарыс орталығы жұмыс істейді,

олардың 17-сінде панажайлар бар (Қосымшаны қараңыз).

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

9

43

КЕҢЕС

ЕГЕР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ

ҚҰРБАНЫ ҚИЫН ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛСА

100 советов прокурора

44

«Арнаулы əлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының

Заңында көзделген талаптарға сəйкес жазбаша арыз беру арқылы

жергілікті атқарушы органға көмек сұрап жүгіне алады (мысалы,

заңдық, медициналық, психологиялық көмек).

Арыз берудің негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың

құрбаны өз бетінше жеңе алмайтын қиын өмірлік жағдайды еңсеру

Арыз берудің негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың

құрбаны өз бетінше еңсере алмайтын қиын өмірлік жағдайды еңсеру.

1-қадам. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны немесе оның мүддесі

үшін жүгінетін адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы

органға немесе арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіге

(мысалы, дағдарыс орталығына, панажайға) жазбаша арыз береді.

2-қадам. Əлеуметтік қызметкер арыз түскен күннен бастап 10 жұмыс

күні ішінде жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша

арнайы əлеуметтік көмектерге деген қажеттілікті бағалайды жəне

айқындайды.

3-қадам. Бағалау жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге деген

қажеттілікті айқындау нəтижелері бойынша, əлеуметтік қызметкер

қорытынды дайындайды, онда қызметтің түрі, алушының санаты,

қызмет көрсету орны, қызмет көрсету ұзақтығы, қызметтің мазмұны

жəне жеке ерекшеліктер айқындалады.

4-қадам. Жергілікті атқарушы орган əлеуметтік қызметкердің бағалау

жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге деген қажеттілікті айқындау

жөніндегі қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде

қиын өмірлік жағдайға тап болған адамға (отбасына) бюджет қаражаты

есебінен арнаулы əлеуметтік қызметтер беру туралы шешім қабылдай-

ды.

5-қадам. Жергілікті атқарушы орган шешім қабылдағанға дейін, зардап

шеккен адам (отбасы), көмек (қызмет) бюджет қаражаты есебінен

көрсетілген жағдайда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен

адамдарға көмек көрсететін дағдарыс орталығында бола алады.

6 - қ а д а м . Қ а т а л қ а р а у д ы ң , о н ы ң і ш і н д е т ұ р м ы с т ы қ з о р л ы қ -

зомбылықтың құрбандары болған кəмелетке толмағандарға əлеуметтік

жəне психологиялық көмек көрсету үшін, оларды Кəмелетке толмаған

балаларды бейімдеу орталығына орналастыру үшін полицияға жүгіну.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

45

КЕҢЕС

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚШЫ ТАРАПЫНАН

ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ҰРЫП-СОҒУ МЕН ҚОРЛАУ

ЗƏБІРІН КӨРСЕҢІЗ

100 советов прокурора

46

Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары денсаулыққа қасақана жеңіл

зиян келтірумен, ұрып-соғумен жəне қорлаумен байланысты жағдайлар

санатына жатады.

Бұл жағдайларда сотқа жүгінген жөн, себебі бұл қылмыстық құқық

бұзушылықтар қылмыстық заңнама бойынша жеке айыптау істеріне

жатады.

Жəбірленушінің (жеке айыптаушының) немесе оның заңды өкілінің сотқа

ТІКЕЛЕЙ шағым беруі арқылы мынадай ЖЕКЕ АЙЫПТАУ істері қозғалады:

- денсаулыққа қасақана жеңіл зян келтіру туралы (ҚР ҚК 108-б.);

- тəн ауруына ұшырататын, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге əкеп

соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану əрекеттерiн жасау

туралы (ҚР ҚК 109-б.);

- ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану əрекеттері арқылы тəн

зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату туралы, егер бұл

іс-əрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге

əкеп соқпаса (ҚР ҚК 110-б.);

- денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру туралы (ҚР ҚК

114-б.);

- жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас

жасауына, əйел мен əйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе

сексуалдық сипаттағы өзге де əрекеттердi жасауға мəжбүр ету туралы

(ҚР ҚК 123-б.);

- тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс заңсыз басып кiруден

көрінетін тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу туралы (ҚР ҚК 149-б.).

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

Жеке айыптау істері – Қазақстан Республикасының заңнамасындағы

қылмыстық істердің ерекше санаты. Бұндай қылмыстық істер шешім

қозғаудың, қараудың жəне қабылдаудың ерекше тəртібімен сипатта-

лады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 47-

тарауы). Бұл істер бойынша іс жүргізу жəбірленушінің шағымы

бойынша ғана басталады жəне оның айыпталушымен, сотталушымен

татуласуына байланысты тоқтатуға жатады.

«Сенім қағаз секілді, бір мыжыдың ба – қанша

жазсаң да, ол енді ешқашан мінсіз тегіс бола

алмайды.»

Парсы философы, математик, астроном

Омар Хайям

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

47

100 советов прокурора

КЕҢЕС

СІЗДІҢ БИЗНЕСІҢІЗ ҮШІН

48

Өз бизнесіңді қалай қорғау керек?

Егер сізге тексеріспен келсе

Тексеріс жүргізу барысындағы сіздің құқықтарыңыз

Егер тексерушілер сіздің құқықтарыңызды бұзса

Қандай тексеріс заңсыз болуы мүмкін?

Мемлекеттік сатып алу қатысушыларына

нені білген маңызды?

Колонияда өз бизнесіңді қалай ашу керек?

Сіз мемлекет көрсететін қолдау туралы білесіз бе?

Кəсіпкерлердің құқықтары бұзылған кезде

меморгандардан басқа тағы қайда жүгінуге болады?

Кəсіпкерліктің заңнама бұзғаны үшін жауаптылығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

1

49

КЕҢЕС

ӨЗ БИЗНЕСІҢДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУ КЕРЕК?

100 советов прокурора

50

«Үш жағдайда бəрінен жылдам үйренесің – жеті

жасқа дейін, тренингтерде, жəне өмір саған басқа

амал қалдымағанда»

Эксперт в области менеджмента

Стивен Кови

Өз бизнесіңді ықтимал тергеп-тексеру мен соттық талап- арыздардан

қорғаңыз. Болмысы күдік тудыратын адамдармен байланыс орнатудан

аулақ болыңыз (болмыс туралы мəліметтерді Интернет-ресурстардан

табуға болады), жəне күмəнді кəсіпорындар мен мəмілелерге қатыспа-

ңыз.

Қолма-қол ақшаңыз бен кірістеріңізді қадағалап отырыңыз. Кəсіпорын

қызметіне тəуелсіз аудит жүргізіңіз. Бұл кемшіліктерді айналып өтуге

мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар меморгандардың тексе-

р і с т е р і н е н қ о р ғ а й д ы ( ө р т қ а у і п с і з д і г і ж ə н е с а н и т а р л ы қ -

эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы).

Білікті адвокатпен жəне қаржы кеңесшісімен ынтымақтастықта жұмыс

істеңіз. Шағын бизнеске көптеген салықтық жеңілдетулер қарастырыл-

ған (салық заңнамасымен көзделген). Сіз олардың барлығын біл-

етініңізге жəне қолданатыныңызға көз жеткізіңіз.

Меморгандармен жəне заңды тұлғалармен барлық хат алмасу ресми

түрде жүргізілуі тиіс (яғни, хаттардың шығыс нөмірлері мен күндері

болуы тиіс, бұл ретте сіздің хатыңызды меморган мен заңды тұлғаның

алғанын растайтын құжаттардың бар болғаны жөн). Контрагенттермен

болған барлық уағдаластықтарды құжатпен бекітіңіз, оны міндетті

түрде заңдық тұрғыда тексеріңіз.

МЕМОРГАНДАР КƏСІПОРЫНДАРҒА АЛДА БОЛАТЫН ТЕКСЕРІС ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАУҒА ТИІС ПЕ?

Əрине, ерекше тəртіп бойынша тексерістің басталатыны туралы жəне

ішінара тексеріс туралы 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде

хабарлауы тиіс. Жоспардан тыс тексеріс кезінде тексеріс басталғанға

дейін бір тəулік бұрын хабарлануы тиіс.

Бұл ережеден тыс өткізілетін тексерістерге Кəсіпкерлік кодекстің 144-

бабы 3-тармағының 2, 7, 9, 10 тармақшаларына жəне 6,7 тармақтарына

сəйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерістер жатады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

2

51

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗГЕ ТЕКСЕРІСПЕН КЕЛСЕ

100 советов прокурора

52

Тексерістер тағайындау жəне жүргізу мəселелері Кəсіпкерлік кодекстің 2-

параграфында регламенттелген.

ТЕКСЕРІСТЕР МЫНАДАЙ ТҮРЛЕРГЕ БӨЛІНЕДІ:

- тəуекел дəрежесін бағалау негізінде ерекше тəртіп бойынша жүргізілетін

тексеріс (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды

тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын

алу жəне (немесе) оны жою мақсатында бақылау жəне қадағалау органы

тəуекел дəрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге)

қатысты тағайындалатын тексеру);

- ішінара (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне

заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің

алдын алу жəне (немесе) оны жою мақсатында бақылау жəне қадағалау

органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нəтижелерін талдау

нəтижелері бойынша тəуекел дəрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін

субъектіге (объектіге) қатысты тағайындалатын тексеріс);

- жоспардан тыс (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке

жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей

қатердің алдын алу жəне (немесе) оны жою мақсатында бақылау жəне

қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты тексерілетін

субъектіге қатысты, тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен

мəн-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты

тағайындалатын тексеріс (жоспардан тыс тексеріс негіздемелерінің тізбесі

Кəсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген).

Көлемі бойынша тексерістер кешенді жəне тақырыптық болып бөлінеді.

ТЕКСЕРІС ҚАНША УАҚЫТҚА СОЗЫЛАДЫ?

Тексеріс 30 жұмыс күнінен артық созылмауы тиіс (салық тексерісін қоспағанда,

оның мерзімі Салық кодексінің 629-бабында регламенттелген).

Арнайы зерттеулер, сынамалар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде,

сондай-ақ тексеріс көлемінің айтарлықтай болуына байланысты, Қазақстан

Республикасының салық заңнамасында көзделген салық тексерісін жүргізу

кезіндегі жекелеген жағдайларды жəне жоғарыда аталған бапта көзделген

жағдайларды қоспағанда, тексеріс өткізу мерзімін тек бір рет қана бақылау

жəне қадағалау органының басшысы (не оның орнын басатын тұлға) отыз

жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

СІЗ БІЛУГЕ ТИІССІЗ:

1. Тексеруші мыналарды көрсетуі тиіс:

-Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің сіздің

облыстағы (қаладағы) Басқармасында тіркеу туралы мөртабан басылған

тексеріс тағайындау туралы актісін;

- қызметтік куəлігін;

- тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып тексеру

парағын.

2. Сіз тексерістің заңдылығын http://service.pravstat.kz/ мекенжайы бойынша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне

арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Сіздің бизнесті

тексерудің заңдылығы» бөліміне жүгіну арқылы тексере аласыз.

3. Тексеріс тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалар

тексеріс жүргізуге құқылы емес.

4.Тексеріс жүргізудің басталуы болып тексеріс тағайындау туралы акті

тапсырылған күн есептеледі.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

3

53

КЕҢЕС

ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДАҒЫ

СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ

100 советов прокурора

54

СІЗ ҚҰҚЫЛЫСЫЗ:

- егер жүргізілетін тексеру, тексеріс нысанасына жатпаса немесе актіде

көрсетілген кезеңге жатпаса, ондай мəліметтерді бермеуге;

- лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі келтірмей, аудио жəне бейнетех-

никаның көмегімен тексеріс процесін жазып алуға;

- тексеріс тағайындау туралы, тексеріс нəтижелері туралы актіге, сондай-

ақ тексеруші тұлғаның əрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органға не

сотқа шағым беруге;

- сіздің қызметіңізді шектейтін, тексерушілердің заңда негізделмеген

тыйымдарын орындамауға (мысалы, ешқандай негізсіз қызметті тоқтата

тұру туралы талап);

- өз мүдделеріңіз бен құқықтарыңызға өкілдік ету мақсатында, тексеріс

жүргізу кезінде сол жерде болуға, сондай-ақ тексеріске қатысуға үшінші

тұлғаларды тартуға.

СІЗГЕ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ БАҚЫЛАУ ЖƏНЕ ҚАДАҒАЛАУ

ОРГАНЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ МЫНАЛАРҒА ҚҰҚЫЛЫ ЕМЕС

ЕКЕНДІГІН БІЛГЕН ЖӨН:

- осы бақылау жəне қадағалау органының тексеру парақтарында белгілен-

беген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы

лауазымды адамдар əрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне

жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;

- егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн жəне

өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi

болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды

талап етуге;

- өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн жəне өндiрiстiк орта объе-

ктiлерiн зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынақ, өлшеу жүргiзу үшiн

көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша жəне

(немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидала-

рында жəне оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу əдiстерiнде, техника-

лық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста

болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан

өткізу, өлшеу қағидаларында жəне əдiстерiнде белгiленген нормалардан

асатын көлемде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды

iрiктеп алуға;

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды

қоспағанда, тексеру жүргiзу нəтижесiнде алынған жəне коммерциялық,

салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты

жария етуге жəне (немесе) таратуға;

- тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;

- мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен

шығынды сипаттағы iс-шараларды жүргiзуге.

ТЕКСЕРУШІЛЕР ТЕКСЕРІС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ҚАЛАЙ РЕСІМДЕУІ ТИІС?

Тексерушілер 2 данада тексеру нəтижелері туралы акті жасайды, оның

біреуі сізге тапсырылады. Егер ескертулер немесе наразылықтар болса, сіз

оларды жазбаша түрде мазмұндай аласыз, олар актіге қоса тіркеледі.

ТЕКСЕРУШІЛЕРДІҢ ЗАҢСЫЗ ƏРЕКЕТТЕРІНІҢ САЛДАРЛАРЫ:

Өрескел бұзушылықпен жүргізілген тексеріс (тізбесі Кəсіпкерлік кодексінің

156-бабының 3-тармағында келтірілген), жарамсыз деп танылады, бұл оны

кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

4

55

КЕҢЕС

ЕГЕР ТЕКСЕРУШІЛЕР СІЗДІҢ

ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ БҰЗСА

ЖЕКЕ КƏСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚҰҚЫЛЫ:

- кəсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған жəне (немесе) заңды

мүдделерін іске асыруға тосқауыл болған тұлғаларды жауаптылыққа

тарту мəселелері бойынша құқық қорғау жəне басқа да мемлекеттік

органдарға жүгінуге;

- өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа, арбитражға,

Қазақстан кəсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уəкілге

жүгінуге.

Егер сіз тексеріс барысында тексерушілер өз өкілеттіктерін асыра

пайдаланды немесе кез келген басқа тəсілмен сіздің құқықтарыңызды

бұзды деп санасаңыз, онда:

- сіздің аймақтың прокуратурасы жанындағы мобильді топқа тікелей

жүгіну қажет, ол дереу құқық бұзушылық орын алған жерге шығады.

Мобильді топтардың телефондары prokuror.gov.kz. мекенжайы

бойынша Бас прокуратураның сайтында орналастырылған. Тəулік

бойы жұмыс істейтін Кол-орталықтың нөмірі – 115;

- Бас прокуратураның "Бизнес тірегі" порталына өтініш жазу. Портал-

да жүргізіліп жатқан тексеріс туралы барлық ақпаратты білуге болады

(тіркеу, тексерушілердің құрамы, тексерілетін кезең жəне т.б.).

100 советов прокурора

Call-центр: 115

56

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

5

57

КЕҢЕС

ҚАНДАЙ ТЕКСЕРІС ЗАҢСЫЗ

БОЛУЫ МҮМКІН?

100 советов прокурора

58

ЕГЕР КƏСІПКЕРЛІК КОДЕКС ТАЛАПТАРЫН ӨРЕСКЕЛ

БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН ЖҮРГІЗІЛСЕ, ТЕКСЕРІС ЖАРАМСЫЗ ДЕП

ТАНЫЛАДЫ:

- тексеріс жүргізу негіздерінің жоқтығы;

- тексеріс тағайындау туралы актінің жоқтығы;

- тексеріс жүргізу туралы хабарлама мерзімдерінің сақталмауы;

-ерекше тəртіп жəне ішінара тексерістер бойынша тексерістер

жүргізудің мерзімділігін бұзушылық;

- тексерілетін субъектіге тексеріс тағайындау туралы актіні ұсынбау;

-өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша тексерістер

тағайындау;

- тексеріс тағайындау туралы актіні құқықтық статистика жəне арнайы

есепке алу органарында тіркеусіз тексеріс жүргізу;

- тексеріс жүргізу мерзімдерінің бұзылуы.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

6

59

КЕҢЕС

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА

НЕНІ БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ?

100 советов прокурора

60

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ ҚАШАН КҮШІНЕ ЕНЕ

БАСТАЙДЫ:

Тапсырыс беруші мен жеткізуші қол қойғаннан кейін немесе соңғысы

конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз

етуді толық енгізгеннен кейін. Егер шарт тіркеуге жатса, онда ол оны

тіркегеннен кейін күшіне енеді.

Қ А Н Д А Й Ж А Ғ Д А Й Л А Р Д А Ə Л Е У Е Т Т І Ж Е Т К І З У Ш І Б І Л І К Т І Л І К

ТАЛАПТАРҒА САЙ ЕМЕС ДЕП ТАНЫЛАДЫ:

- біліктілік талаптарына сəйкестікті растау үшін құжаттар ұсынбаса;

- ақпараттар негізінде біліктілік талаптарына сай болмау фактісі

анықталса;

- біліктілік талаптары бойынша дəйексіз ақпарат беру фактісі анықтал-

са.

ЕГЕР СІЗ КОНКУРС НƏТИЖЕЛЕРІМЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ:

- Веб-порталда мемлекеттік сатып алу қорытындылалары хаттамасы

жарияланғаннан жəне орналастырылғаннан кейін, сіз оны алған

кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит жəне қаржылық

бақылау жөніндегі уəкілетті органға шағым беруге құқылысыз.

- Шағым электрондық сандық қолдаңбаны пайдалана отырып мемле-

кеттік сатып алу веб-порталы арқылы берілуі мүмкін.

- Шағым келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады;

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

7

61

КЕҢЕС

КОЛОНИЯДА ӨЗ БИЗНЕСІҢДІ

ҚАЛАЙ АШУ КЕРЕК?

100 советов прокурора

62

Кəсіпкерлер өз өндірісін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің

аумағында ұйымдастыра жəне орналастыра алады (бизнес идеялар-

дың шамаланған тізбесі қоса берілген).

Ол үшін:

- мекеменің əкімшілігіне жүгіну;

- мекемедегі еңбек пен жұмысты ұйымдастыру шарттарымен танысу;

- «Еңбек» республикалық мемлекеттік кəсіпорны мекемесі мен «Еңбек-

Қарағанды», «Еңбек-Өскемен» филиалдарының, қызметкерлерімен

бірлесіп пайдаланылмайтын үй-жайды іріктеу (мəліметтер «Еңбек»

РМК филиалдары мен ІІМ ҚАЖ аумақтық бөлімшелерінде бар);

- «Өңіраралық мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті»

ММ-мен сенімгерлік басқару шартын жасасу;

- мекеме жəне РМК əкімшілігімен жазаларын өтеп жатқан адамдар

қатарынан жұмыс күшін беруге шарт жасасу;

- мекеме қызметкерлерімен бірлесіп объектіде жұмыс істеу үшін

қажетті мамандар іріктеп алу;

- əрбір жұмысшымен еңбекақы төлеу бойынша үшжақты еңбек шартын

жасасу (кəсіпкер – сотталушы) (сотталғандарға Еңбек кодексінде

көзделген құқықтар мен міндеттер таратылады).

КОЛОНИЯДА БИЗНЕС АШУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

-үй-жайлар жал төлемінсіз беріледі;

-өндіріске минималды қаражат салу;

-өткізілген коммуникациялардың болуы;

-шығарылатын өнімнің өзіндік бағасының төмендігі;

-өнім мен үй-жайды өтеусіз күзету.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

8

63

КЕҢЕС

СІЗ МЕМЛЕКЕТ КӨРСЕТЕТІН ҚОЛДАУ

ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

100 советов прокурора

64

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ МЫНАДАЙ:

- банктердің қаржылық лизингінің несилері/шарттары бойынша

сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

- банктердің несиелері бойынша ішінара кепілдік беру;

- мемлекеттік гранттар беру.

КƏСІПКЕРЛІКТІ БЕЙҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ МЫНАДАЙ:

- кəсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамсыздандыру;

- кəсіпкерлердің құзыреттілігін дамыту;

- кəсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

- іскери байланыстарды кеңейту (шетелде, осындай бейіндегі шетелдік

кəсіпорындарда тақырыптық бизнес-тағылымдама жəне шетелдік

серіктестермен іскери байланыстар орнату қарастырылады).

Мемлекеттік қолдау шаралары Кəсіпкерлік кодекстің 8-тарауында,

сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бизнесті қолдау

жəне дамыту бағдарламасында (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыз-

дағы №168 қаулысы) көзделген.

Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін жеке кəсіпкерлік субъе-

ктілері мен кəсіпкерлік бастама ұсынатын тұрғындарға толық консуль-

тация алу үшін, аймақтарда кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталықта-

ры құрылған («Даму» КҚҚ» АҚ аймақтық филиалдарының жанында

жəне/немесе облыстардың кəсіпкерлер палаталары жанында қызмет

етеді).

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

9

65

КЕҢЕС

КƏСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛҒАН

КЕЗДЕ МЕМОРГАНДАРДАН БАСҚА ТАҒЫ

ҚАЙДА ЖҮГІНУГЕ БОЛАДЫ?

Құқықтары мен заңды мүдделерін беру, қамтамасыз ету, қорғау жəне

өтініштерін қарауды қамтамасыз ету үшін кəсіпкерлер Бизнес-

омбудсменге жүгіне алады, ол өз қызметін «Атамекен» ұлттық

кəсіпкерлер палатасы жанында жүзеге асырады.

Келіп түскен əрбір өтінішті Бизнес-омбудсмен аппаратының қызмет-

керлері бақылауға қояды жəне өңдейді.

Бұл мəселе жайлы толық ақпаратпен palata.kz. мекенжайы бойынша

«Атамекен» ҰКП сайтында танысуға болады.

100 советов прокурора

66

Барлық қоңырау шалу тегін

кез келген қаласынан: 59-79-60

Қазақстанда: 8-800-080-80-10

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

67

КЕҢЕС

КƏСІПКЕРЛІКТІҢ ЗАҢНАМА

БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

100 советов прокурора

68

КƏСІПКЕРЛІКТІҢ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Кəсіпкерліктің əлеуметтік жауапкершілігі кəсіпкерлік субъектілерінің

əлеуметтік, экологиялық жəне басқа салаларды дамытуға ерікті түрде

үлес қосуы болып табылады.

Кəсіпкерлік субъектілері өз қызметінде жұмыспен қамту жəне еңбек

қатынастары, қоршаған ортаны қорғау аяларында жəне басқа да

аяларда кəсіпкерліктің əлеуметтік жауапкершілігін енгізе алады.

Кəсіпкерліктің əлеуметтік жауапкершілігін кəсіпкерлік субъектілері

қайырымдылық арқылы жəне Қазақстан Республикасының заңнама-

сында тыйым салынбаған өзге де нысандарда жүзеге асыруы мүмкін.

Кəсіпкерлік субъектілерін əлеуметтік жауапкершілік бойынша қызметті

жүзеге асыруға мəжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ.

Қайырымдылықты жүзеге асыру кезінде кəсіпкерлік субъектілерінің

істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына жол берілмейді.

КƏСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН

ЖАУАПТЫЛЫҚ

Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары коммерция-

лық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны жəне (немесе)

пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында

көзделген тəртіпте жауапты болады.

Осындай тарату жəне (немесе) пайдалану салдарынан кəсіпкерлік

субъектісіне келтірілген зиян, Қазақстан Республикасының азаматтық

заңнамасына сəйкес өтеуге жатады.

Заңды кəсіпкерлік қызметке тосқауыл болу Қазақстан Республикасы-

ның заңдарында белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады.

Кəсіпкерлік субъектісінің заңды кəсіпкерлік қызметіне тосқауыл болу

салдарынан келтірілген барлық шығындар, Қазақстан Республикасы-

ның азаматтық заңнамасына сəйкес өтеуге жатады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

100 советов прокурора

69

КЕҢЕС

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ

БОЙЫНША

70

Əрбір жұмыскерге нені білу қажет

Егер сізді жұмыста қысқартса

Қысқарту кезіндегі жұмыскерлердің құқықтары

Еңбек құқықтары бұзылған кезде не істеу керек

Жұмыс беруші қандай жағдайларда соттылық туралы

анықтама талап етуге құқылы

Сіз жеке еңбек дауы бойынша арызды қандай

мерзімде бере аласыз

Еңбек шартында не қамтылуы тиіс

Үй жұмыскерлерінің еңбегін реттеудің ерекшеліктері

Еңбектің вахталық əдісі дегеніміз не

Сізді қандай жағдайларда үстеме жұмыстарға

тартуға болады

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

1

71

КЕҢЕС

ƏРБІР ЖҰМЫСКЕРГЕ

НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ

100 советов прокурора

72

Ол болмаған кезде, Сіз уақытылы еңбекақы алу, демалысқа шығу,

зейнетақы жəне əлеуметтік төлемдер алу құқығы кепілдігінен айыры-

ласыз.

Өз еңбек міндеттеріңізді қатаң еңбек шарты шеңберінде орындаңыз

Еңбек шартында жазылған шарттарды орындамағаны үшін жұмыскер

тəртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс,

жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығару).

Жұмыс берушіге зиян келтіруге əкеп соққан еңбек шарты талаптарын

бұзушылықтар жұмыскерді материалдық жауаптылыққа тарту үшін

негіз болып табылады (зиянды өтеу).

Еңбекақы айына бір реттен сирек емес тəртіпте, келер айдың бірінші

онкүндігінен кешіктірмей ақшалай нысанда төленеді.

Демалыс жəне мереке күндердегі жұмыс ақысы жұмыскердің күндізгі

(сағаттық) мөлшерлемесіне қарай бір жарымнан төмен емес мөлшерде

жүргізіледі.

Түнгі уақыттағы жұмыстың əрбір сағатына жұмыскердің күндізгі

(сағаттық) мөлшерлемесіне қарай бір жарымнан төмен емес мөлшерде

төлем жүргізіледі.

Жалақыны уақытпен есептеп төлеу кезінде үстеме уақыт жұмысқа

жұмыскердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесіне қарай бір жарымнан

төмен емес мөлшерде төлем жүргізіледі.

Жұмыс уақытының номиналдық ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы

тиіс.

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде ол

кемінде бір ай уақыт бұрын жұмыскерді жазбаша хабардар етуге

міндетті.

Жұмыскердің уақытша еңбекке қабілетсіздігі жəне демалыста болуы

кезеңінде жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол

берілмейді.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

2

73

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗДІ ЖҰМЫСТА ҚЫСҚАРТСА

100 советов прокурора

74

ЖҰМЫС БЕРУШІ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ҚЫСҚАРТУ КЕЗІНДЕ МІНДЕТТІ:

- кемінде бір ай уақыт бұрын еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді

жазбаша хабардар етуге;

- айына орташа еңбекақы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізуге;

- жұмыспен қамту орталығына лауазымдар мен кəсіптерді, мамандық-

тарды, біліктілікті жəне еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, алда

болатын жұмыскерлердің босатылуы туралы ақпарат беруге.

Жұмыс беруші жүкті əйелдерді, үш жасқа дейінгі балалары бар əйелдерді,

он төрт жасқа дейнгі бала (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек бала) тəрбиелеп

отырған жалғызбасты аналарды, аталған санаттағы балаларды анала-

рынсыз тəрбиелеп отырған басқа да адамдарды қысқартуға құқығы жоқ.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

3

75

КЕҢЕС

ҚЫСҚАРТУ КЕЗІНДЕГІ

ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

100 советов прокурора

76

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ЖҰМЫСКЕРЛЕР ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

ОРТАЛЫҚТАРЫНАН МЫНАЛАРДЫ ТЕГІН АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ:

- лайықты жұмыс іздеу жəне жұмысқа орналасуға көмектесу жөніндегі

қызметтер, оның ішінде жұмысқа орналасуға белсенді көмек алуға;

- Қызмет (кəсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында консультаци-

ялар, кəсіби əлеуметтік бағдарлама ақпараттарын алуға;

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарлама-

сында көзделген жұмысқа орналастыру жəне жұмыспен қамту

мүмкіндіктерін пайдалануға.

Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне

əлеуметтік даму министрлігінің сайтында.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

4

77

КЕҢЕС

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛҒАН

КЕЗДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

100 советов прокурора

Call - центр: 115

78

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛҒАН КЕЗДЕ:

- аумақтық еңбек инспекцияларына;

- сот органдарына;

- прокуратура органдарына жүгіну қажет.

ӨТІНІШТІ:

- қағаз тасымалдауышта мемлекеттік органға тікелей;

- ЭЦҚ-ның көмегімен электрондық үкімет порталы арқылы;

- мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блогына жолдауға

болады.

Өтінішті қабылдау жəне қарау тəртібі бұзылған жағдайда, сіз 115

нөмірімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Саll-

орталығына жүгіне аласыз.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

5

79

КЕҢЕС

ЖҰМЫС БЕРУШІ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА

СОТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА ТАЛАП

ЕТУГЕ ҚҰҚЫЛЫ

100 советов прокурора

80

Егер сіз:

- білім беру;

- тəрбиелеу жəне оқыту;

- демалысты ұйымдастыру жəне сауықтыру;

- дене шынықтыру жəне спорт;

- медициналық қамсыздандыру;

- əлеуметтік қызметтер көрсету;

- кəмелетке толмағандардың қатысуымен мəдениет жəне өнер саласын-

да жұмысқа орналассаңыз.

Қалған жағдайларда жұмыс беруші соттылық туралы анықтама талап

етуге құқылы емес.

Жұмыс беруші Сізді соттылық туралы анықтамада көрсетілген ақпарат

негізінде жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Сіз заңнама

бұзушылықты жою бойынша шаралар қабылдау үшін сотқа немесе

прокуратура органдарына жүгінуге құқылысыз (ұйымның басшысы туралы

деректерді, заңды мекенжайын, байланыс телефондарын көрсете отырып).

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

6

81

КЕҢЕС

СІЗ ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЫ БОЙЫНША

АРЫЗДЫ ҚАНДАЙ МЕРЗІМДЕ

БЕРЕ АЛАСЫЗ

100 советов прокурора

Жеке еңбек дауларын татуластыру комиссиялары қарайды.

Татуластыру комиссиялары – бұл жұмыс берушілерден бастап жұмыс-

керлерге дейінгі өкілдердің тең санынан құралған паритеттік негіздер-

де ұйымдарда, олардың филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын,

тұрақты əрекет ететін комиссиялар.

Жеке еңбек дауларын соттар 2 жағдайда қарайды:

- реттелмеген мəселелер бойынша;

- татуластыру комиссиясының шешімдері орындалмаған кезде (шағын

кəсіпкерлік субъектілері мен заңды тұлға атқарушы органының

басшыларын қоспағанда).

Жеке еңбек шарттарын қарау үшін арнайы мерзімдер белгіленген,

оларды асырған жағдайда өтініштер қараусыз қалдырылуы мүмкін.

Осылайша, жұмысқа қайта орналастыру туралы дауларды қарау үшін,

мынадай мерзімдер белгіленген:

- татуластыру комиссиясында – жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу

туралы актісінің көшірмесі берілген күннен бастап бір ай;

- сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша жүгінген кезде

немесе еңбек шартының тарапы оның шешімін орындамаған кезде

татуластыру комиссиясы шешімінің көшірмесі берілген күннен бастап

екі ай.

Басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз

құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен

бастап бір жыл.

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі өтінініштің мерзімі 2 жағдайда

тоқтатыла тұрады:

- қаралып отырған еңбек дауы бойынша медиация туралы шарт

күшінде болған кезеңде;

- татуластыру комиссиясы болмаған жағдайда ол құрылғанға дейін.

82

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

7

83

КЕҢЕС

ЕҢБЕК ШАРТЫНДА НЕ ҚАМТЫЛУЫ ТИІС

100 советов прокурора

ЕҢБЕК ШАРТЫНДА МЫНАЛАР ҚАМТЫЛУЫ ТИІС:

тараптардың деректемелері:

- жұмыс беруші – жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке

басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты тұратын

жерінің мекенжайы жəне тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы

мəліметтер, жеке басты куəландыратын құжаттың атауы, нөмірі, жəне

берілген күні;

- жеке сəйкестендіру нөмірі (бизнес-сəйкестендіру нөмірі);

- жұмыс берушінің – заңды тұлғаның атауы жəне оның орналасқан жері,

жұмыс беруші – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні,

бизнес-сəйкестендіру нөмірі;

- жұмыскердің тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыра-

тын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты тұратын жерінің мекенжа-

йы жəне тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мəліметтер, жеке

басты куəландыратын құжаттың атауы, нөмірі, жəне берілген күні;

- белгілі бір мамандық, кəсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша

жұмыстың атауы (еңбек функциясы);

- жұмыс орындалатын жер;

- еңбек шартының мерзімі;

- жұмыстың басталу күні;

- жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;

- еңбекақы мөлшері мен оны төлеудің өзгедей шарттары;

- еңбек жағдайларының сипаттамасы, егер жұмыс ауыр жұмыстар

санатына жатса жəне (немесе) зиянды жəне (немесе) қауіпті жағдай-

ларда орындалса, кепілдіктер мен жеңілдіктер;

- жұмысшының құқықтары мен міндеттері;

- жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

- еңбек шартын өзгерту мен тоқтатудың тəртібі;

- тараптардың жауапкершілігі;

- шарт жасасу күні мен реттік нөмірі.

Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республика-

сының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.

84

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

Мүгедекпен жасалатын еңбек шартында олардың жеке

мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыс орындарын жабдықтау

жөніндегі талаптар қамтылуы тиіс.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

8

85

КЕҢЕС

ҮЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН

РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

100 советов прокурора

Үй шаруашылығында жұмыстар орындайтын (қызметтер көрсететін)

жұмыскерлер үй жұмыскерлері болып танылады

Үй жұмыскерлерін жұмысқа қабылдау немесе еңбек қатынастарын

тоқтату туралы акті шығару жəне оның жұмысы туралы мəліметтерді

жұмыс беруші еңбек кітапшасына енгізбейді.

Жұмыс берушінің шығарылатын актілері:

- бұйрықтар;

- өкімдер;

- нұсқаулықтар;

- қағидалар;

- ережелер;

- ауысым кестелері;

- вахта кестелері;

- жұмыс берушінің демалыс кестелерін жасауы.

Үй жұмыскерлерімен еңбек шартын тоқтату (бұзу) туралы жазбаша

ескертулердің мерзімдері, сондай-ақ жұмыстан айырылумен

байланысты өтемақы төлемінің жағдайлары мен мөлшерлері еңбек

шартында белгіленеді.

Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша

келісім, бұған сəйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функция-

сын) жеке өзі орындауға, еңбек тəртіптемесін сақтауға міндеттенеді,

ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша

жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңда-

рында жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-

құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актіле-

рінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге

уақтылы жəне толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Үй қызметтерін орындайтын жұмыскерлермен еңбек қатынастары

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 136-бабымен регламент-

теледі.

Жұмыскердің, оның ішінде үй жұмыскерлерінің құқығы Қазақстан

Р е с п у б л и к а с ы Е ң б е к к о д е к с і н і ң 2 2 - б а б ы н д а к ө з д е л г е н .

86

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

9

87

КЕҢЕС

ЕҢБЕКТІҢ ВАХТАЛЫҚ ƏДІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ

100 советов прокурора

88

Вахталық əдіс жұмыскерлер күн сайын тұрғылықты жерлеріне қайтуын

қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде, олардың тұрақты тұратын

жерінен тыс жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше түрі болып

табылады.

Жұмыс беруші вахталық əдіспен жұмыс істейтін жұмысшыларды,

жұмыс өндірісі объектісінде болған кезеңде тіршілік əрекетін қамтама-

сыз ету үшін тұрғын үймен қамтамасыз етуге жəне олардың тамақтану-

ын ұйымдастыруға, жұмыс орнына дейін жəне кері жеткізуді қамтама-

сыз етуге, сондай-ақ жұмыстарды орындау жəне ауысымаралық

демалу үшін жағдайлар жасауға міндетті.

Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, он екі жəне одан да артық апта

жүктілік мерзіміндегі жүкті əйелдер, медициналық қорытынды берілген

күннен бастап бірінші топтағы мүгедектер вахталық əдіспен орындала-

тын жұмыстарға жіберілмейді.

Объектіде жұмыстарды орындау уақыты жəне ауысымаралық демалыс

уақыты кіретін кезең вахта болып саналады. Вахтаның ұзақтығы он бес

күнтізбелік күннен артық болмайды.

Жұмыскердің жазбаша келісімімен вахтаның ұзақтығы ұжымдық, еңбек

шарттарына сəйкес отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Жұмыстың вахталық əдісі кезінде тоқсандағы немесе одан да ұзақ

басқадай кезеңдегі жұмыс уақытының жинақталған есебі белгіленеді,

бірақ бұл бір күнтізбелік жылдан артық болмайды.

Есептік кезең шектеріндегі жұмыс уақыты мен демалыс уақыты

вахтадағы жұмыс кестесімен (вахталар кестесімен) бекітіледі.

Есептік кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс берушінің

орналасқан жерінен немесе жиналатын орыннан бастап жұмысқа

дейінгі жəне кері қатынау уақыты, сондай-ақ уақыттың осы күнтізбелік

бөлігіне келетін өзге де кезеңдерді қамтиды.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

89

КЕҢЕС

СІЗДІ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА

ҮСТЕМЕ ЖҰМЫСТАРҒА

ТАРТУҒА БОЛАДЫ

100 советов прокурора

Үстеме жұмыстарға тартуға тек жұмысшының жазбаша келісімі

бойынша ғана жол беріледі.

ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙЛАР ҮШІН ЖАЗБАША КЕЛІСІМ ТАЛАП

ЕТІЛМЕЙДІ:

- елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей

зілзаланы немесе өндірістік апатты болдырмау не олардың зардапта-

рын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;

- сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтау-

дың, энергиямен жабдықтаудың жəне тіршілікті қамтамасыз етудің

басқа да жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мəн-

жайларды жою үшін;

- егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей

қалғанда, басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана

отырып, жұмысты жалғастыру үшін;

- денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл

жəне кезек күттірмейтін жəрдем көрсету үшін.

ҮСТЕМЕ ЖҰМЫСҚА МЫНАДАЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕР ЖІБЕРІЛМЕЙДІ:

1) жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті

əйелдер;

2) он сегіз жасқа толмағандар;

3) мүгедектер.

90

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

20

91

100 советов прокурора

КЕҢЕС

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН

ҚАТЫНАСТА ҚАЖЕТ

92

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

19

Егер сізге қатысты əкімшілік құқық бұзушылық

туралы хаттама жасалса

Қылмыс туралы арызды қалай беру керек?

Қандай жағдайларда сізді құқық қорғау органына

жеткізе алады?

«Жеке тексеру мен жеке тінтуді» қай кезде жүргізе алады?

Егер сізге қарап-тексеру немесе тінту жүргізу үшін келсе

Қандай жағдайларда сізді 72 сағатқа ұстауы мүмкін?

Егер сізді қылмыс жасады деген күдік келтіру

бойынша ұстаса

Егер сізді күдікті адам деп таныса, мынаны білуіңіз қажет?

Қашан жəне қандай бұлтартпау шаралары

қолданылуы мүмкін?

Кепілді қандай жағдайларда қолдануға болады?

Егер сізді жауап алуға шақырса, нені білу қажет?

Кінəні мойындау туралы мəмілені қашан жасауға болады?

Істі сотқа жеткізбей қылмыстық-құқықтық дауды

қалай шешуге болады?

Қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде ұшыраған шығыстар

қандай жағдайларда өтеледі?

«Кінəсіздік презумпциясы» дегеніміз не?

Егер сіз азаптау құрбаны болсаңыз?

Жалған ақпарат таратудың салдары қандай?

Қылмыстық істер бойынша қандай жаза тағайындалуы мүмкін?

Егер адам жоғалса

Полиция қызметкерлері қай кезде күш қолдануға құқылы?

18

20

1

93

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ƏКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ

БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАТТАМА ЖАСАЛСА

Əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы уəкілетті лауазымды

тұлға жазбаша немесе электрондық нысанда жасайды (ҚР Əкімшілік

құқық бұзушылық туралы кодексінің(бұдан əрі – ҚР ƏҚБтК) 803-

бабы)жəне қатаң есептіліктегі құжат болып табылады. Оны ауыстыруға

немесе қайта басып шығаруға болмайды.

Хаттаманы мұқият оқып шығыңыз. Бұл көптеген түсініспеушіліктер мен

жайсыздықтардан құтылуға мүмкіндік береді. Хаттаманың жасаудың

күні мен уақытын дəл көрсетуді, сондай-ақ істің барлық мəн-жайларын

толық жазуды талап етіңіз.

СІЗ МЫНАЛАРҒА ҚҰҚЫЛЫСЫЗ:

- хаттамамен жəне істің басқа материалдарымен танысуға;

- түсініктер беруге, хаттаманың мазмұны мен оны ресімдеу бойынша

ескертулер жасауға;

- дəлелдемелер беруге, өтініш жəне қарсылық мəлімдеуге;

- қорғаушының заңдық көмегін пайдалануға;

- істі қарау кезінде ана тіліңізде сөз сөйлеуге немесе өзіңіз меңгерген

тілде сөйлеуге жəне іс жүргізіліп жатқан тілді меңгермесеңіз, аударма-

шының қызметтерін өтеусіз пайдалануға.

- іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына (жеткізу, ұстау,

əкелу, қарап-тексеру жəне т.б.), хаттама жасау жөніндегі əрекеттерге,

іс бойынша қаулыға шағым беруге;

- істегі құжаттардан үзінділер алуға жəне көшірмелер жасауға.

Егер сіз жасалған хаттамамен келіспесеңіз, қызметкердің іс-

əрекеттеріне жоғары тұрған органға, аудандық немесе əкімшілік сотқа

шағым беруге құқылысыз.

ШАҒЫМДАР ЖАЗБАША ЖƏНЕ АУЫЗША БОЛУЫ МҮМКІН.

Ауызша шағымдар лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында

айтылады немесе хаттамаға енгізіледі, оған сіз жəне лауазымды тұлға

қол қоясыздар.

Шағым сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіз бұзылған күннен

бастап 2 ай ішінде сіздің ана тіліңізде немесе сіз меңгерген тілде

беріледі.

Шағым келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады.

Егер сізге шағымды қанағаттандырудан бас тартса, сіз қаулының

көшірмесін алған күннен бастап 10 тəулік ішінде шағым беруге құқылы-

сыз:

- органның қаулысын – сотқа;

- соттың қаулысын – жоғары тұрған сотқа.

Бұл сот актісі түпкілікті болып табылады жəне шағым беруге жатпайды.

94

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

2

95

КЕҢЕС

ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ АРЫЗДЫ

ҚАЛАЙ БЕРУ КЕРЕК?

100 советов прокурора

96

Тікелей құқық қорғау органына жүгініп, белгіленген үлгідегі арызды

толтыру керек, қабылдаған адам оның қабылданғаны туралы сізге

хабарлама-талон беруге міндетті.

Егер сізге қатысты құқық бұзушылық жасалса, сіз полиция қызметкерін

шақырып, одан əрі жасалған қылмыс туралы тиісті арыз беру үшін ішкі

істер органдарының «102» арнайы нөміріне қоңырау шала аласыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика

жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің порталы арқылы

электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен хабарлай аласыз.

Электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан əрі – ЭЦҚ) – электрондық

цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған жəне электрондық

құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін жəне мазмұнының өзге-

рмейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы

(«Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы»

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңы).

ЭЦҚ-ның көмегімен электрондық үкімет порталы арқылы.

Өтінішті қарау жəне қабылдау тəртібі бұзылған жағдайда, сіз 115 нөмірі

арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Call-

орталығына немесе бұзушылыққа жол берген құқық қорғау органының

жоғары тұрған басшылығына жүгіне аласыз.

service.pravstat.kz

Call-центр: 115

«Қылмысты жазасыз қалдыру – оның сыбайла-

сына айналу»

Ақын, драматург

Проспер Жолио Кребийон

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

3

97

КЕҢЕС

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА СІЗДІ ҚҰҚЫҚ

ҚОРҒАУ ОРГАНЫНА ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ?

100 советов прокурора

98

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

Сізге күш қолдану немесе моральдық қысым көрсету шараларын

қолдануға, сізді немесе сіздің жақындарыңызды ұрып-соғуға,

қорқытуға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл заңмен жазаланады.

Біліңіз! Егер сіз əкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық

жасасаңыз немесе сізге оны жасады деген күдік келтірілсе ғана сізді

құқық қорғау органына жеткізе алады.

Жеткізу төмендегі жағдайларда жүзеге асырылады:

1. Əкімшілік материал бойынша келесі мақсаттарда:

- құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін,

- құқық бұзушының жеке басын анықтау үшін,

- əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін,

- қорғау нұсқамасын сол жерде шығаруға мүмкін болмаған жағдайда,

оны шығару үшін.

Жеткізу туралы хаттама жасалады немесе əкімшілік құқық бұзушылық

немесе əкімшілік ұстап алу туралы хаттамаға тиісті жазба енгізіледі (ҚР

ƏҚКо 786-бабы).

2. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында:

- қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығыңызды анықтау үшін.

Бұндай жағдайда жеткізу мерзімі үш сағаттан аспауы тиіс (ҚПК-нің

129-бабы).

Егер қылмыс жасауға қатыстылық расталса, тергеуші (анықтаушы)

сізді ұстауға құқылы (ҚПК-нің 131-бабы).

Күдік расталмаған жағдайда, сізді босатуға жəне жеткізу туралы

анықтама беруге міндетті. Бұл анықтама сізге қылмыстық қудалау

органының əрекеттеріне, шешімдеріне шағым беретін болсаңыз,

жеткізу фактісін растау үшін, сондай-ақ талап ету орнына көрсету үшін

керек болады.

Есіңізде болсын, егер сіз құқық бұзушылық жасамасаңыз жəне қылмыс-

тық қудалау органына заңсыз жеткізілдім деп санасаңыз, заңсыз іс-

əрекеттерге шағым беруге толық құқығыңыз бар.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

4

99

КЕҢЕС

«ЖЕКЕ ТЕКСЕРУ МЕН ЖЕКЕ ТІНТУДІ»

ҚАЙ КЕЗДЕ ЖҮРГІЗЕ АЛАДЫ?

100 советов прокурора

100

ƏКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАЛҒАН КЕЗДЕ ПОЛИЦИЯ

ҚЫЗМЕТКЕРІ 2 КУƏГЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СІЗДІҢ ЗАТТАРЫҢЫЗДЫ

ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ТЕКСЕРУДІ ЖҮРГІЗЕ АЛАДЫ (ƏҚКО-

НЫҢ 791-БАБЫ).

ЖЕКЕ ТЕКСЕРУ – бұл құқық бұзушылықтарды анықтау жəне алдын алу,

құжаттарды, заттарды жəне əкімшілік құқық бұзушылық жасаудың

құралы не заты болып табылатын басқа да заттарды анықтау жəне алу

үшін адамның денесін жəне оның киімдерін мəжбүрлеп тексеру.

ЗАТТАРДЫ ТЕКСЕРУ – бұл олардың құрылымдық бүтіндігін бұзусыз

жеке тұлғада бар заттарды тексеру.

Егер сізде қару немесе қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығына

зиян келтіруі мүмкін өзге заттар бар деген күдік келтірілсе, жеке

тексеру, заттарды тексеру прокурорды 24 сағат ішінде хабарлай

отырып, куəларсыз жүргізілуі мүмкін.

Қылмыстық іс бойынша куəгерлердің қатысуымен тінту, жеке тінту

жүргізілуі мүмкін (ҚПК-ның 252, 255-баптары).

Тінту іс үшін маңызы бар заттар немесе құжаттарды анықтау жəне алу,

оның ішінде тиым салуға жататын мүлікті анықтау мақсатында

жүргізіледі. Сондай-ақ, тінту іздестірілетін адамды жəне адамның

мəйітін анықтау үшін жүргізілуі мүмкін.

Жеке тінту тінтілетін адамның денесіндегі немесе денесінің ішіндегі,

оның киіміндегі жəне заттарындағы заттар мен құжаттарды табу жəне

алып қою мақсатында жүргізіледі.Жеке тінтуді тінтілетін адаммен бір

жыныстағы адам ғана жасай алатындығын жəне сол жыныстағы

куəгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргізілетіндігін білу қажет.

Тінту, жеке тінту тергеу судьясының санкция беруі арқылы жүргізіледі:

Тінту жүргізуді бастағанға дейін сізге қаулыны көрсетуге міндетті.

Сондай-ақ, сізге іс үшін маңызы бар болуы мүмкін алуға жататын заттар

мен құжаттарды өз еркімен беру ұсынылуы тиіс.

Тінту кезінде, егер иесі оларды өз еркімен ашудан бас тартса, жабық

тұрған үй-жайлар мен қоймалар ашылуы мүмкін.

Мыналар тергеу судьясының санкция беруінсіз жүргізілуі мүмкін:

-тінту, егер іздестірілетін жəне (немесе) алуға жататын объекті оны

анықтағаннан кейін кешеуілдеуге байланысты жоғалуы, бұзылуы

немесе қылмыстық мақсаттарда пайдаланылуы не іздестірілетін адам

жасырынуы мүмкін деген нақты қауіп-қатер бар болғанда;

-жеке тінту, егер қылмыстық іс үшін маңызы бар құжаттарды немесе

заттарды үй-жайды тінту кезінде сіз өзіңіз ұстап жасырып отыр деген

қауіп бар болса;

жеке тінту, сізді ұстап, уақытша ұстау изоляторына немесе тергеу

изоляторына орналастырған кезде.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

5

101

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗГЕ ҚАРАП-ТЕКСЕРУ НЕМЕСЕ

ТІНТУ ЖҮРГІЗУ ҮШІН КЕЛСЕ

100 советов прокурора

102

Егер құқық қорғау органдарының қызметкерлері сіздің тұрғын үйіңізге

қарап-тексеру немесе тінту жүргізуге ниеттенсе, өз құқықтарыңызды

білуіңіз қажет. Бұл құқықтарыңыз бұзылған жағдайда сотқа немесе

прокуратураға жүгіну үшін керек.

Конституция бойынша тұрғын үйге қол сұғылмайды. Бірақ мынадай бір

ескерту бар – тексеру жəне тінту жүргізу үшін тұрғын үйге кіруге жол

беріледі, бірақ қызметкерлер сіздің тұрғын үйіңізге кіру жəне тексеру

немесе тінту жүргізу үшін, оларда тергеу судьясының тиісті санкциясы

болуы тиіс.

Мынаны білуіңіз керек - бұл əрекеттер тергеп-тексерілетін қылмыстық

іс шеңберінде ғана жүргізілуі мүмкін. Сондықтан, бірінші кезекте тергеу

судьясын санкция берген қарап-тексеру, тінту жүргізу қаулысын

міндетті түрде сұраңыз.

Сондай-ақ, заңда соттың рұқсатынсыз тұрғын үйді қарап-тексеру

немесе тінту жүргізілуі мүмкін ерекше жағдайлар қарастырылған (№4

кеңесті қараңыз), соның ішінде егер де тұрғын жай оқиға орны болса.

Егер судьяның санкциясы болмаса жəне қызметкер ерекше жағдайлар-

ға сілтеме жасаса, қаулымен мұқият оқып танысыңыз. Бұл қаулыда

тергеу судьясының санкциясынсыз аталған тергеу əрекеттерін

жүргізудің негізі көрсетілуі тиіс. Бұл ретте, одан кейін материалдар

міндетті тəртіпте бір тəулік мерзімінде прокурорға жолданады.

Прокурор, оларды дереу тексереді жəне заңдылықты тексеру үшін

тергеу судьясына жібереді.

Егер прокурор қарап-тексеру немесе тінту заң бұзушылықтармен

жүргізілгенін анықтаса, материалдар тергеу судьясына жіберілмейді

жəне оның заңсыздығы туралы дəлелді қаулы шығарылады.

Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің немесе тінтудің заңдылы-

ғын тексереді жəне оның заңдылығы немесе заңсыздығы туралы қаулы

шығарады, ол қылмыстық істің материалдарына қоса тіркеледі.

Біліңіз! Егер жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығы туралы шешім

қабылданса, оның нəтижелерін іс бойынша дəлелдемелер ретінде

жіберілмейді.

Есте сақтаңыз, тұрғын жайды қарап-тексеру немесе тінту кезінде онда

тұратын кəмелетке толған адам (бұл мүмкін болмаған жағдайда

жергілікті атқарушы органның өкілдері), ғимарат пен ұйымның

аумағында олардың əкімшіліктерінің өкілдері қатысуы керек.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

6

103

КЕҢЕС

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА СІЗДІ

72 САҒАТҚА ҰСТАУЫ МҮМКІН?

100 советов прокурора

104

Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабына сəйкес, əркім

өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

Соттың санкциясынсыз ұстау жетпіс екі сағаттан аспайды.

Қылмыстық-процестік кодексте (128-бап) ұстау тек мынадай бес

жағдайда ғана көзделген:

1. егер сіз қылмыс жасау кезінде немесе оны жасағаннан кейін тікелей

ұсталсаңыз;

2. көрген адамдар (куəлар), оның ішінде жəбірленушілер қылмыс

жасаған адам ретінде сізді тура көрсеткенде не қылмыс жасау кезінде

немесе оны жасағаннан кейін тікелей ұстағанда;

3. егер сіздің киімдеріңізде немесе сіздің өзіңізде, сондай-ақ сіздің

тұрғын үйіңізде қылмыстың айқын іздері табылса;

4. егер жедел-іздестіру қызметінің жəне (немесе) жасырын тергеу

əрекеттерінің материалдарында сіз жасаған немесе жасайтын қылмыс

туралы сізге қатысты анық деректер бар болса;

5. сізді қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтіруге негіз

болатын өзге де деректер бар болғанда, егер сіз жасырынуға əрекет

жасағанда не тұрақты тұрғылықты жеріңіз болмаса немесе күдікті

ретінде сіздің жеке басыңыз анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау

түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберілген

жағдайда, сіз ұсталуыңыз мүмкін.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

Кез келген өзге азаматтың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған

адамды ұстап алуға жəне оны қылмыстық қудалау органына

немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру не жеткізу үшін

оның жүріп-тұру еркіндігін шектеуге құқығы бар(ҚПК 130-бабы).

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

7

105

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗДІ ҚЫЛМЫС ЖАСАДЫ ДЕГЕН

КҮДІК КЕЛТІРУ БОЙЫНША ҰСТАСА

8

107

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗДІ КҮДІКТІ АДАМ ДЕП ТАНЫСА,

МЫНАНЫ БІЛУІҢІЗ ҚАЖЕТ

100 советов прокурора

Қылмыстық істі тергеу барысында сізді күдікті деп таныған жағдайда

сізге мыналарды білу қажет:

МЫНА 4 ЖАҒДАЙДА АДАМ КҮДІКТІ ДЕП ТАНЫЛАДЫ:

-күдікті ретінде тану туралы қаулы шығару кезінде;

-қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстау кезінде;

- іс-əрекеттерін саралау туралы қаулы шығару кезінде (адамға қатысты

қылмыс жасады деген күдікті растайтын жеткілікті дəлелдемелер бар

болған кезде),

-күдікті ретінде жауап алу кезінде.

Сізді ұстаған жағдайда ұстау хаттамасын жасаған кезден бастап 24

сағат ішінде сізден жауап алуы тиіс.

Бірінші жауап алғанға дейін тергеуші (анықтаушы) сіз таңдаған

қорғаушымен немесе органның өзі тағайындаған тегін қорғаушымен

оңаша жəне құпия сіздің кездесуіңізді қамтамасыз етуі тиіс.

Егер сіз келуден жалтарсаңыз, сізге қатысты алып келу, яғни

мəжбүрлеп жеткізу түріндегі шара қолданылуы мүмкін.

Сіздің жауаптарыңыз, оның ішінде осы жауаптардан кейін бас тарту

кезінде дəлелдемелер ретінде қолданылуы мүмкін.

БҰЛ РЕТТЕ, СІЗДІҢ МЫНАДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ БАР:

1. Сізге не үшін күдік келтірілгені туралы білу.

2. Қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушыңыз

қатысып отырған кезде ғана жауап беру.

3. Күдікті деп тану туралы, іс-əрекеттерін саралау туралы, бұлтартпау

шарасын таңдау туралы, істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін

алу.

4. Жауап беруден бас тарту.

5. Өз дəлелдемелерін беру жəне өтінішхат мəлімдеу.

6. Ана тілінде немесе өзі білетін тілде жауап беру.

7. Жүргізілетін тергеу əрекеттеріне қатысу, хаттамалармен танысу

жəне оларға ескертулер беру.

8. Жəбірленушімен татуласу.

9. Қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурорға процестік

келісім жасау туралы өтінішхат мəлімдеу.

10. Прокурорғанемесе сотқа тергеушінің, анықтаушының іс-

əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жəне шешімдеріне шағым беру.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

108

9

109

КЕҢЕС

ҚАШАН ЖƏНЕ ҚАНДАЙ БҰЛТАРТПАУ

ШАРАЛАРЫ ҚОЛДАНЫЛУЫ МҮМКІН?

100 советов прокурора

Күдіктіге, айыпталушыға екі жəне одан көп бұлтартпау шаралары бір

мезгілде қолданылмайды.

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы тиісті қаулы шығарылады.

Адамға қатысты бұлтартпау шарасы мынадай жағдайларда қолданыла-

ды:

-күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан

жасырынса;

-істі объективті тергеп-тексеруге немесе оны сотта талқылауда кедергі

келтірсе;

-қылмыстық іспен айналысуды жалғастырса;

-үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет деп есептеуге

негіздер болса.

ЗАҢМЕН ЖЕТІ БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫ КӨЗДЕЛГЕН:

- ешқайда кетпеу жəне тиісті мінез-құлық туралы қолхат;

- жеке кепiлгерлік;

- əскери қызметшiнi əскери бөлiм қолбасшылығының бақылауда

ұстауы;

- кəмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру;

- кепіл;

- үйқамақ;

- күзетпен ұстау.

Бұлтартпау шарасын жəне атап айтқанда қандай шараны қолдану

қажеттігі туралы мəселені шешу кезінде жасалған қылмыстың ауырлы-

ғы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жас шамасы, денсау-

лық жағдайы, отбасы жағдайы, қызмет түрі, мүліктік жағдайы, тұрғы-

лықты тұратын жерінің болуы жəне басқа мəн-жайлар ескерілуі тиіс.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

110

10

111

КЕҢЕС

КЕПІЛДІ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА

ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

100 советов прокурора

112

Егер сізге (туыстарыңызға, таныстарыңызға) қатысты қылмыстық іс

(аса ауыр қылмыстарды қоспағанда) тергеп-тексерілсе жəне бұлтар-

тпау шарасын таңдау туралы мəселе тұрса, тергеуші (анықтаушы),

прокурор, сот алдында кепіл таңдау туралы өтінішхат беруге болаты-

нын есте сақтаңыз.

КЕПIЛ – бұл тергеушінің (анықтаушының), прокурордың немесе соттың

шақыруы бойынша күдiктiнiң, айыпталушының келуi жөнiндегi

мiндеттерiн орындау мақсатында, сот депозитiне күдiктiнiң, айыпталу-

шының өзiнiң не басқа адамның ақша салуы.

СОНДАЙ-АҚ, КЕПІЛ РЕТІНДЕ:

- жылжымайтын мүліктен – жер учаскелері, сондай-ақ жермен тығыз

байланысты ғимараттар, құрылыстар жəне өзге де мүлік, яғни көшірге-

нде оның мақсатына тең емес зиян келтірілмеуі мүмкін емес объе-

ктілер;

- жылжымалы мүліктен – ақша, құндылықтар, көлік құралдары жəне

құжаттамалық эмиссиялық емес құнды қағаздар қабылдануы мүмкін.

Кепiлдiң құндылығын жəне ауыртпалықтың жоқ екендiгiн дəлелдеу

кепiлгерге жүктеледi.

Кепiл прокурордың санкциясымен не соттың, тергеу судьясының

қаулысы бойынша ғана қолданылады.

Кепiлдi қабылдау туралы хаттама жасалады, онда шақыру бойынша

келу туралы міндеттер түсiндiрiледі, ал кепiл берушiге келуден

жалтарған жағдайда, кепiл мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылатыны

туралы ескертiледі.

Егер күдікті, айыпталушы өздеріне жүктелген міндеттерді бұзбаса,

кепіл берушіге кепіл нысанасы дереу қайтарылады.

Кепiлдiң мөлшерi күдіктің ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке

басы, қылмыстық іс-əрекеттің сипаты, кепіл берушінің мүліктік

жағдайы ескеріле отырып айқындалады жəне:

- онша ауыр емес қылмыстар бойынша – 50 айлық есептік көрсеткіш

(бұдан əрі – АЕК);

- ауырлығы орташа абайсызда жасалған қылмыстар бойынша – 150

АЕК;

- ауырлығы орташа қасақана жасалған қылмыстар бойынша – 250 АЕК;

- ауыр қылмыстар бойынша – 500 АЕК мөлшерiнен кем бола алмайды.

Айрықша жағдайларда кепіл мөлшері төменгі мөлшерден аз мөлшерде

қолданылуы мүмкін.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

11

113

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗДІ ЖАУАП АЛУҒА ШАҚЫРСА,

НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?

100 советов прокурора

114

Куəні, жəбірленушіні, күдіктіні тергеуші (анықтаушы) шақыру қағазымен

жауап алуға шақырады.Өзіңізбен бірге жеке басты куəландыратын

құжатыңыз болғаны дұрыс (ҚПК 208-210 бабы).

Белгіленген мерзімде келу міндетті немесе тергеушіні (анықтаушыны)

келмеу себептері туралы алдын ала хабардар ету қажет.

Негізсіз себептермен келмеген жағдайда, сізді күштеп жеткізуі мүмкін не

сізге өзге де процестік мəжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Жауап алу, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда,

күндiзгi уақытта жүргiзiледi.

Жауап алу үзiлiссiз төрт сағаттан артық жүргiзiлмеуге тиiс. Жауап алуды

демалу мен ас iшуге арналған кемiнде бiр сағат үзiлiстен кейiн жалғасты-

руға жол беріледі. Жауап алудың бiр күн iшiндегi жалпы ұзақтығы сегiз

сағаттан аспауға тиiс.

Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, жауап алудың ұзақтығы

дəрiгердiң жазбаша қорытындысы негiзiнде белгiленедi.

Кəмелетке толмаған адамнан жауап алу тəуліктің күндізгі уақытында

жүргізіледі жəне үзіліссіз екі сағаттан артық, жалпы алғанда күніне төрт

сағаттан артық жүргiзiлмейді. Оның қажығаны анық болған жағдайда,

жауап алу осындай уақыт өткенге дейін де үзілуі мүмкін.

Жауап алу жауап алынатын адамға iстің өзiне белгiлi болған мəн-

жайларын айтуды ұсынудан басталады.

Еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн жауап алынып отырған адамға

айғақтарды нақтылауға жəне толықтыруға бағытталған сұрақтар

қойылуы мүмкiн. Жетелеушi сұрақтар қоюға тыйым салынады (ескерту:

жетелеуші сұрақтар – сөзбе сөз немесе мазмұны бойынша белгілі бір

жауапты айқын жасайтын немесе шындығында ол жоқ болса да белгілі

бір заттардың барлығын белгілейтін сұрақтар).

Тергеушінің (анықтаушының) шешімі бойынша, сондай-ақ күдіктінің,

айыпталушының, куəнің немесе жəбірленушінің өтінуі бойынша жауап

алу кезінде дыбыс- жəне бейнежазба қолданылуы мүмкін.

Жауап алудың барысы мен нəтижелерi хаттамада көрсетiледi.

Жауаптар бiрiншi жақтан жəне мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады.

Сұрақтар мен олардың жауаптары жауап алу кезiндегi ретi бойынша

жазылады.

Жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттама оқып шығу үшiн жауап ұсыныла-

ды не жарияланады. Хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгiзу талабы

мiндеттi түрде орындалуға жатады.

Жауаптармен танысу фактiсiн жəне олардың жазылуының дұрыстығы

əрбiр бетiне жəне хаттаманың соңында қол қою арқылы куəландырыла-

ды.

Жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдай-

да, тергеуші (анықтаушы) бас тарту себептерiн анықтайды, оларды

хаттамаға енгiзедi жəне хаттаманы өзiнің қолымен куəландырады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

12

115

КЕҢЕС

КІНƏНІ МОЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

МƏМІЛЕНІ ҚАШАН ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

100 советов прокурора

116

Егер Сіз онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс жасау

туралы іс бойынша күдікті, айыпталушы немесе сотталушы болып

табылсаңыз, өз кінəңізді мойындасаңыз жəне сізге тағылған айыпқадау

білдірмесеңіз – қылмыстық процесті жүргізетін органғасіздің кінəні

мойындау туралы мəміле нысанындағы процестік келісім жасасу

туралы өтінішхат мəлімдеуге құқығыңыз бар (ҚПК 613-бабы).

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ.

Қылмыстардың 4 санаты бар:

ОНША АУЫР ЕМЕС - жасағаны үшін ҚК-де көзделген ең жоғарғы жаза 2

жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана əрекеттер,

сондай-ақ жасағаны үшін ең жоғарғы жаза 5 жыл бас бостандығынан

айырудан аспайтын абайсызда жасалған əрекеттер;

АУЫРЛЫҒЫ ОРТАША - жасағаны үшін ҚК-де көзделген ең жоғарғы жаза

5 жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана əрекеттер,

сондай-ақ жасағаны үшін ең жоғарғы жаза 5 жыл бас бостандығынан

айыру түріндегі жаза қолданылатын абайсызда жасалған əрекеттер;

АУЫР - жасағаны үшін ең ҚК-де көзделген ең жоғарғы жаза 12 жыл бас

бостандығынан айырудан аспайтын қасақана əрекеттер.

АСА АУЫР -жасағаны үшін ҚК-де көзделген ең жоғарғы жаза 12 жыл бас

бостандығынан айыру, өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім

жазасы түріндегі жаза қолданылатын қасақана əрекеттер.

Өтінішхатты қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген уақытында

сот кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн мəлімдеуге болады.

Мұндай келісімді жасауға қажетті жағдайлар:

- процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдіру;

- сіз келтірілген күдікке, айыптауға жəне іс бойынша қылмысты

жасағанына қолда бар дəлелдемелерге, сіз келтірген зиянның сипаты

мен мөлшеріне дауласпау;

- процестік келісім жасасуға жəбірленуші келісу.

Кінəні мойындау туралы мəміле келесіге мүмкіндік береді:

- анықтау, тергеу жəне сот талқылауы мерзімін қысқартуға;

- жазалау мерзімін немесе мөлшерін қысқартуға (ең ауыр жаза түрінің

ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнің жартысынан аспауы керек);

- процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған адамды

қылмыстық жауаптылықтан босатуға.

Кінəні мойындау туралы мəміле жасау тəртібі:

- қылмыстық процесті жүргізетін орган өтінішхатты алып, негіздерді

ескере отырып, процестік келісім жасасу туралы мəселені шешу үшін

оны үш тəулік ішінде прокурорға жібереді.

- барлық тараптар келіскен кезде қисынды мерзімде процестік келісім

жасалады, ол жазбаша түрде жазылады жəне оған келісімге

қатысушылар – прокурор, күдікті, айыпталушы, оның қорғаушысы қол

қояды.

- іс келісімдік іс жүргізуде қарау үшін сотқа жіберіледі.

Сіз түпкілікті шешімді сот қабылдайтындығын білуіңіз керек.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

13

117

КЕҢЕС

ІСТІ СОТҚА ЖЕТКІЗБЕЙ

ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАУДЫ

ҚАЛАЙ ШЕШУГЕ БОЛАДЫ?

100 советов прокурора

118

Қылмыстық процесте дауларды балама шешуді іске асыру тəсілдерінің

бірі - тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату

болып табылады.

Татуласу рəсімдерінің қатысушылары ретінде күдікті немесе айыпталу-

шы, жəбірленуші, заңды өкілдері, адвокат, медиатор болуы мүмкін.

Татуласудың бастамашысы ретінде əрқашан қылмыстық қудалаудан

босауға ұмтылушы адам болады.

ТАТУЛАСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ШАРТТАР:

- адамның қылмыстық теріс қылықты немесе онша ауыр емес немесе

ауырлығы орташа қылмысты жасаушы адам болуы;

- жасалған қылмыстың адам өліміне əкеп соқпауы;

- қылмыс (қылмыстық теріс қылық) жасаған адамның жəбірленушімен

татуласуы;

- қылмыс жасаған адам жəбірленушіге келтірілген зиянның есесін

толтыруы.

СОНДАЙ-АҚ, ЕГЕР:

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық процестің кез

келген сатысында (қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысын қоса

алғанда) қылмыстық істі қысқарту негіздерінің жиынтығы бар болса,

ауыр қылмыс жасаған кəмелетке толмағандар, жүкті əйелдер, жас

балалары бар əйелдер, жас балаларды жалғыз өзі тəрбиелейтін

еркектер,адамның өліміне əкеп соғумен немесе денсаулығына ауыр

зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш жасаған елу

сегіз жастағы жəне одан асқан əйелдер, алпыс үш жастағы жəне одан

асқан еркектерқылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Осы тетікті жəбірленушінің немесе оның заңды өкілінің сотқа дейінгі

тергеп-тексеру органына, прокуратураға, сотқа өтініш беруі арқылы

іске қосуға болады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: татуласуға байланысты қылмыстық жауапты-

лықтан босату мынадай жағдайларда мүмкін емес:

- кəмелетке толмаған адамның 14 жастан 18 жасқа дейінгі жастағы

кəмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық тиіспеушілікке

қарсы қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, кəмелетке

толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар

жасаған адамдарға қатысты,

- бір адамның не екі жəне одан да көп адамдардың өліміне əкеп

соққан, абайсызда жасалған қылмыстар үшін,

- сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін,

- террористік, экстремистік қылмыс үшін,

- қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс үшін.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

14

119

КЕҢЕС

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ

ҰШЫРАҒАН ШЫҒЫСТАР ҚАНДАЙ

ЖАҒДАЙЛАРДА ӨТЕЛЕДІ?

100 советов прокурора

120

Қылмыстық процесті жүргiзетін органның шақыртуы бойынша келуге

байланысты шығыстары:

- темiржол, су, автомобиль (таксидi қоспағанда) көлiгiмен жəне сол

жерде бар басқа да көлiк түрлерiмен жол жүру құны, ал қылмыстық

процестi жүргізетін органның келiсімiмен – əуе көлiгiмен жол жүру

құны;

- қызметтiк iссапарларға ақы төлеу үшiн қабылданған нормалар

бойынша ұйым, жұмыс берушi осы шығыстарды өтемейтiн жағдайда,

тұрғын үй-жайды жалдау құны;

- қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша бұл

адамдардың тұрақты тұрғылықты жерiнен тысқары жерде тұруы қажет

болған кезде жəне тəулiктiк ақыны ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн

жағдайда – тəулiктiк ақы;

- орташа жалақысын ұйым, жұмыс берушi сақтайтыннан басқа жағдай-

ларда, қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша

қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшiн

орташа жалақы;

- қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша тергеу

iсiне немесе басқа да процестік əрекетке қатысуы салдарынан сапасын

жоғалтқан немесе жоғалған мүлiктi қалпына келтiруге немесе сатып

алуға арналған шығыстар бюджет қаражаты есебінен өтелуі мүмкін.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

15

121

КЕҢЕС

«КІНƏСІЗДІК ПРЕЗУМПЦИЯСЫ»

ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

100 советов прокурора

122

Қандай да бір қылмыс бойынша ашық жəне ресми күдік келтірілген,

тіпті осы күдікпен байланысты қамауға алынған кез келген адам,

қылмыс жасаудағы оның кінəлілігі заңды тəртіпте дəлелденбейінше

жəне осы дəлелдеу заңды күшіне енген тиісті сот шешімімен расталма-

йынша, кінəсіз болып есептеледі (ҚПК 19-бабы).

Кез келген азамат өз қалауы бойынша жауапты беру құқығын пайдала-

нуы немесе пайдаланбауы мүмкін, бірақ өзінің кінəсіздігін дəлелдеуге

міндетті емес.

Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінəсіне қатысты кез

келген күмəн, сондай-ақ қылмыстық жəне қылмыстық-процестік

заңдарды қолдану кезінде туындайтын күмəн олардың пайдасына

ұғынылады.

Егер қылмыс жасады деген күдік келтірілсе, онда осы күдіктерді

дəлелдеу ауыртпалығы, яғни сотқа күдікті кінəсіне дəлелдемелерді

іздеу, жинау жəне ұсыну бойынша міндеттер айыптау тарабына

жүктеледі.

«Бір кінəсізді айыптағаннан, он кінəліні ақтаған

артық»

Ресей патшайымы

Екатерина ІІ

КЕРIСIНШЕ ЕКЕНДIГI ДƏЛЕЛДЕНБЕЙIНШЕ,

АДАМ КІНƏСІЗ БОЛЫП САНАЛАДЫ!!!

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

16

123

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗ АЗАПТАУ

ҚҰРБАНЫ БОЛСАҢЫЗ

17

125

КЕҢЕС

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУДЫҢ

САЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

100 советов прокурора

126

АҚПАРАТ ТАРАТПАС БҰРЫН –

ОНЫҢ САЛДАРЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАНЫҢЫЗ!

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН –

10 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТҮРМЕГЕ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ!

«Ах! Ащы тілдің уыты тапаншадан да

қорқынышты»

Орыс жазушысы

А.С. Грибоедов

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде

əлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жəне басқа да қосымшаларда

қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туғызатын, азаматтарға, ұйымдар

мен мемлекетке зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату

жағдайлары жиілеп кетті

Бұл ретте, жасаған осындай əрекеті үшін қылмыстық жауаптылық

болатыны туралы əркім біле бермейді.

Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 10 жылға

дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық

көзделген (Қылмыстық кодекстің 274-бабы).

Өзіңіз көрінеу жалған ақпарат таратудан сақ болыңыз жəне туыстары-

ңыз бен жақындарыңызды көзделген қылмыстық жауаптылық туралы

ескертіңіз!

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жеткізгені үшін қолданыла-

тын жауаптылық туралы да естен шығаруға болмайды.

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама деп шындыққа жанаспай-

тын мəлімет ұғынылады.

Əйтеуір бір жерде бомба қойылған деп хабарлау түріндегі қалжыңның

өзін құқық қорғау органдары алты жылға дейін бас бостандығынан

айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс ретінде саралайтынын есте

сақтаңыз (Қылмыстық кодекстің 273-бабы).

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

18

127

КЕҢЕС

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҚАНДАЙ

ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЛУЫ МҮМКІН?

100 советов прокурора

128

БІЛУ ҚАЖЕТ! ЖАЗА:

-қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың үкімі бойынша ғана

тағайындалады;

-тəн азабын келтірмеуі немесе адамның ар-намысын қорламауы тиіс;

-əлеуметтік əділдікті қалпына келтіру;

-сотталған адамды түзеу;

-құқық бұзушылық жасаудың алдын алу мақсатында қолданылады.

ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ:

Айыппұл – мөлшерін сот белгілейтін ақшалай өндіру (теріс қылық үшін -

25-тен 500-ге дейін АЕК, қылмыс үшін – 500-ден 10 мыңға дейін АЕК, ал пара

алушылық кезінде пара сомасының 10-нан 80-ге дейін еселенген мөлше-

рде).

Түзеу жұмыстары – жалақыдан айыппұлды шегере отырып, жұмыс орны

бойынша еңбекке тарту (ай сайын жалақының 20-дан 40-қа дейін пайызы).

Қоғамдық жұмыстарға тарту – тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды

орындау (60-тан 300-ге дейін сағатқа, бірақ аптасына 40 сағаттан аспайтын

мерзімге)

Бас бостандығын шектеу – қоғамнан оқшаулаусыз тұрғылықты жері

бойынша пробациялық бақылау белгілеу (1 жылдан 7 жылға дейін

мерзімге).

Қамауға алу – қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау (30-дан 90

тəулікке дейін мерзімге). 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа

енгізілетін болады.

Бас бостандығынан айыру – қоныс-колонияларында, түзеу колонияларында

(жалпы, қатаң, айрықша режимдегі), кəмелетке толмағандарға арналған

тəрбиелеу колонияларында (жалпы жəне күшейтілген режимдегі) немесе

түрмеде қоғамнан оқшаулау (6 айдан 15 жылға дейін, аса ауыр қылмыс үшін

– 20 жылға дейін немесе өмір бойғы мерзімге);

Өлім жазасы – адамдардың өлімімен ұштасқан терроризм жəне əскери

кезеңдегі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін (17.12.03 ж. бастап мораторий

енгізілуіне байланысты, өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырыла-

ды).

ҚОСЫМША ТҮРЛЕРІ:

Мүлікті тəркілеу – қылмыстық жолмен табылған, қылмыс құралымен

алынған, сондай-ақ құқық бұзушылықтың қаруы немесе құралы болып

табылатын мүлікті мəжбүрлеп алу.

Атағынан, сыныптық шенінен, дəрежесінен, сыныбынан жəне наградалары-

нан айыру – кінəлі адамның жеке басын ескере отырып, қасақана құқық

бұзушылық жасағаны үшін қолданылады.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу

құқығынан айыру – мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару

органында лауазым атқаруға не белгілі бір кəсіппен немесе өзге қызметпен

айналысуға тиым салу (1 жылдан 10 жылға дейін мерзімге).

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды елден тысқары шығарып

жіберу – адамның келуіне тыйым сала отырып, оның кетуін қадағалау (5

жылға).

Бір кездері Конфуцийға мынадай сұрақ қойыған

екен: «Зұлымдыққа жақсылықпен жауап берген

дұрыс па?» Сонда ол былай депті: «Жақсылықпен

жақсылыққа жауап беру қажет. Ал зұлымдыққа

əділдікпен жауап берген жөн»

Философ Конфуций

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

19

129

КЕҢЕС

ЕГЕР АДАМ ЖОҒАЛСА

100 советов прокурора

130

УАЙЫМДАМАҢЫЗ, КӨПТЕГЕН ЖАҒДАЙЛАРДА ЖОҒАЛҒАН АДАМДАР

ТАБЫЛЫП ЖАТАДЫ!

Жоғалған адамды соңғы кездері көрген (ол туралы естіген), оның

жоспарлары, қозғалу бағдары жəне т.б. туралы білетін барлық

адамдардан (достары, əріптестері, көршілері, таныстары, туысқанда-

ры) сұрастыру (қоңырау шалып хабарласу) қажет.

Барлық алынған мəліметтерді хронологиялық тəртіпте жазу қажет.

Жоғалған адам соңғы кездері болған, не болуы мүмкін тұрғылықты

жердің, дүкендердің, банктердің жəне т.б. бейне бақылау камералары-

ның жазбаларын мүмкіндігінше қарап шығу.

Əлеуметтік желілер, БАҚ арқылы адамның жоғалғаны туралы

өтінішпен (фотосуретімен) жүгіну, үйлерде, көшелерде жəне т.б.

жерлерде хабарландырулар ілу.

Іздестіру, оның ішінде жергілікті жерлерді «сүзіп шығу» үшін барлық

таныстарды, туыстарды, еріктілерді тарту қажет.

Сонымен қатар полицияға жүгіну керек.

Кезекші жоғалған кезден жəне жоғалған жерінен бастап қанша уақыт

өткеніне қарамастан, өтінішті қабылдауға міндетті.

Өтініш Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде дереу

тіркеледі, содан кейін жоғалған адамның тұратын мекенжайы бойынша

жедел тергеу тобына жіберіледі.

Полиция жоғалған адамның тұрғын үйін жəне жеке заттарын тексереді,

одан əрі сəйкестендіру үшін оның саусақтарының іздерін алады, отбасы

мүшелерімен жəне көршілерімен əңгімелеседі.

Іздестіру ісі қозғалады, оның шеңберінде жоғалған адамды іздестіру

жүргізіледі

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

20

131

КЕҢЕС

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЙ

КЕЗДЕ КҮШ ҚОЛДАНУҒА ҚҰҚЫЛЫ?

100 советов прокурора

132

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

жеке тұлғаларға, қызметкерлерге қоғамдық тəртіпті қорғау, қоғамдық

қауіпсіздік қамтамасыз ету жəне қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдар

бойынша қызметтік немесе қоғамдық борышын орындайтын өзге де

тұлғаларға жасалған шабуылды тойтару;

тұтқындарды босату, жаппай тəртіпсіздіктің жəне қоғамдық тəртіпті

топтық бұзушылардың, сондай-ақ түзеу мекемелерінен жəне тергеу

изоляторларынан сотталғандар, күдіктілер жəне айыптаушылар қашу

жəне ұстау кезінде құқыққа қайшы əрекеттердің жолын кесу;

жеке тұлғаларға, ұйымдарға жəне мемлекеттік органдарға тиесілі

ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, көлік құралдарына, жер

учаскелеріне жасалған шабуылдарды тойтару, сол сияқты оларды

басып алудан босату үшін;

егер олар қызметкерлерге бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен не

олар қашып кетуі мүмкін немесе айналадағыларға немесе өзіне жəне

басқаларға зиян келтіруі мүмкін деп санауға жеткілікті негіздер болған

жағдайлар болса, құқық бұзушыларды, сондай-ақ əкімшілік қамауға

алуға жататын адамдарды, сотталғандарды, күдіктілерді жəне айыпта-

лушыларды ұстау;

оған жəне (немесе) оның денсаулығына немесе өміріне ауыр зиян

келтірудің нақты қауіп-қатері болған кезде қызметкер өзін немесе оның

отбасы мүшелерін қорғау мақсатында шабуылды тойтару;

аса қажет болған жағдайда қажетті қорғану;

құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын

анықтау, сондай-ақ егер хаттама жасау міндетті болып табылса,

əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау не əкімшілік құқық

бұзушылық анықталған жерде оларды жасау мүмкін емес кезінде құқық

бұзушыларды жеткізу үшін қол күшін, оның ішінде күрес тəсілін,

сондай-ақ арнайы құралдарды қолдануға құқылы.

Қалған жағдайларда полиция қызметкерінің күш қолдануы сіздің

құқықтарыңызды бұзу ретінде сараланатын болады!

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

Егер сіз күштік операциялар жүргізудің куəсі болсаңыз, өзіңізді

байсалды ұстауға, құқық қорғау органдарына кедергі жасамауға,

оқиға орнынан кетуге, балаларды алып кетуге, қызметкерлер

беретін барлық пəрмендерді орындауға тырысыңыз.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

100 советов прокурора

133

КЕҢЕС

ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ

ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕ

134

Егер сіздің жақын адамыңыз азғырып көндіру

тұзағына түсіп қалса

Терроризм актісінің жоспарлануын немесе

дайындалуын айғақтайтын белгілер

Егер сіз күдікті зат тауып алсаңыз

Оқу орнының аумағында терроризм актісінің болу

қаупі немесе терроризм актісі жасалған кезінде

Егер сізді кепілге алса не істеу керек

Ұшақты террористер басып алған кезде

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кезде не істеу керек

Террористік акт жасау қаупі кезінде адамдар көп

жиналатын жердегі тəртіп

Құқыққа қайшы контентті қалай өшіру қажет

Егер сізге діни мəселелер жөнінде ақыл-кеңестер

қажет болса

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

1

135

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗДІҢ ЖАҚЫН АДАМЫҢЫЗ

АЗҒЫРЫП КӨНДІРУ ТҰЗАҒЫНА

ТҮСІП ҚАЛСА

100 советов прокурора

136

Есіңізде болсын, жалдамалыларды азғырып көндіру деп белгілі бір

материалдық сыйақыға қарулы қақтығысқа немесе əскери қимылдарға

қатысу үшін адамдарды жалдау арқылы іріктеу түсініледі. Азғырып

көндіру оған кандидаттарды іздестіруден, содан соң террористік не

экстремистік іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында оларға кез келген

тəсілмен (көндіру, бопсалау, уəде байласу) психологиялық ықпал

етуден басталып, келісім жасаумен аяқталады.

АЗҒЫРЫП КӨНДІРУГЕ ҰШЫРАҒАН АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ:

-əдеттері өзгереді. Діни кітаптар мен дұға мəтіндерін оқуға көп уақыт

бөледі;

-мүдделері өзгереді. Оны отбасының тірліктері қызықтырмайды,

достарымен қарым-қатынаста салғырт бола бастайды, жұмысқа, оқуға

немқұрайлы қарайды;

-мінез-құлқы өзгереді, жүріс-тұрысы өзгереді. Күнделікті жəне əдеттегі

нəрселерге бейадекватты жəне агрессивті жауап қатады;

-көзқарастары өзгереді. Айналадағы адамдардың теологиялық

мəселелер бойыша пайымдары мен пікірлеріне эмоционалды жəне

агрессивті жауап қатады. Жалғыз ақиқат ретінде өзінің көзқарасын

таңуға тырысады;

-өмір салты өзгереді. Достарымен жəне жұмысындағы əріптестерімен

қарым-қатынасы шектелгеніне қарамастан, көптеген телефон қоңыра-

улары, хаттардың келуі пайда болады, аптасына кездесулердің

(сондай-ақ жиналыстар, семинарлар жəне т.б.) саны да көбейеді.

Жұмыспен байланысты емес ел ішіне жəне шетелге сапарлармен

шығуы мүмкін;

-ақша жұмсауы өзгереді. Ақша шығындары, күнделікті жұмсайтын ақша

мөлшері (балаларда) шамадан тыс көбейеді.

АТАЛҒАН БАРЛЫҚ АЛТЫ БЕЛГІНІҢ БОЛУЫ МІНДЕТТІ ЕМЕС ЕКЕНІН

АТАП ӨТЕМІЗ. ДЕГЕНМЕН, ОЛАРДЫҢ БІРЕУІН АНЫҚТАСАҢЫЗ, ОЙЛАНУ

ҚАЖЕТ-АҚ.

Егер сізде жақын адамыңыз азғырып көндіруге ұшырады деген қатты

күдік пайда болса, сіз бұл туралы:

-республикалық сенім телефоны – 114;

-Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «сенім телефоны» – 110 немесе

8 (7172) 24 02 90 арқылы хабарлай аласыз.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

2

137

КЕҢЕС

ТЕРРОРИЗМ АКТІСІНІҢ ЖОСПАРЛАНУЫН

НЕМЕСЕ ДАЙЫНДАЛУЫН

АЙҒАҚТАЙТЫН БЕЛГІЛЕР

100 советов прокурора

138

НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРДІ ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:

- сіз жұмыс істейтін ғимаратта немесе үйдің ауласында күдікті адамдар-

дың бірнеше мəрте көрінуі, олардың суретке жəне бейнежазбаға

түсіруі, сондай-ақ жазып алуы;

- аталған адамдардың құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен

кездесіп қалмауға əрекеттенуі жəне бейнабақылау камераларына

көзге түсіп қалудан жалтаруы (басын төмен түсіреді, бұрылып кетеді,

бетін бүркейді);

- техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдардың ғимараттар-

дың жертөлелері мен шатырларына кіруі;

- осы адамдардың əкімшілік жəне тұрғын үй ғимараттарының күзе-

тшілерімен жəне қызмет көрсетуші персоналдармен негізсіз байланыс-

қа түсуі (əңгімелесуі), оның ішінде олардың кезекшілік жəне жұмыс

кестесін, ғимараттың жоспарын, қызметкерлер кабинеттерінің

орналасуын анықтау мақсатында əңгімеге тартуы;

- бөгде адамдардың болмашы жұмысты орындату үшін қомақты

сыйақыға жұмыс жасауға дайын адамдарды іздестіруі (пакет, түйіншек,

сəлемдемелер беру).

Егер Сізде сіз үшін бейтаныс немесе күмəнді адамдардың əрекеттері

мен мінез-құлқында осы белгілер бар деген қатты күдік пайда болса,

онда Сіз бұл туралы:

- Ішкі істер министрлігі шұғыл қызметінің телефоны – 102;

- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «сенім телефоны» – 110 немесе

8 (7172) 24 02 90;

- республикалық сенім телефоны – 114 арқылы хабарлай аласыз.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

3

139

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗ КҮДІКТІ ЗАТ ТАУЫП АЛСАҢЫЗ

4

141

КЕҢЕС

ОҚУ ОРНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТЕРРОРИЗМ

АКТІСІНІҢ БОЛУ ҚАУПІ НЕМЕСЕ

ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ЖАСАЛҒАН КЕЗІНДЕ

100 советов прокурора

142

ТЕЛЕФОН ХАБАРЛАМАСЫ ТҮСКЕН КЕЗДЕ:

- болған оқиға туралы жақын маңда жүрген ересек адамға (оқытушыға,

директорға, полиция қызметкеріне) дереу хабарлау;

- қоңырау шалушымен əңгімелесу барысында оның жынысын, жасын,

сөйлеу ерекшелігін анықтауға тырысу, қоңырау шалынған орынның

дыбыстық фонына назар аудару;

- одан əрі келген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауы

бойынша əрекет ету қажет.

ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ЖАСАЛҒАН КЕЗДЕ:

- құқық қорғау жəне төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлер-

імен бірлесіп балалар мен оқу орнының қызметкерлерін қауіпсіз жерге

эвакуациялау;

- жедел-тергеу тобы келгенге дейін куəгерлердің болуын қамтамасыз

ету;

- балаларға сабыр сақтау, үй-жайдан педагогтардың нұсқауларына

сəйкес шығу;

- одан əрі келген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауы

бойынша əрекет ету қажет.

ШАБУЫЛ ЖАСАЛҒАН КЕЗДЕ:

- мекеме қызметкерлерін хабардар ету;

- балалар мен мекеме қызметкерлерін қауіпіз жерге жасыру бойынша

шаралар қабылдау;

- одан əрі келген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауы

бойынша əрекет ету қажет.

БАРЛЫҚ ОСЫНДАЙ ФАКТІЛЕР БОЙЫНША:

- Ішкі істер органы шұғыл қызметінің телефоны – 102;

- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «сенім телефоны» – 110 немесе

8 (7172) 24 02 90;

- республикалық сенім телефоны – 114 арқылы байланысқа шығу

қажет.

Тек қана дұрыс əрі сауатты əрекеттер Сіздің өміріңізді жəне

балалардың өмірін сақтауға көмектесетінін есте сақтаңыз.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

5

143

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗДІ КЕПІЛГЕ АЛСА

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

100 советов прокурора

144

ЕГЕР СІЗДІ КЕПІЛГЕ АЛСА МЫНАДАЙ ҚАҒИДАЛАРДЫ ҰСТАНУҒА КЕҢЕС

БЕРЕМІЗ:

- террористердің қару қолдануына түрткі болуы жəне адам шығында-

рына əкеп соғуы мүмкін əрекеттерге жол бермеңіз (оқыс қозғалу

немесе шуыл террористер тарапынан қатал соққыға əкеп соғуы

мүмкін);

- террористердің көзге байлауыш, ауыз кергіш, кісен немесе арқан

қолдануына дайын болыңыз;

- басыну, балағат жəне кемсіту əрекеттерін көтеріңіз, қылмыскерлердің

көзіне қарамаңыз (ашулы адам үшін бұл агрессия белгісі), қасарысқан

түр көрсетпеңіз;

- қарсылық танытуға тырыспаңыз, бандитті қарусыздандыруға немесе

шығар есікке не терезеге шығуға ұмтылып, қажетсіз батырлық

көрсетпеңіз;

- егер сізді кепілге алындыңыз деп үй-жайдан шығуға мəжбүр етсе,

қарсылық танытпаңыз;

- егер жаныңызда балалар болса, олар үшін қауіпсіз орын табыңыз,

оларды кездейсоқ оқтан жасыруға тырысыңыз, мүмкіндігінше олардың

жанынан алыстамаңыз;

- қажет болған кезде қылмыскерлердің талаптарын орындаңыз, оларға

қарсылық білдірмеңіз, айналадағылардың өмірі мен өз өміріңізге қауіп

төндірмеңіз, айғай-сүрең мен үрейге жол бермеуге тырысыңыз;

- медициналық көмек қажет болған жағдайда, бұл туралы бандиттердің

жүйкесіне тимей, сабырмен, қысқаша айтыңыз, рұқсат алмайынша

ештеңе істеуге əрекеттенбеңіз;

- «спартандық» өмір жағдайына дайын болыңыз (бейадекватты тағам

жəне тұру жағдайлары, бейадекватты дəретхана жағдайлары);

- денсаулығыңызда кінəрат бар болса, қажетті дəрі-дəрмектерді

өзіңізбен бірге алып шыққаныңызға көз жеткізіңіз, қарауылдарға

денсаулық жағдайыңыз туралы хабарлаңыз, қажет болған кезде

медициналық көмек көрсетуін немесе дəрі-дəрмек беруін сұраңыз;

- Сізде қандай да бір құжаттардың, телефон нөмірлерін жəне т.б. барын

түсіндіуге дайын болыңыз.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, СІЗДІҢ МАҚСАТЫҢЫЗ – ТІРІ ҚАЛУ

Мұқият болыңыз, қылмыскерлердің белгілерін, бет əлпетіндегі

ерекшеліктерін, киімін, аттарын, лақап аттарын, ықтимал тыртықтары

мен татуировкаларын, сөздеріндегі ерекшеліктері мен мінез-құлық

мəнерін жəне т.б. есте сақтауға тырысыңыз.

Есіңізде болсын, Сіздің кепілге алынғаныңыз туралы хабарлама алған

арнайы қызметтер іс-қимылға кіріседі жəне босату үшін бар күшін

салады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

6

145

КЕҢЕС

ҰШАҚТЫ ТЕРРОРИСТЕР

БАСЫП АЛҒАН КЕЗДЕ

100 советов прокурора

146

МАҢЫЗДЫ:

- ешқандай жағдайда үрейге бой алдырмаңыз, орныңыздан атып

тұрмаңыз, креслоңызда қалыңыз;

- террористермен салғыласпаңыз, олардың қару қолдануына түрткі

болмаңыз, арнайы дайындық болмаған кезде өз бетіңізше террорис-

терді зиянсыздандыруға тырыспаңыз, көршілеріңізді бұл əрекеттен

сақтандырыңыз;

- террористер сізге қолдануы мүмкін кемсіту мен балағат сөздеді

көтеріңіз;

- жолаушылармен террористердің кімдерге тиесілі екенін талқылама-

ңыз;

- өзіңізге назар аудартуы тиіс барлық нəрседен аулақ болыңыз;

- егер жолаушылар арасында жылаған балалар немесе ыңырсыған

аурулар болса, жақтырмаған түр көрсетпеңіз, сабырлы болыңыз. Кез

келген негативті эмоцияның тұтануы онсыз да ушыққан жағдайды

қатты шиеленістіріп жіберуі мүмкін;

- террористерге сенбеңіз. Олар кез келген нəрсені айтуы мүмкін, бірақ

тек өз мүдделерін ғана көздейді;

- өзіңізді лайықты ұстаңыз. Өзіңізді ғана емес, басқа жолаушыларды да

ойлаңыз;

- егер сіз экипаж мүшелерінің бірі ұшақтан шығып кеткенін көрсеңіз,

ешқандай жағдайда бұл фактіге басқа жолаушылардың назарын

аудармаңыз. Экипаждың əрекеттерін террористер байқап қалуы

мүмкін;

- мүмкіндігінше егер жанама белгілер бойынша олармен келіссөздер

нəтиже бермегенін ұғынсаңыз, ұшақты босату бойынша арнайы

операция басталатын кезге дайын болыңыз;

- егер құтқару операциясы жүргізілетін болса, террористер сізді ұстап

алмайтындай жəне тірі қалқан ретінде пайдаланбайтындай жағдайға

енуге тырысыңыз: төмен құлаңыз немесе креслоның арқалығына

жасырыныңыз, басыңыды қолыңызбен жабыңыз жəне сізге көтерілуге

рұқсат бермейінше сол жерде қалыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қауіпсіздік күштері қозғалған кез келген адамды

террорист деп ойлап қалуы мүмін.

- ұшақтан мүмкіндігінше жылдам шығыңыз. Жеке заттарыңызды іздеу

үшін бөгелмеңіз.

Тек қана дұрыс əрі сауатты əрекеттер сіздің өміріңізді жəне

айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтауға көмектесетінін есте

сақтаңыз.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

7

147

КЕҢЕС

ЭВАКУАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

АЛҒАН КЕЗДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

100 советов прокурора

148

Эвакуация туралы хабарлама тек жарылғыш құрылғы табылған

жағдайда жəне террористік актінің салдарларын жою кезінде ғана

емес, сондай-ақ өрт, апат кезінде де түсуі мүмкін.

Билік өкілдерінен немесе құқық қорғау органдарынан эвакуацияның

басталғаны туралы хабарлама алған соң, олардың нұсқауларын нақты

жəне дəл орындау арқылы сабырлылық сақтаңыз;

ЕГЕР СІЗ ПƏТЕРДЕ БОЛСАҢЫЗ, МЫНАДАЙ ƏРЕКЕТТЕРДІ ОРЫНДАҢЫЗ:

- жеке құжаттарыңызды, ақшаңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

- электр көзін, су мен газды ажыратыңыз;

- эвакуация кезінде қарттарға, ауыр науқас адамдарға, сондай-ақ

балаларға көмектесіңіз;

- кіреберіс есігіңізді міндетті түрде құлыптаңыз – бұл тонаушылардың

пəтеріңізге кіріп кетуінен қорғайды.

Айғай-сүреңге, үрейге жəне асығыстыққа жол бермеңіз. Үй-жайдан

ұйымдасқан түрде шығыңыз, қауіпсіз емес жерге – мүмкіндігінше

алысырақ кеткеніңіз дұрыс.

Тастап кеткен жеріңізге жауапты тұлғалар рұқсат еткеннен кейін ғана

оралыңыз.

Егер эвакуация туралы хабарлама оқу орнында, мектепке дейінгі

мекемеде (жұмыс орнында) болған кезіңізде келіп түссе:

- қажет заттарыңызды тезірек жинастырыңыз (құжаттарды, ақшаңыз

бен бағалы заттарыңызды сөмкеге салыңыз, киініңіз);

- бөгеліп қалған құрбыларыңызға (əріптестеріңізге) көмектесіңіз

- оқытушымен (əкімшілік өкілімен) бірге ұйымдасқан түрде далаға

шығыңыз;

- ғимараттан аулақ тұрыңыз;

- үлкендердің (жауапты тұлғалардың) рұқсатынсыз жан-жаққа

тарамаңыз, ешқайда кетпеңіз, əрқашан көз алдында тұрыңыз, топпен

бірге болыңыз, өйткені ұжымдағы мүшелердің біреуінің хабар-ошарсыз

жоқ болуы жаппай айқай-шуға жəне үйреуленуге əкелуі мүмкін;

- жоқ адамдарды анықтау мақсатында (студенттерді, қызметкерлерді)

дауыстап түгендеңіз;

- эвакуация туралы хабарлама алған сəтте ғимаратта болғандардың

арасындағы адамдар жоқ боп кетсе, бұл туралы полиция қызметкер-

леріне жəне мекеме əкімшілігіне дереу хабарлаңыз;

- бұдан арғы нұсқауларды күтіңіз.

Балаларды, қарт адамдар мен мүгедектерді алып жүрген кезде

балаларды қолға көтеріп алыңыз, ал қарт адамдар мен мүгедектерді

жиналған қалың топтың ішіне түсіп кетпеуге тырысып, шеткерірек

алып жүріңіз (қолынан ұстап жүріңіз немесе мүгедек арбасымен

сүйретіңіз).

Осындай барлық фактілер бойынша ішкі істер органдарының кезекші

бөліміне (полицияға) - «102» жəне құтқару қызметіне - «112» телефон-

дары арқылы хабарласу қажет.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

8

149

КЕҢЕС

ТЕРРОРИСТІК АКТ ЖАСАУ ҚАУПІ КЕЗІНДЕ

АДАМДАР КӨП ЖИНАЛАТЫН

ЖЕРДЕГІ ТƏРТІП

100 советов прокурора

150

МҰНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА:

- адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз;

- егер жүгіріп келе жатқан адамдардың ортасында қалсаңыз, олардың

бағытымен жүре беріңіз, бірақ біртіндеп ол жерден шығуға тарысыңыз;

- бойы ұзын жəне денесі ірі адамдардан, заттары көлемді жəне сөмк-

елері үлкен адамдардан алысырақ болуға тырысыңыз;

- егер кептеліс қауіпті сипат ала бастаса, дереу, ойланбастан кез

келген жүктен, ең алдымен ұзын бауы бар сөмкеден жəне шарфтан

арылыңыз;

- егер бірдеңе түсіріп алсаңыз, ешқандай жағдайда көтеруге əрекеттен-

беңіз;

- кез келген тəсілмен аяғыңызбен тұруға тырысыңыз;

- егер құлап қалсаңыз, мүмкіндігінше тезірек аяқпен тұруға тырысы-

ңыз. Бұл ретте, қолыңызбен сүйенбеңіз (қолыңызды басып кетеді не

сындырады). Бір сəт болса да табаныңызбен немесе аяғыңыздың

ұшымен болса да тұруға тырысыңыз;

- егер тұра алмасаңыз, бүктеліп, басыңызды білегіңізбен қорғаңыз, ал

желкеңізді алақаныңызбен жабыңыз;

- адамдар толы үй-жайға келген соң, экстремалды оқиға туындаған

кезде қандай орындар қауіпсіз екенін алдын ала анықтаңыз (стадион-

дағы секторлардың арасынан өтетін жерлер, концерт залдарындағы

шыны есіктер мен аралықтар, т.б.), қосалқы жəне авариялық шығатын

есіктерге назар аударыңыз, олармен ойша жүріп өтіңіз;

- дүрбелең туындаған кезде байсалдылық сақтауға жəне оқиғаны ақыл

таразысына салып бағалауға тырысыңыз;

- балаларды, қарт адамдар мен мүгедектерді алып жүрген кезде

балаларды қолға көтеріп алыңыз, ал қарт адамдар мен мүгедектерді

жиналған қалың топтың ішіне түсіп кетпеуге тырысып, шеткерірек

алып жүріңіз (қолынан ұстап жүріңіз немесе мүгедек арбасымен

сүйретіңіз).

Осындай барлық фактілер бойынша ішкі істер органдарының кезекші

бөліміне (полицияға) - «102» жəне құтқару қызметіне - «112» телефон-

дары арқылы хабарласу қажет.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

9

151

КЕҢЕС

ҚҰҚЫҚҚА ҚАЙШЫ КОНТЕНТТІ

ҚАЛАЙ ӨШІРУ ҚАЖЕТ

100 советов прокурора

152

Қазақстан тұрғындарының көпшілігі туғандарының, жақындары мен

таныстарының «YouTube» желісінен зорлық-зомбылықты, экстремистік

жəне террористік идеяларды насихаттау мазмұнындағы бейнематери-

алдар көруіне қарсы.

Сіз бұндай бейнелерді тікелей өшіре аласыз.

Ол үшін бірнеше қарапайым амалдар қажет:

1-қадам.

Бейне жазылған парақшаға кіру

жəне бейненің астынан «Тағы»

деген сөзді тауып алу, ол көрілімдер

саны жазылған жазбаның астында

болады.

2-қадам. Сол түймені басса, «Шағымдану»

жалаушасы шығады, соны іске қосу

қажет.

3-қадам.

Экранға шыққан мəзірден «Қатыгез

немесе жиіркенішті көріністер»

тармағын таңдау қажет.

4-қадам.

Одан əрі «Терроризмді насихаттау».

5-қадам.

«Жіберу» түймешесін басу.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

153

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗГЕ ДІНИ МƏСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕ

АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР ҚАЖЕТ БОЛСА

100 советов прокурора

154

ЕГЕР СІЗГЕ ЖƏНЕ СІЗДІҢ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА:

- түсініксіз діни идеяларды мəжбүрлеп міндеттесе жəне олар діни

тақырыптарды күштеп үгіттеуге ұшыратса не экстремистік немесе

террористік қызметке тартуға тырысса;

- көшелерде, кіреберістерде, пəтерлерде, көлікте күмəнді діни əдеби-

еттердің таратылғаны туралы белгілі болса;

- діни жоралғыларға жəне іс-шараларға қатысуға міндеттесе не оларды

діни сипаттағы күмəнді жиналыстар алаңдатса;

- күмəнді адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалымен

бетпе-бет кездесуге мəжбүр болса;

- имамдар мен теологтар тарапынан сапасыз профилактикалық жұмыс

белгілі болса немесе өзіңіз соның куəсі болсаңыз;

- діни сипаттағы проблемалардың кесірінен қиын өмірлік жағдайға тап

болуға тура келсе;

- дін саласындағы мамандардың консультациясы мен көмегі қажет

болса

«Жедел желі» ақпараттық-консультациялық орталығына «114» тегін

нөміріне, сондай-ақ 8 777 0000 114 нөміріне (Билайн абоненттері үшін

тегін) жүгіну қажет, олар:

- діни қатынастар саласы бойынша консультациялық жəне практика-

лық көмек көрсетеді.

- деструктивті діни əрекеттен зардап шеккендерге психологиялық

көмек көрсетеді.

- серіктес діни орталықтармен əрекет етеді, бұл тұрғылықты жері

бойынша қажет кезде тиісті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

КОНСУЛЬТАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ЖƏНЕ КІМ БЕРЕДІ:

- Құпия өткізіледі.

- Кəсіби заңгерлер, теологтар, дінтанушылар, психологтар өткізеді.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

155

100 советов прокурора

КЕҢЕС

АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖАЙЛЫ

Назар аударыңыз! Бұл алаяқтар!

Жер учаскесін ресімдеу кезінде алданбау үшін

не істеу керек?

Жер учаскесін сатып алуда алданудан

қалай қорғану керек?

Несиелендіру кезінде алаяқтықтың алдын алу үшін

не істеу керек?

Қалай қаржы пирамидасының құрығына түспеу қажет

Өзіңді интернеттегі алаяқтықтан қалай

қауіпсіздендіру қажет

Үлестік құрылыс шартын жасау кезінде

алданып қалмаудың амалдары

Жұмысқа орналасу бойынша алаяқтықтың құрбаны

болмау жолдары

Телефон алаяқтарына алданбау жолдары

Қарызға ақша бермеңіз, сонда алданбайсыз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

156

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

1

157

КЕҢЕС

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БҰЛ АЛАЯҚТАР!

100 советов прокурора

ҚЫРАҒЫ БОЛЫҢЫЗ!!!

- Сізге кезектен тыс жəне арзан бағамен пəтер алып берем деп уəде

берсе

- Сізге төмен бағамен сатылатын жер учаскесі бар деп уəде берсе

- Сізге сыйақысына ірі компанияға немесе мемлекеттік мекемеге

жұмысқа тұрғызамын деп уəде берсе

БҰЛ АЛДАУ!

СЕНБЕҢІЗДЕР!!!

- Сізге бағалы сыйлықтың иегері болдыңыз жəне оны алу үшін ақша

аудару қажет деген хабарлама келсе

- Сізге қоңырау шалып, Сіздің танысыңызды/ жақын туысыңызды /

ұлыңызды/ қызыңызды полиция қызметкерлері ұстап отыр жəне

оларды босату үшін ақша қаражатын беру керек деп хабарласа

- Сізден жеке деректеріңізді немесе карточкалық немесе банк шоты

туралы мəліметтер беруіңізді сұраса

158

Есіңізде болсын!!!

Пəтер мен жер учаскесін алу үшін, жұмысқа орналасу үшін – заңда

белгіленген өз талаптары бар жəне Сізге заңды аттап өтіп бұл қызмет-

терді көрсетуге ешкімнің құқығы жоқ.

БҰЛ АЛДАУ!

БҰЛ АЛДАУ!

«Адал адамның қиянаттан ада көздері əрқашан

алаяқтарды алаңдатады»

Философ

Жан-Жак Руссо

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

2

159

КЕҢЕС

ЖЕР УЧАСКЕСІН РЕСІМДЕУ КЕЗІНДЕ

АЛДАНБАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

100 советов прокурора

160

Сізге əкімдік арқылы жер учаскесін алуға көмек көрсету ұсынысымен

бейтаныс адамдар жүгінді делік.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Бұндай схема бойынша алаяқтар жұмыс істейді!

Бұл ұсынысқа , себебі жер учаскесін КЕЛІСІМ БЕРМЕҢІЗ белгіленген

тəртіпте жергілікті атқарушы орган береді немесе сауда-саттықтар

(конкурстар, аукциондар) өткізу арқылы сатылады.

БІЛІҢІЗ! Жер учаскесін жергілікті атқарушы орган мынадай тəртіпте

береді:

- жер учкаскесіне құқық беру туралы арыз беру;

- жер учаскесін алдын ала таңдау;

- комиссияның оң қорытындысы;

- жерге орналастыру жобасын əзірлеу жəне бекіту;

- əкімдіктің/əкімнің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылда-

уы;

- сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану

шартын жасасу;

- жердегі учаскесінің шекараларын белгілеу;

- жер учаскесіне сəйкестендіру құжатын дайындау жəне беру (мемле-

кеттік акт);

- əділет органдарында жер учаскесіне құқықты тіркеу.

САУДА-САТТЫҚТЫ (АУКЦИОНДАР МЕН КОНКУРСТАРДЫ) тек əкімдік

немесе мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАЖЕТ!

Жылжымайтын мүлікке құқық мемлекеттік тіркеу кезінен бастап пайда

болады, өзгертіледі жəне тоқтатылады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

3

161

КЕҢЕС

ЖЕР УЧАСКЕСІН САТЫП АЛУДА АЛДАНУДАН

ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК?

100 советов прокурора

162

Жер учаскелерімен мəмілелер жасасу кезіне сатып алу-сату шартына

қол қоюға жəне ақшаны беруге асықпаңыз.

Құжаттарды МҰҚИЯТ зерделеңіз (əкімдіктің қаулысы, мемлекеттік акт

жəне т.б.), қажет болған жағдайда білікті заңгерлерден консультация

алу үшін қосымша уақыт сұраңыз.

Мəміле жасасу кезінде сұрақтар қоюға қысылмаңыз (меншік құқығы-

ның пайда болу тарихы, ауыртпалықтар туралы жəне т.б.), қарсы тарап

ашу шақырған жағдайда сақ болыңыз.

Тіркеу органдарынан жер учаскесіне ауыртпалықтардың бары немесе

жоқтығы туралы тиісті анықтамалар алуды бірлесіп жасайық деген

талап қойыңыз.

Егер Сіз өзіңізге қатысты құқыққа қайшы əрекеттер жасау жоспарлан-

ған деп күдіктенсеңіз, немесе сіз алаяқтардың құрбанына айналсаңыз,

қылмыскерлердің белгілерін көрсете отырып, құқық қорғау органдары-

на жүгіну қажет.

Алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгендігін

БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ (мүлкін тəркілеп он жылға дейінгі мерзімге бас

бостандығынан айыру).

Сондай-ақ мемлекеттік жер учаскелерін айырбастау не тікелей немесе

жанама түрде жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзатын басқа да

мəмілелер жасасу, əкімшілік жауаптылыққа əкеп соғатынын айта

кеткен жөн.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

4

163

КЕҢЕС

НЕСИЕЛЕНДІРУ КЕЗІНДЕ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ

АЛДЫН АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

100 советов прокурора

164

www.nationalbank.kz

Соңғы уақытта жылдам жəне оңай несиелер алу (жабу) немесе Сіздің

жиған қаражатыңызды көбейту мүмкіндігі туралы хабарлама жазылған

хабарландырулар, смс-сілтемелер немесе электрондық хаттар жолдау

жағдайлары қайта жанданды.

ӨЗІҢІЗДІ АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАУ ҚИЫН ЕМЕС.

Ресми қызмет ететін екінші деңгейлі банктер мен несиелеу жөніндегі

қызметтер көрсететін, сондай-ақ салымдар қабылдайтын микрокре-

диттік ұйымдардың тізімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

Интернет-ресурсында орналастырылған.

Сондай-ақ бұндай мəліметтерді Ұлттық Банктің Қазақстанның барлық

облыстарындағы, Астана жəне Алматы қалаларындағы филиалдары-

нан алуға болады.

Егер Сіз жəне Сіздің жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болса,

немесе Сізге қатысты құқыққа қайшы əрекеттер жоспарланған деп

күдіктенсеңіз, дереу аумақтық ішкі істер немесе прокуратура органда-

рына жүгініңіз.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

5

165

КЕҢЕС

ҚАЛАЙ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ

ҚҰРЫҒЫНА ТҮСПЕУ ҚАЖЕТ

6

167

КЕҢЕС

ӨЗІҢДІ ИНТЕРНЕТТЕГІ АЛАЯҚТЫҚТАН

ҚАЛАЙ ҚАУІПСІЗДЕНДІРУ ҚАЖЕТ

100 советов прокурора

168

БҰЛ ҮШІН БІРНЕШЕ ҚАДАМДАР ЖАСАУ ҚАЖЕТ:

- жеке деректеріңізді сұраған барлық түсініксіз хабарламаларға сенбеу;

- спамға назар салмау;

- сіздің электрондық мекенжайыңызға келген барлық күмəнді хаттарды

ашпау;

- ниетінің түзу екендігіне көзіңіз жетпеген адамдарға өзіңіздің дербес

деректеріңізді ешқашан бермеу;

- онлайн-сауда жасау кезінде сақ болу, бұл үшін мəмілелердің

қауіпсіздігі мен жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз ететін

сайттарды таңдау;

- егер сіз біреудің компьютерін пайдалансаңыз, онда өз құпияс-

өздеріңіздің сақталмағанына көз жеткізіңіз;

- компьютердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бағдарлама-

ларды (антивирустық бағдарламалар) ұдайы жаңартып отыру.

ЕГЕР СІЗ ИНТЕРНЕТТЕГІ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛСАҢЫЗ, ОНДА

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ЖҮГІНУГЕ ТОЛЫҚ ҚҰҚЫҢЫЗ БАР.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

7

169

КЕҢЕС

ҮЛЕСТІК ҚҰРЫЛЫС ШАРТЫН

ЖАСАУ КЕЗІНДЕ АЛДАНЫП

ҚАЛМАУДЫҢ АМАЛДАРЫ

100 советов прокурора

170

ШАРТ ЖАСАСПАС БҰРЫН МЫНА ЖƏЙТТЕРГЕ НАЗАР АУДАРУ ҚАЖЕТ:

- Құрылыс салушы, уəкілетті компания жəне мердігер туралы негізгі

мəліметтер (атауы, заңды мекенжайы, еңбек тəжірибесі, тұрғын үйлер

құрылысы бойынша іске асырылған жобалары);

- Жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттарының бар болуы. Бұл

жер учаскесін сатып алу-сату немесе жалдау шарттары болуы мүмкін;

- «Кепілдендірілген тұрғын үй құрылысы қоры» АҚ-пен жасалған

кепілдік беру туралы, жəне «Кепілдендірілген тұрғын үй құрылысы

қоры» АҚ кепілдіктерін алу тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік

қатысу ұйымдастырылған жағдайда оның негізгі талаптары туралы

шарттың болуы;

- екінші деңгейлі банктің жобаға қатысуы тəсілімен немесе тұрғын үйдің

қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тəсілімен

тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ұйымдастырылған жағдайда

үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органның

рұқсатының болуы.

Егер компания сізге сіз сұратқан ақпаратты бермесе, сіз жергілікті

атқарушы органға жүгінуге құқылысыз.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуымен байланысты тараптардың

құқықтық қатынастары, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы

шартпен ресімделеді.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жазбаша нысанда

жасалады жəне ол тұрғын үй орналасқан жердегі жергілікті атқарушы

органда есепке қойылған кезден бастап жасалды деп саналады

(Заңның 11-бабының 1-тармағы).

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгі нысаны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28

шілдедегі №345 бұйрығымен бекітілген.

Заңның 3-бабының 2-тармағына сəйкес тұрғын үйлердің құрылысы

үшін жеке жəне заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

Заң талаптарын бұзып жасалған, жеке жəне заңды тұлғалардың

ақшасын тарту жөніндегі мəміле, жарамсыз деп танылады.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫҢ

МƏТІНІНДЕ МЫНАДАЙ ЖƏЙТТЕРГЕ НАЗАР АУДАРУ ҚАЖЕТ:

- Шарттың мəні: пəтердің алаңы, блок (кіреберіс), пəтердің шартты

нөмірі, тұрғын үйдің атауы, объектінің орналасқан жері (мекенжайы),

объектіні тапсыру мерзімі, пəтердің жоспары;

- Пəтердің құны (бір шаршы метрге) жəне төлем кестесі;

- Уəкілетті компания мен үлескердің құқықтары мен міндеттері;

- Үлесті қабылдау-тапсырудың тəртібі мен мерзімдері;

- Еңсерілмейтін күш мəн-жайлары;

- Тараптардың жауапкершілігі.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

8

171

КЕҢЕС

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ БОЙЫНША

ҚАЛАЙ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ

БОЛМАУ КЕРЕК?

100 советов прокурора

172

Жұмысқа орналасу кезінде алаяқтық түрлері өте көп, себебі бұл

«əлеуетті клиенттер нарығы» əрқашан үлкен жəне таусылмайды.

АЛАЯҚТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ВАРИАЦИЯЛАРЫ МЫНАДАЙ ҰСЫНЫСТАРМЕН

БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ:

- өз бизнесіңді ашу, ол əдетте оқытумен жəне соңында қандай да бір

өнімді (ББҚ, парфюмерия, дəрі-дəрмек, тұрмыстық техника жəне т.б.)

кейін өткізу үшін сатып алуға мəжбүрлеумен жүреді;

- жұмысқа қабылдау кезінде алаяқтар хабарландыруда көрсетілмеген,

бұрын уəде берген бос лауазымның орнына қандай да бір басқа бос

лауазымды ұсынады;

- егер сіз үйіңізде жұмыс істеуді жоспарласаңыз, тауар үшін көлемді

кепіл енгізуді талап етеді, əдетте бұл тауар құрастырумен байланысты

болады;

- жұмысқа қабылдау кезінде ақылы тестілеу туралы;

- еңбекақы карталарын ресімдеу, шот ашу, құжаттар дайыдау жəне т.б.

сылтаумен алдын ала төлем енгізу;

Бұндай фактілерді білсеңіз жəне олардың қалай жұмыс істейтіндігін

түсінсеңіз, сізге оларға алданбау оңай болады.

Əрбір жағдайда жұмыс беруші туралы, ұсынылатын бос жұмыс орында-

ры туралы егжей-тегжейлі тексеруге кеңес беріледі (компанияның

атауы, телефондары, электрондық поштасы, мекенжайы жəне т.б.

арқылы), біліктілік талаптары төмен болса да жоғары жалақы, кепілд-

ендірілген тұрғын үй беру жəне басқадай бонустар туралы уəделерге

назар аудару қажет.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

9

173

КЕҢЕС

ТЕЛЕФОН АЛАЯҚТАРЫНА

АЛДАНБАУ ЖОЛДАРЫ

100 советов прокурора

174

Бұл үшін алаяқтық схемаларының арсеналы сан түрлі екендігін білу

қажет:

- туысын немесе танысын полициядан (немесе қылмыстық қудалау-

дан) босатқаны үшін пара немесе сатып алуды талап ету фактілері.

Алаяқтардың негізгі мақсаты ақшаны «өз еркімен» қолдан қолға беруге

немесе белгіленген жерге тастап кетуге, не шотқа аударуға мəжбүр ету

(соңғы уақытта QIWI-əмиянын пайдаланып жүргізілген осындай

жағдайлар жиілеп кетті);

- ақшалай ұтыс немесе сыйлық туралы ұсыныстар (туристік жолдама-

лар, тұрмыстық техника, көлік, пəтерлер жəне т.б.), жəне əдетте,

оларды алу үшін қандай да бір комиссиялық алым енгізу қажет;

- осыған ұқсас ұтқан лотереялар туралы SMS-хабарламалар кең

таралған;

- банктен пластикалық картаның бұғатталғаны туралы жəне картаның

деректерін (нөмірі мен пин-кодын) беру сұралатын қоңырау.

Бейтеныс адамдар шалған қоңырауларға сенбеңіз. Алынған ақпаратты

бақылау қоңырауы арқылы қайта тексеріңіз.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

175

КЕҢЕС

ҚАРЫЗҒА АҚША БЕРМЕҢІЗ,

СОНДА АЛДАНБАЙСЫЗ

100 советов прокурора

176

Барлық алаяқтықтардың төртен бір бөлігі қайтару мақсатынсыз ақша

қаражатын алу арқылы жүзеге асырылған (қарызға немесе пайыздық

өсіммен).

Көптеген адамдар, табыс табамыз деп үміттеніп, өздерінің жиған

қаражатын бейтаныс немесе онша таныс емес «кəсіпкерлерге» сеніп

тапсырады, олар жарнама, пиар-науқаны, БАҚ-тарды тарту арқылы

«табысты кəсіпкерлер» бейнесін жасап алған.

Алаяқтар ақша қаражатын көп адамдардан қарызға алады, бұл ретте

қарыз алушы жаңа кредитордардан ақша тарту арқылы алдыңғы

кредиторлармен есеп айырысады (яғни қаржылық пирамида принципі

бойынша). Бұл жағдайда зиянкес адам ешқандай кəсіпкерлік қызметті

жүзеге асырмайды.

Оның үстіне, кəсіпкерлік қызметпен айналысу үшін екінші деңгейлі

банктер мен микрокредиттік ұйымдардан несие алудың көптеген

тəсілдері бар. Неліктен «табысты кəсіпкер» банкке бармай, сізге

жүгінгенін ойланған жөн.

Ақша қаражатын қайтаруға кепілдің тиімді тəсілі кепіл заты болып

табылады, яғни құны алынған ақша көлемімен мөлшерлес мүлік алу.

Осы амалдың өзі жəбірленуші ұшыраған шығындарды өтеуге мүмкіндік

бере алады, оның үстіне, қылмыстық-жазаланатын əрекет белгілері

бар болған кезде қылмыстық жауаптылыққа тарту жəне өндіріп алу

белгілі бір уақыт алуы мүмкін.

Қазіргі экономикалық жағдайда, біреуге қарызға ақша бермес бұрын,

барлығын асықпай таразыға салу қажет. Бұл ретте, бұл адамдардан

жеке бас куəлігінің немесе паспортының көшірмесін талап ету маңыз-

ды. Одан əрі бұл, егер сізді алдаса, құқық қорғау органдарына немесе

сотқа арыз беру кезінде қажет болады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

100 советов прокурора

177

КЕҢЕС

СОТ ОРГАНДАРЫМЕН

ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚАЖЕТ

Бірінші сатыдағы сотқа талап қою арызын

қалай беруге болады?

Талап қою арызы нысаны мен мазмұны бойынша

қандай болуы тиіс?

Егер сіз азаматтық іс бойынша тарап болып табылсаңыз

Азаматтық істер бойынша сот шешіміне, облыстық сот

апелляциясының қаулысына қалай шағымдануға болады?

Азаматтарға айыппұлдың жартысын қалай

қысқартуға болады?

Егер сіз борышкер болсаңыз

Қылмыстық іс сотта қалай қаралады?

Басты сот талқылауы дегеніміз не?

Қылмыстық іс бойынша сот үкіміне, облыстық сот

апелляциясының қаулысына қалай шағым беруге болады?

Сот үкіміне, облыстық сот апелляциясының қаулысына

кім наразылық келтіре алады?

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

178

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

1

179

КЕҢЕС

БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТҚА ТАЛАП ҚОЮ

АРЫЗЫН ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

100 советов прокурора

180

office.sud.kz

Талап қою арызы сотқа жауапкердің тұрғылықты жері бойынша

беріледі.

Мəлімет үшін: – бұл бұзылған талап қою арызы немесе дауланатын

құқықтарды, бостандықтарды жəне заңды мүдделерді қорғау мақса-

тында сотқа жазбаша немесе электронды нысанда берілетін құжат.

Талап қою арызы электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен

электронды құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.

Əр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерлерге талап

қою арызы талапкердің таңдауы бойынша жауапкердің біреуінің

тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша ұсынылады.

МАҢЫЗДЫ!

Азаматтық істің соттылығы туралы:

- Талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық (АПК-нің 30-бабы).

- Айрықша соттылық (АПК-нің 31-бабы).

- Шарттық соттылық (АПК-нің 32-бабы).

ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМДЕРІ ТУРАЛЫ:

Жалпы талап қою мерзімі - 3 жыл.

ЖЕ К Е Л Е Г Е Н С А Н А Т Т А Ғ Ы І С Т Е Р Б О Й Ы НША Ө З Г Е М Е Р З І М Д Е Р

БЕЛГІЛЕНГЕН:

- мəмiленiң жарамсыздығына немесе кіріптарлық мəмілелерге

байланысты даулар бойынша талап қою мерзiмi (Азаматтық кодекстің

159-бабының 9 жəне 10-бөліктері) – талап қоюшы өзге де мəн-

жайларды бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап 1 жыл.

- мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен

əрекеттерін (əрекетсіздіктерін) даулау туралы істер бойынша -

бұзушылық туралы белгілі болған күннен бастап 3 ай;

- сот орындаушысының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану

туралы істер бойынша - осындай əрекеттер (əрекетсіздік) жасалған

күннен бастап 10 күн.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

2

181

КЕҢЕС

ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫ НЫСАНЫ МЕН

МАЗМҰНЫ БОЙЫНША

ҚАНДАЙ БОЛУЫ ТИІС?

100 советов прокурора

182

АРЫЗДА КӨРСЕТІЛУІ ТИІС:

- талап қою арызы берілетін соттың атауы;

- талап қоюшының тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты

куəландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні, тұрғылықты

жері, жеке сəйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға

болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сəйкестендiру

нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің

атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса,

талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен

электрондық мекенжайы туралы мəліметтер көрсетілуге тиіс;

- жауапкердің тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəлан-

дыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, жеке сəйкесте-

ндіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), егер жауапкер

заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, банктік

деректемелері (егер олар талап қоюшыға белгілі болса) мен бизнес-

сəйкестендiру нөмiрi (егер ол талап қоюшыға белгілі болса). Арызда,

егер талап қоюшыға белгілі болса, жауапкердің ұялы байланысының

абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мəліметтер

көрсетілуге тиіс;

- азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының

заңды мүдделерін жəне талап қоюшының талаптарын бұзудың немесе

бұзу қаупінің мəні;

- талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мəн-жайлар, сондай-ақ

осы мəн-жайларды растайтын дəлелдемелердің мазмұны;

- егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге

жүгінудің сотқа дейінгі тəртібін сақтау туралы мəліметтер;

- егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ

өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;

- талап қою арызына қоса берілетін құжаттардың тізбесі.

ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН БЕРУ ҮШІН:

1) туындаған дауға қатысты құжаттарды жинау (міндетті тізбе) қажет.

Талап қою арызына төмендегілер қоса беріледі:

- жауапкерге немесе оның өкіліне, үшінші тұлғаларға талап қою арызы

мен оған қоса берілген құжаттар көшірмелерінің жіберілгенін растай-

тын құжат;

- мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

- өкілдің өкілеттігін куəландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;

- талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мəн-жайларды растайтын

құжаттар;

- дауды сотқа дейін реттеу тəртібінің сақталғанын растайтын құжаттар,

егер осы тəртіп заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе;

- егер дəлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талап

қоюшының дəлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;

- егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу

(қайта тіркеу) туралы куəліктің немесе анықтаманың көшірмелері.

2) Талап қою арызын қоса берілетін құжаттарымен бірге сот кеңсесіне

не электрондық нұсқада «Сот кабинеті» арқылы тапсыру керек.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

3

183

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗ АЗАМАТТЫҚ ІС БОЙЫНША

ТАРАП БОЛЫП ТАБЫЛСАҢЫЗ

100 советов прокурора

184

АЗАМАТТЫҚ ІС – азаматтық, отбасылық, еңбек, жер немесе өзге де

құқықтан туындайтын жəне бұл үшін белгіленген рəсімге сəйкес

құзырлы органның қарауы мен шешуін талап ететін құқықтық мəселе.

СІЗ – ТАЛАПКЕР:

1. Дауды сотқа дейінгі реттеу тəртібін сақтауға тиіссіз.

2. Сот алдында талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар

қолдану туралы өтінішхат беруге құқылысыз.

3. Талап қою мерзімін сақтауға тиіссіз (жалпы – 3 жыл).

4. Барлық процестік құқықтарды пайдалануға, соның ішінде сотқа жеке

өзі немесе өкілі арқылы қатысуға, іс материалдарымен танысуға,

олардан үзінді көшірмелер жазып алуға жəне көшірмелер түсіруге;

қарсылықтарын мəлімдеуге; дəлелдемелерді табыс етуге жəне оларды

зерттеуге қатысуға; іске қатысатын басқа да тұлғаларға сұрақтар

қоюға; сотқа түсініктемелер беруге құқылысыз (АПК-нің 46-бабы);

5. Жауапкер келіскен жағдайда істі бейбіт аяқтауға, дауды медиация

тəртібімен реттеуге, талап қою арызын қараусыз қалдыру туралы

мəлімдеуге, сондай-ақ талап қоюдан бас тартуға не оны өзгертуге

құқылысыз.

6. Сот шешіміне, ұйғарымына жəне қаулысына жоғары тұрған соттарға

шағым келтіруге құқылысыз.

СІЗ – ЖАУАПКЕР:

1. Келіп түскен талап қою арызын зерттеуге құқыңыз бар;

2. Жазбаша қарсылық (қарсы пікір) жазуға немесе дауды сотта не

медиация тəртібімен реттеуге құқылысыз;

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін барлық сот сатыларында

дауды медиация тəртібімен реттеу туралы өтініш мəлімдеуге құқылы.

3. Сот шешіміне, ұйғарымына жəне қаулысына жоғары тұрған соттарға

шағым келтіруге құқылысыз.

Сот отырысына келмеген тараптарға жəне іске қатысушы басқа да

адамдарға шешімнің көшірмесі шешім түпкілікті нысанда шығарылған

күннен бастап 5 күннен кешіктірілмей жіберіледі немесе беріледі.

АПК-ге сəйкес сот жүйесінде үш саты бар: бірінші, апелляциялық жəне

кассациялық.

Бірінші сатыдағы соттың қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда,

апелляциялық шағым дауланып отырған актіні шығарған сотқа оны

шығарған күннен бастап бір айдың ішінде іске қатысушы адамдардың

саны бойынша көшірмелермен беріледі.

Апелляциялық шағым бергені үшін мемлекеттік баж алынбайды.

Сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарау туралы өтінішхат

тікелей Жоғарғы Сотқа акт заңды күшіне енген күннен бастап 6 айдың

ішінде беріледі.

Мемлекеттік баж мүліктік емес жəне мүліктік сипаттағы даулар

жөніндегі өтінішхаттардан осындай даулар бойынша талап қою арызы

берілген кезде СК-нің 535-бабында белгіленген мемлекеттік баждың

тиісті мөлшерлемесінен 50 пайыз мөлшерінде алынады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

4

185

КЕҢЕС

АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ШЕШІМІНЕ,

ОБЛЫСТЫҚ СОТ АПЕЛЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫНА

ҚАЛАЙ ШАҒЫМДАНУҒА БОЛАДЫ?

100 советов прокурора

186

АПЕЛЛЯЦИЯ – заңды күшіне енбеген сот актілерін облыстық соттың

тексеруі жөніндегі рəсім.

Кассациялық сатыға апелляциялық тəртіп сақталған жағдайда ғана

жүгінуге болады.

Істің одан арғы қозғалу мүмкіндігін шектейтін ұйғарымдарға, апелляци-

ялық сатыдағы соттың қаулысына олар заңды күшіне енген күннен

бастап алты ай ішінде кассациялық сатыдағы сотқа шағым келтірілуі

мүмкін.

КАССАЦИЯЛЫҚ САТЫ – БҰЛ НЕ?

Кассациялық сатыдағы өндіріс істерді қарайтын соңғы саты болып

табылады.

Бұл ретте, заң шығарушы мынадай істер бойынша сот актілерін

кассациялық тəртіппен шағым беру мүмкіндігін шектеді:

- оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тəртібімен қаралған;

- талап қою арызынан бас тартуға байланысты аяқталған;

- татуласу келісімін, дауды медиация тəртібімен немесе партисипа-

тивтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісім жасаумен байланысты

(адвокаттардың көмегімен дауды шешім шығарылғанға дейін реттеу

мүмкіндігі);

- талап қою сомасы кемінде екі мың айлық есептік көрсеткіш болған

кезде жеке тұлғалардың жəне талап қою сомасы кемінде отыз мың

айлық есептік көрсеткіш болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік

мүдделерімен байланысты;

- төлем қабілетсіздігін реттеу туралы, сондай-ақ оңалту рəсімі жəне

банкроттық рəсімі шеңберінде туындайтын, соның ішінде борышкер

жасаған мəмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін

қайтару туралы, банкроттық немесе оңалтушы басқарушының талап

арыздары бойынша дебиторлық берешекті өндіру туралы даулар

жөніндегі істер бойынша.

Кассациялық саты дəлелді себептер болған кезде сот актілеріне шағым

беру мерзімін қалпына келтіруге құқылы. Жаңа АПК-де сот актілеріне

кассациялық тəртіппен шағым беру мерзімдері қысқартылған.

АПК-нің 436-бабының 1-бөлігіне сəйкес өтінішхаттар, наразылықтар

олар заңды күшіне енген күннен бастап алты айдың ішінде берілуі

мүмкін.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

5

187

КЕҢЕС

АЗАМАТТАРҒА АЙЫППҰЛДЫҢ ЖАРТЫСЫН

ҚАЛАЙ ҚЫСҚАРТУҒА БОЛАДЫ?

100 советов прокурора

188

АЙЫППҰЛ – бұл əкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін берілетін

ақшалай жаза. Ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) немесе зиян,

залал сомасынан пайыз түрінде көрсетіледі.

Егер Сіз АЕК түрінде айыппұл көзделетін əкімшілік құқық бұзушылық

жасасаңыз, Сіз мынаны білуге тиіссіз:

1) Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс

жүргізу бар.

2) Ол мынадай мəн-жайларда:

- құқық бұзушылық фактісін ол жасалған жерде лауазымды тұлға

анықтаған кезде;

- АЕК түрінде айыппұл көзделген құқық бұзушылық үшін;

- Сіз өз кінəңізді мойындаған жəне айыппұл мөлшерімен келіскен кезде

қолданылады.

3) Егер қарсылық болмаса, онда лауазымды тұлға Сізге əкімшілік құқық

бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін жəне айыппұл төлеу үшін

түбіртекті беруге тиіс.

4) Сіз 7 күн ішінде айыппұлды төлеуге тиіссіз (түбіртекті берген

лауазымды тұлғаға кейіннен хабарлай отырып, кез келген банк

бөлімшесіне төленеді) жəне сол кезде іс мəні бойынша қаралған деп

есептеледі (яғни іс бойынша қаулы шығармай аяқталған болып

табылады);

5) Кері жағдайда, іс жалпы тəртіппен қаралады. Сізді кінəлі деп таныған

кезде, айыппұлдың бүкіл сомасын төлеуге тура келеді.

Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс

жүргізу мынадай жағдайларда қолданылмайды:

- бап санкциясында өндіріп алудың өзге түрлері көзделген кезде (ҚР

ƏҚБтК 41-бабында көрсетілген: ескерту, қамаққа алу, арнайы

құқықтан айыру, республика аумағынан шығарып жіберу, тəркілеу,

қызметті тоқтата тұру, құрылысты бұзу жəне т.б.);

- құқық бұзушылықты кəмелетке толмаған жасаса;

- құқық бұзушылықты артықшылықтары мен иммунитеттері бар

тұлғалар (ƏҚБтК-нің 49-тарауында көрсетілген: Парламент депутатта-

ры, Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе мүшелері, судьялар,

Бас Прокурор, дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері) жасаса;

- істерін мемлекеттік кіріс органдары қарайтын əкімшілік құқық

бұзушылықтар жасалса;

5) егер əкімшілік құқық бұзушылықты сертификатталған арнайы

бақылау-өлшеуіш техникалық құралдар жəне автоматты режимде

жұмыс жасайтын құралдар тіркесе, қолданылмайды.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

6

189

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗ БОРЫШКЕР БОЛСАҢЫЗ

100 советов прокурора

190

Соттың шешімін өз еркіңізбен орындағаныңыз жөн, əйтпесе Сіз жеке

сот орындаушысының қызметін де төлеуге міндетті боласыз (қарыз

сомасынан 25 %%).

Егер Сіз атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін қарызыңызды

өтесеңіз, жеке сот орындаушының қызметін төлеуге міндетті емессіз.

Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін Сізге мынадай шаралар

қолданылуы мүмкін:

1) ақшаңыз бен мүлкіңізге тыйым салу;

2) егер Сіз 20 АЕК-тен жоғары сомаға берешек болсаңыз, Қазақстан

Республикасынан шығуға уақытша шектеу салу;

3) 250 АЕК-тен жоғары сомаға қарыз өндірілген кезде лицензиялар,

рұқсаттар мен арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу, сондай-

ақ бұрын Сізге берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы

құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру;

ҰМЫТПАҢЫЗ!!!

Сіз тұрғылықты жеріңіз бен жұмыс орныңызды өзгертсеңіз, бұл туралы

сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндеттісіз. Əйтпесе Сізге

жіберілетін атқарушылық əрекеттер туралы хабарлама атқарушылық

құжатта көрсетілген мекенжайға жіберілетін болады.

Сіз дауланатын əрекет жасалған (əрекетті жасаудан бас тартылған)

күннен бастап немесе бұл туралы сізге белгілі болған күннен бастап он

жұмыс күні ішінде сотқа сот орындаушысының əрекетіне (əрек-

етсіздігіне) шағым беруге құқылысыз.

Мерзімді өткізіп алу соттың Сіздің шағымыңызды қанағаттандырудан

бас тартуына негіз болуы мүмкін.

Атқарушылық құжатты орындамағаныңыз үшін Сіз 10 АЕК-тен 500 АЕК-

ке дейін айыппұл түріндегі əкімшілік жауаптылыққа тартылуыңыз

немесе бес тəулікке дейін қамауға алуға, не 3 жылға дейін бас бостан-

дығынан айыру мерзімімен қылмыстық жауаптылыққа тартылуыңыз

мүмкін.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

7

191

КЕҢЕС

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС СОТТА ҚАЛАЙ ҚАРАЛАДЫ?

100 советов прокурора

192

СУДЬЯ ІСТІ ҚАБЫЛДАҒАННАН КЕЙІН МЫНАЛАРДЫ ТАҒАЙЫНДАЙДЫ:

- істі алдын ала тыңдауды;

- жалпы немесе қысқартылған тəртіптегі басты сот талқылауын.

Шешім қылмыстық іс сотқа түскен кезден бастап 5 тəуліктен

кешіктірмей қабылданады.

АЛДЫН АЛА ТЫҢДАУ МІНДЕТТІ:

- аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша.

Сотталушының, аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталушының, оның

қорғаушысының жəне прокурордың сотқа қатысуы міндетті.

БАСҚА ІСТЕР БОЙЫНША АЛДЫН АЛА ТЫҢДАУ МЫНАЛАР ТУРАЛЫ

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ:

- істі соттылық бойынша жіберу;

- істі прокурорға жіберу;

- істі қысқарту;

- іс бойынша іс жүргізуді тоқтату;

- қылмыстық істерді біріктіру жəне бөлу;

- тараптардың өтінішхаттарын қарау.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

8

193

КЕҢЕС

БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ – бұл бірінші сатыдағы соттың қылмыстық істі

мəні бойынша қарауы.

БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНДА:

- іс бойынша барлық дəлелдемелер зерттеледі

- сотталушының, куəлардың, жəбірленушінің жауаптары тыңдалады;

- хаттамалар жарияланады;

- сарапшылардың қорытындылары мен басқа да құжаттар зерттеледі;

- заттай дəлелдемелер қарап-тексеріледі.

БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ БАСТАЛУЫ ТИІС:

- тараптарды сот отырысының орны мен басталу уақыты туралы

хабардар еткен кезден бастап 3 тəулік өткен соң;

- қараудың қысқартылған тəртібі бойынша 10 тəуліктен кешіктірмей;

- жалпы тəртіп бойынша тағайындау туралы қаулы шығарылған кезден

бастап 15 тəуліктен кешіктірмей, айрықша жағдайларда 30 күнге дейін.

Басты сот талқылауы орынды мерзімдерде аяқталуы тиіс.

Қысқартылған іс жүргізу кезінде басты сот талқылауы 10 тəуліктен 20

тəулікке дейінгі мерзімдерде аяқталуы тиіс.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!!!

Сот үкімі тек мыналарға негізделуі тиіс:

- сотта зерттелген дəлелдемелерге;

- сот тергеуінің қысқартылған тəртібі бойынша тергеу не анықтау

жүргізу кезінде алынған жəне тараптар сотта дауламаған дəлелдеме-

лерге.

100 советов прокурора

194

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

9

195

КЕҢЕС

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТ ҮКІМІНЕ, ОБЛЫСТЫҚ

СОТ АПЕЛЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫНА

ҚАЛАЙ ШАҒЫМ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

100 советов прокурора

196

БҰЛ ОҢАЙ:

Заңды күшіне енбеген сот үкіміне апелляцияда іске қатысушы адамдар

ол жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде апелляция шағым бере

алады.

Шағымды үкім шығарған сотқа беруге болады.

Қамауға алынған сотталушы үкімді алған күннен бастап 15 тəулік

ішінде оған шағым беруге құқылы.

ЕГЕР ОСЫ МЕРЗІМДЕ НЕГІЗДІ СЕБЕПТЕРМЕН ШАҒЫМ БЕРУГЕ

ҮЛГІРМЕСЕҢІЗ:

- сотқа мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат жазуға болады;

ҰМЫТПАҢЫЗ!!!

Сотталушының жағдайын ауырлату жағына қарай кассация тəртібінде

облсоттың үкіміне, қаулысына шағым олар заңды күшіне енгеннен

кейін 1 жыл ішінде Жоғарғы Сотқа беріледі.

Аталған мерзімді қалпына келтіруге жол берілмейді.

Сотталушының жағдайын жеңілдету жағына қарай шағым беру

мерзімдермен шектелмеген.

СОТ ҮКІМІНЕ ШАҒЫМ БЕРУГЕ КІМНІҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР:

- сотталушы;

- ақталған адам;

- қорғаушы;

- өкіл, заңды өкіл;

- жəбірленуші немесе оның өкілі, заңды өкілі;

- азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер жəне олардың өкілдері,

заңды өкілдері.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

197

КЕҢЕС

СОТ ҮКІМІНЕ, ОБЛЫСТЫҚ СОТ

АПЕЛЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫНА

КІМ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРЕ АЛАДЫ?

Наразылық сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор

үкімді жариялаған күннен бастап 15 тəулік ішінде үкім шығарған сотқа

əкелінеді.

СОНДАЙ-АҚ:

Істі қарауға қатысуына қарамастан, үкімді қайта қарау туралы наразы-

лықты мына тұлғалар енгізуі мүмкін:

- Бас Прокурор;

- Бас Прокурордың орынбасары;

- облыс прокуроры;

- облыс прокурорының орынбасары;

- қала немесе аудан прокуроры.

ЕГЕР НЕГІЗДІ СЕБЕПТЕРМЕН МЕРЗІМІН ӨТКІЗІП АЛСА:

- прокурордың өтінішхаты бойынша наразылық келтіру мерзімін сот

қалпына келтіруі мүмкін.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!!!

Сот процесіне қатысушылар прокуратураға наразылық енгізу туралы

арызбен жүгінуге құқылы.

Сотталушының жағдайын ауырлату жағына қарай кассация тəртібінде

облсоттың үкіміне, қаулысына наразылық, олар заңды күшіне енгеннен

кейін 1 жыл ішінде Жоғарғы Сотқа əкелінеді.

Аталған мерзімді қалпына келтіруге жол берілмейді.

Сотталушының жағдайын жеңілдетуге қарай наразылық беру

мерзімдермен шектелмеген.

100 советов прокурора

198

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

100 советов прокурора

199

КЕҢЕС

ӨТІНІШ БЕРУ КЕЗІНДЕ ҚАЖЕТ

Өтінішті қалай беру керек?

Əрқашан өтінішке қол қойыңыз жəне мəселенің

мəнін жазыңыз

Өтінішті дұрыс мекенжайға жолдаңыз

Өз құқықтарыңызды біліңіз

Біліңіз, сіздің өтінішіңізді қарайтын лауазымды тұлға

мыналарға міндетті

Егер сіз жауаппен келіспесеңіз

Өтінішті қарау нəтижелері туралы үйден шықпай

қалай білуге болады?

Қандай жағдайларда 115 тегін нөмірі арқылы

Бас прокуратураның саll-орталығына қоңырау шалуға болады?

Прокуратура басшылығының жеке қабылдауына

қалай кіруге болады?

Жеке қабылдауға жазылу үшін не қажет?

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

200

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

1

201

КЕҢЕС

ӨТІНІШТІ ҚАЛАЙ БЕРУ КЕРЕК?

100 советов прокурора

202

Мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға өтініш бермес бұрын,

сіз қойған мəселелерді шешу олардың құзыретіне кіретініне көз

жеткізіңіз.

Егер сіз жеке тұлға ретінде өтініш берсеңіз, онда өтініште тегіңіз,

атыңыз, сондай-ақ қалауыңыз бойынша əкеңіздің аты, жеке сəйкесте-

ндіру нөміріңіз (бар болса), пошта мекенжайыңыз көрсетілуі тиіс. Егер

заңды тұлға атынан өтініш берсеңіз, оның атауын, пошта мекенжайын,

бизнес-сəйкестеніру нөмірін көрсету қажет.

Өтінішке сіздің өзіңіз қол қоюыңыз қажет. Егер сіз өтінішті заңды

тұлғаның немесе жеке тұлғаның өкілі ретнде берсеңіз, онда қол қою

құқығы тиісті сенімхатпен бекітілуі тиіс.

Шағым беру кезінде іс-əрекеттеріне шағым берілетін меморганның

атауын немесе лауазымды тұлғалардың лауазымын, тектері мен аты-

жөндерін көрсетіңіз.

Өтінішті қолма-қол тапсыруға, поштамен, халыққа қызмет көрсету

орталықтары арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңба бар

болса, электрондық түрде «Электрондық үкімет» жəне www.115.kz

порталдарына беруге болады, электрондық цифрлық қолтаңбаны

тұрғылықты жеріңіз бойынша халыққа қызмет көрсету орталығынан

алуға болады.

Өтініш беру кезінде мемлекеттік органның өтінішті қабылдағанын

растайтын талон алуды ұмытпаңыз. Талонда күні мен уақыты, өтінішті

қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілуі тиіс.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

2

203

КЕҢЕС

ƏРҚАШАН ӨТІНІШКЕ ҚОЛ ҚОЙЫҢЫЗ

ЖƏНЕ МƏСЕЛЕНІҢ МƏНІН ЖАЗЫҢЫЗ

100 советов прокурора

204

ƏРҚАШАН ӨТІНІШКЕ ҚОЛ ҚОЙЫҢЫЗ ЖƏНЕ МƏСЕЛЕНІҢ МƏНІН

ЖАЗЫҢЫЗ.

Егер сіздің өтінішіңізге қол қойыламаса жəне (немесе) онда сіздің

дербес деректеріңіз (ТАƏ, мекенжай) көрсетілмесе, ол анонимді болып

есептеледі жəне қараусыз қалдырылады.

Бұл жағдайда тек сіз жасауға дайындалып жатқан немесе жасалған

қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттік немесе

қоғамдық қауіпсіздікке төнген қауіп туралы хабарлағыңыз келген

жағдайларда ғана анонимді өтініш қаралады.

Əрқашан мəселенің мəнін жазыңыз (сіздің құқығыңыз қалай бұзылды,

кім бұзды жəне қашан бұзылды, нақты нені сұрайсыз). Бұны қысқаша

жəне мəні бойынша жеткізуге тырысыңыз. Өтінішті қарайтын тұлғаға

оның мəнін түсіну оңай əрі жеңіл болады, демек, сіздің проблемаңыз да

тез шешіледі.

Есіңізде болсын, мəселенің мəні жазылмаған өтініштер қараусыз

қалдырылуы мүмкін.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

3

205

КЕҢЕС

ӨТІНІШТІ ДҰРЫС МЕКЕНЖАЙҒА ЖОЛДАҢЫЗ

100 советов прокурора

206

Меморганның құзыретіне кірмейтін өтініштер келіп түскен күннен

бастап 3 жұмыс күні ішінде тиісті субъектіге жолданады. Қайта жолдау-

ға жұмсалған уақыт сіздің өтінішіңізді қарау мерзіміне кірмейді. Демек,

сіз дұрыс мекенжайға жібермесеңіз, алтын уақытыңызды жоғалтасыз.

Сіздің өтінішіңіз егер ақпарат алу немесе тексеру қажет болмаса, келіп

түскен күннен бастап 15 күн ішінде қаралуы тиіс екендігін біліңіз.

Ақпарат сұратылған немесе тексеріс жүргізу қажет етілетін жағдайда,

ол келіп түскен күннен бастап 30 күн ішінде қаралады.

Егер қосымша тексеру қажет болса, өтінішті қарау мерзімі 30 күннен

аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы сізге ұзарту күнінен

бастап 3 күнтізбелк күн ішінде хабарланады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

4

207

КЕҢЕС

ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ

100 советов прокурора

208

ӨТІНІШТІ ҚАРАУ КЕЗІНДЕ СІЗ ҚҰҚЫЛЫСЫЗ:

- Өтініш бойынша қосымша құжаттар мен материалдар беруге немесе

оларды талап ету туралы сұрауға.

- Салық кодексінде көзделген жағдайларды (633-б. 5-т.) қоспағанда,

өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхат беруге.

- Өтініш бойынша материалдармен танысуға, егер бұл басқа тұлғалар-

дың құқықтарын, бостандықтарын бұзбаса, өтінішті қарауға қатысуға.

- Өз уəждеріңізді өтінішті қарайтын тұлғаға баяндауға.

- Жазбаша немесе ауызша түрде дəлелді жауап алуға.

- Жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа лауазымды тұлғалар-

дың іс-əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) немесе өтініш бойынша шешімге

шағым беруге.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

5

209

КЕҢЕС

БІЛІҢІЗ, СІЗДІҢ ӨТІНІШІҢІЗДІ ҚАРАЙТЫН

ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА МЫНАЛАРҒА МІНДЕТТІ

100 советов прокурора

210

БІЛІҢІЗ, СІЗДІҢ ӨТІНІШІҢІЗДІ ҚАРАЙТЫН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА

МЫНАЛАРҒА МІНДЕТТІ:

- Заңды жəне негізделген шешімдер қабылдауға.

- Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз

етуге.

- Сіздің шағымыңызды іс-əрекеттеріне (əрекетсіздіктеріне) сіз шағым

берген лауазымды тұлғаларға қарауға жібермеуге.

- Сізге қабылданған шешімдер туралы жазбаша түрде не электрондық

құжат түрінде хабарлауға.

- Өтініштерді «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі

туралы» Заңда белгіленген тəртіп пен мерзімдерде қабылдауға жəне

қарауға.

- Сізді, сіздің отбасыңыздың мүшелерiн субъектiлерге жəне лауазымды

тұлғаларға олардың қызметiн сынап не құқықтарын, бостандықтары

мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында өтiнiш беруiңізге байланыс-

ты қудалаудың жолын кесуге.

- Оларға қатысты мəселенi объективтi шешуге мүдделiлiк бiлдiрмейдi

деп пайымдауға негiз болған адамдарға тексеру жүргiзудi жүктеу

жағдайларын болғызбауға.

- Сізге немесе сіздің мүддеңіз үшiн өтiнiш берiлген адамға жеке жəне

заңды тұлғалардың зиян келтiретiн өтiнiшiне жол бермеуге.

- Сіздің келiсiмiңізсiз сіздің жеке өмiрiңіз туралы мəлiметтердi немесе

мемлекеттiк не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiмет-

тердi жария етпеуге, сіздің жеке басыңыз туралы өтiнiшке қатысы жоқ

деректердiң анықталуына жол бермеуге.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

6

211

КЕҢЕС

ЕГЕР СІЗ ЖАУАППЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ

100 советов прокурора

212

«Табыс – бұл энтузиазмды жоғалтпай, бір

жеңілістен екіншісіне қарай қадам басу қабілеті».

Британдық мемлекеттік жəне саяси қайраткер

У. Черчилль

Оған тұрғылықты жеріңіз немесе мемлекеттік органның, лауазымды

тұлғаның тұрғылықты жері бойынша сотқа шағым бере аласыз.

Сіз жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе мемлекеттік органға Сізге

іс-əрекеттің жасалуы немесе шешімнің қабылдануы белгілі болған

кезден бастап 3 айдан кешіктірмей шағым беруге құқылысыз.

Есіңізде болсын, шағым беру үшін өткізіліп алған мерзім шағымды

қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды, бірақ шағымды

қанағаттандырудан бас тартуға əкеп соғуы мүмкін.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

7

213

КЕҢЕС

ӨТІНІШТІ ҚАРАУ НƏТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?

214

service.pravstat.kz

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика

жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитеті www.serviсe.pravstat.kz

веб-сайтының «Мемлекеттік органдарға берген өз өтінішімді тексеру»

бөліміне кіру.

Өтініш берген кезде берілетін талонда көрсетілген бірегей өтініш

нөмірін теру.

Өтінішті қарау нəтижелері туралы ақпарат шығады.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

8

215

КЕҢЕС

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА 115 ТЕГІН НӨМІРІ АРҚЫЛЫ

БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ САLL-ОРТАЛЫҒЫНА

ҚОҢЫРАУ ШАЛУҒА БОЛАДЫ?

216

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды тіркеуден негізсіз бас

тартылған, із-түзсіз жоғалып кеткен адамды іздеу лайықсыз жүзеге

асырылған кезде, заңсыз жеткізу, ұстап алу жəне қамаққа алу кезінде.

- Кəсіпкерлердің құқықтары бұзылған кезде, оның ішінде заңсыз

тексерістер кезінде.

- Еңбек құқықтары бұзылған кезде, оның ішінде еңбекақы төленбеген

кезде.

- Əйелдердің, балалардың жəне мүгедектердің құқықтары бұзылған

кезде.

- Медициналық көмектің қолжетімділігі жəне ақысыздығы мəселелері

бойынша.

- Прокуратура қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық əрекеттері

туралы.

- Прокуратура органдарында өтініштерді қарау мəселелері бойынша.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

9

217

КЕҢЕС

ПРОКУРАТУРА БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕКЕ

ҚАБЫЛДАУЫНА ҚАЛАЙ КІРУГЕ БОЛАДЫ?

218

prokuror.gov.kz

Бас Прокурордың жəне оның орынбасарларының азаматтарды жеке

қабылдауы алдын ала жазылу бойынша бекітілген кестеге сəйкес

кемінде айына бір рет жүргізіледі.

Облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың,

олардың орынбасарларының жеке қабылдауы алдын ала жазылу

бойынша бекітілген кестеге сəйкес кемінде аптасына бір рет

жүргізіледі.

Аудандық жəне оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынба-

сарлары жеке қабылдауды бекітілген кестеге сəйкес күн сайын

жүргізеді.

Жеке қабылдауға жазылу өзі келу жəне (немесе) жазбаша арыз беру

арқылы жүргізіледі. Телефон арқылы жазылу жүргізілмейді.

Прокуратура органдары басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

прокуратура органдарында көпшіліктің көзіне көрінетін жерлерде,

сондай-ақ прокуратураның www.prokuror.gov.kz веб-сайттарында

орналастырылған.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

10

219

КЕҢЕС

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ

ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?

220

Бас Прокурор сол мəселе бойынша оның орынбасары бас тарту

сипатындағы жауап берген кезде, онымен арызданушы келіспеген

жағдайда азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

Бас Прокурордың орынбасарлары сол мəселе бойынша облыс прокуро-

ры немесе оған теңестірілген прокурор бас тарту сипатындағы жауап

берген кезде, онымен арызданушы келіспеген жағдайда, сот актілеріне

қадағалау наразылығын келтіру туралы өтнішхаттар бойынша, сондай-

ақ орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының

шешімдері мен іс-əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) берілген шағымдар

бойынша азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

Облыс прокурорлары мен оларға теңестірлген прокурорлар сол мəселе

бойынша олардың орынбасарлары бас тарту сипатындағы жауап

берген кезде, онымен арызданушы келіспеген жағдайда, сондай-ақ

облыстық мемлекеттік органдар басшыларының шешімдері мен іс-

əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) берілген шағымдар бойынша азамат-

тарды жеке қабылдауды жүргізеді.

Облыс прокурорларының жəне оларға теңестірілген прокурорлардың

орынбасарлары сол мəселе бойынша аудан прокуроры немесе оған

теңестірілген прокурор бас тарту сипатындағы жауап берген кезде,

онымен арызданушы келіспеген жағдайда, сот актілеріне наразылық

келтіру туралы өтініштер бойынша, сондай-ақ сол мəселе бойынша

прокуратураның құрылымдық бөлімшесі басшысының жауабы бар

болса, онымен арызданушы келіспеген жағдайда қабылдайды.

Прокуратура басшылығына жеке қабылдауға жазуды Бас Прокурор-

дың, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың

аға көмекшілері (көмекшілері) жүзеге асырады.

Прокуратура органдарының басшылығына жеке қабылдауға жазылу

туралы жүгіну кезінде Сізде өзіңізбен бірге сол мəселе бойынша төмен

тұрған лауазымды тұлғаның арызданушы келіспейтін бас тарту

сипатындағы жауабы болуы қажет.

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

ҚПК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі

ҚР ƏҚБТК – Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық

бұзушылық туралы кодексі

АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексі

ЕК – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

КК – Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексі

СК – Салық кодексі

ІІО – Ішкі істер органдары

ҚАЖ – Қылмыстық-атқару жүйесі

БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

ЖСН – Жеке сəйкестендіру нөмірі

БСН – Бизнес-сəйкестендіру нөмірі

АЕК – Айлық есептік көрсеткіш

ЭЦҚ – Электрондық цифрлық қолтаңба

ББҚ – Биологиялық белсенді қоспалар

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН

ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ АТАУЫ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

АСТАНА

АЛМАТЫ

АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

АКТЮБИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

АЛМАТИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

«Қорғау – Астана» жеке қоры – адам

саудасы құрбандары уақытша тұратын

«Көмек» орталығы

«Зорлық-зомбылық немесе зорлық-

зомбылық қаупі салдарынан қиын

жағдайға тап болған адамдарға арналған

дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ

«Забота» дағдарыс орталығы

«Шаңырақ» əлеуметтік-психологиялық

бейімдеу орталығы

«Феминистік лига» ҚБ панажайы

«Үміт» дағдарыс орталығы

«Талдықорған аймақтық əйелдерді

қолдау орталығы» ҚБ. Тұрмыстық

зорлық-зомбылық пен адам саудасының

құрбандарына арналған дағдарыс

орталығы

«Подруги» дағдарыс орталығы

«Тин Чэллиндж» баспанасы

Мамыр-4, 307-үй, тел.296-09-37

Көкшетау қ., Б. Момышұлы көш., 41,

тел. 40-20-40, 87471985182

10 ш/а. 10-үй, 1-пəтер, тел.303-39-25

Гете көш., 265, тел.257-06-04

Көкшетау қ., Шевцов көш., 107, тел.

262784, 87016621282

Талдықорған қ., Қаблиса Жырау көш.,

127 Басшы – Нұрмұханова Жанар

Болатқызы 87773585753

Ақтөбе қ., Прохоров көш., 11-үй.

Тел.241724

Директор Дүйсенова Айгүл Егізбайқызы

Ұялы.+7 701-494-4454

Астана қ., Абай көш.,92/1-үй, офис 1

сенім телефоны: 1409

қызметтік тел.: 87172373716 и 370880

Астана қ., Қарасай батыр к-ш., 11,

тел.: 87172482011

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

«Жұмыспен қамтуға көмек көрсету

орталығы» ҚБ жанындағы «Надежда»

əлеуметтк қолдау орталығы

при ОО «Центр содействия занятости»

«Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ

адамдарды оңалту орталығы» ММ

жанындағы тұрмыстық зорлық-

зомбылықтан зардап шеккен əйелдерге

көмек көрсету бөлімшесі

«Өскемен қ. əкімдігінің отбасын жəне

балалықты қолдау орталығы» КМҚК

Өскемен қ. əкімдгінің «Үлбі» халыққа

əлеуметтік қызмет көрсететін қалалық

аумақтық орталығы» КММ

Риддер қ. «Незабудка» əйелдерді

қолдау орталығы» мекемесі

«Семей қ. отбасы орталығы» ҚБ

Балқаш қ. «Көмек» дағдарыс орталығы Балқаш қ., Ленин көш., 46

тел. 8-71036-53345

«Орал қалалық əйелдерді əлеуметтік

оңалту жəне беймдеу орталығы» ММ

«Феникс» оңалту жəне бейімдеу

орталығы

Атырау қ. Лесхозная көш., 7

тел.28-10-83 Жұманиязов Өміржан

Саясатұлы

Өскемен қ.,Киров көш., 63 Мектеп

оқушысы шығармашылық үйі, 4-қабат

Сенім телефоны: 26-68-92

Жұм. тел. 70-14-82,

Ұ. тел. 8-777-315-04-21

Өскемен қ., тел. 8 7232 77-10-54, 77-19-

22 (сенім телефоны күндіз-түні)

Риддер қ., Гагарин көш. 1, 36/1

Тел. 43743

Өскемен қ., Гагарин Бульвары көш., 20

Тел.8 7232 52-29-42, д.т.8 7232 25-55-

99, ұ. тел. 8-777-296-12-96

Басшы – Ахметқалиева Назигүл

Маташқызы

Семей қ., Ленин көш., 4

Тел. 52-67-74

Орал қ., Х.Чурин көш., 116, тел 8-7112-

515494, 8-7112- 519359

Талдықорған қ., Сəпиев көш., 103

Басшы – Сəдуақасова Светлана

Олегқызы - 87014329467

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сəтпаев қ. «Шаңырақ»

дағдарыс орталығы

«Абай ауданының отбасыға қолдау

көрсету орталығы»

Теміртау қ. «Менің үйім»

қоғамдық бірлестігі

Психологиялық көмек көрсету жөніндегі

дағдарыс орталығы

«Тұрақты баспанасы жоқ балаларымен

əйелдерге арналған əлеуметтік-

психологиялық сауықтыру жəне

бейімдеу Павлодар қалалық орталығы»

КММ

«Əйелдер мен балаларға арналған

Қостанай қалалық бейімдеу орталығы»

ММ

Қарағанды қ. Өмірлік қиын жағдайда

жүрген əйелдерге көмек көрсетуге

арналған дағдарыс орталығы («Мир

добра» ҚБ)

«Əйелдерді қолдау орталығы» ҚБ

«Сана-Сезім» ҚБ

Шымкент қ., Перов көш., 19,

8-7252-551-300, 8-7252-551-200

Петропавл қ., К.Сутюшев көш., 17, 30-

пəтер, тел.52-98-86

ұ. тел.8-777-242-29-83

Абай қ., Абай көш., 53-1

тел. 8-72131-44634

Сəтпаев қ., Тəуелсіздік даңғ., 1

тел. 8-71063-77343

Қарағанды қ., Кривогуз көш., 3

тел. 8-7212-790988

Балқаш қ., Ленин көш., 46

тел. 8-71036-53345

Қостанай қ., 7 ш/а. 8А-үй, 1-пəтер

тел. 8 (7142) 22 65 32

Павлодар қ., Хамзин көш., 20/1

тел.: 54-98-43, 54-36-47

Қостанай қ., Герцен көш., 37

тел.55 44 80, 55 45 15

«Қамқорлық» дағдарыс орталығы Қызылорда қ. Төле би көш., №47/2

1. Құмыра өндірісі

2. Темір ұста қолөнері

3. Декоративті тас өндірісі

4. Ойма шеберханасы

5. Шыныға өрнек салу

6. Жаяужол плиткасы өндірісі

7. Кеспе тас өндірісі

8. Темір бетон сақиналары

өндірісі

9. Металл жабынқыш өндірісі

10. Профнастил өндірісі

11. Тор-рабица өндірісі

12. Мырышталған шелек

өндірісі

13. ПВА желімі өндірісі

14. Шлакоблок өндірісі

15. Кеуек бетон өндірісі

16. Құрылыс шегелері өндірісі

17. Өздігінен кескіш өндірісі

18. Еуроқақпа өндірісі

19. Экомақта өндірісі

20. Сэндвич-панель өндірісі

21. ПВХ жабыны бар м/м қолғап

өндірісі

22. Металл есік өндірісі

23. Ағаш шеберлігі цехын

ұйымдастыру

24. Автошиналардан жасалатын

резеңке қиынды өндірісі

25. Резеңке қиындыдан

жасалған плитка өндірісі

26. Табиғи тасты өңдеу

27. Ірі қара мал өсіру

28. Қой өсіру

29. Қаз-үйрек өсіру

КОЛОНИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН 100 БИЗНЕС ИДЕЯ

30. Мекиен тауық өсіру

31. Қоян өсіру

32. Сазқұндыз өсіру

33. Шаян өсіру

34. Бөдене өсіру

35. Күркетауық өсіру

36. Ара шаруашылығы

37. Қаңқасыз жиһаз жасау

38. Офис жиһазын жасау

39. Жұмсақ жиһаз өндірісі

40. Жасанды ротанг өндірісі

41. Жасанды ротангтан

жасалған жиһаз өндірісі

42. Саяжай-бақшаға арналған

ағаш жиһаз жасау

43. Жануарларға арналған

жиһаз өндірісі

44. Бақша мүсіндерін жасау

45. Төсек тысын тігу

46. Киізден бұйымдар жасау

47. Қолдан тоқылған бұйымдар

48. Hand-made сөмкелер

49. Қолдан жасалған

əшекейлер дайындау

50. Қолдан ойыншықтар жасау

51. Жасанды толтырмасы бар

көрпелер тігу

52. Арнайы киім тігу

53. Кəжең-плащ тігу

54. Эко-сөмкелер тігу

55. Иттерге арналған киім тігу

56. Жылыжайда көкөніс өсіру

57. Жылыжайда жүзім өсіру

58. Құлпынай өсіру

59. Таңқурай өсіру

ПРОКУРОРДЫҢ 100 КЕҢЕСІ

60. Саңырауқұлақ өсіру

61. Көкжуа өсіру

62. Картоп өсіру

63. Жүгері өсіру

64. Күнбағыс өсіру

65. Қант қызылшасын өсіру

66. Шалғам өсіру

67. Қырыққабат өсіру

68. Үй гүлдерін өсіру

69. Алма бағының интенсивті

технологиясы

70. Шағын наубайхана

ұйымдастыру

71. Кептірілген жеміс өндірісі

72. Жарма өндірісі

73. Ұн өндірісі

74. Макарон өнімдері өндірісі

75. Қуырылған шемішке өндірісі

76. Шемішке май өндірісі

77. Қоспа жем өндірісі

78. Тері өңдеу

79. Ағаш ыдыс жасау

80. Декоративті қиынды өндірісі

81. Ағаш тұғырық өндірісі

82. Полиэтилен пакет өндірісі

83. Шым тезекті құмыра өндірісі

84. Декоративті шамдар өндірісі

85. Сабын жасау

86. Поролон өндірісі

87. Пима жасау

88. Шатыр өндірісі

89. Жылыжай өндірісі

90. Фотоплитка өндірісі

91. Мұрағат папкалары мен

картон қораптар өндірісі

93. Крестпен кестелеп сурет

тігу

94. Шұлық өндірісі

95. Құйма тастан камин

порталдар жасау

96. Бахила өндірісі

97. Майлық өндірісі

98. Мысық дəретханасына

арналған толтырма өндірісі

99. Дəретхана қағазы өндірісі

100. Шыбын-шіркейге қарсы

жабысқақ қағаз өндірісі

Толығырақ ақпарат mvd.gov.kz

сайтында

КОЛОНИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН 100 БИЗНЕС ИДЕЯ

Просмотров: 442

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст