Амангельді орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай ұйымдастырылған үстел теннисінен «ауыспалы кубок» мектепшілік
турнирі туралы мәлімет
Мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша мектепшілік үстел
теннисінен «Ауыспалы кубок» турнирі ұйымдастырылды. Биылғы жылы турнирге
жылдағыдан қарағанда қатысушылар саны көбірек болды және қыздарда жеке топ
болып қатысты. Екі топқа бөлініп ойнатылған турнир 5 сағатқа созылды. Турнир
барысында женіске жеткен қыздар арасында 1-орын Ерден Сара, 2- орын Олжекен
Томирис, 3-орын Абдыкалыкова Жанар иеленсе, «Үздік ойыншы» номинациясын Исина
Гулжас иеленді. Ал ер балалар арасында «Ауыспалы кубоктың» 2 дүркін иегері
Жунусов Әбілхаир атанса, 2-орынды Қазкен Арман, 3- орынды Абдыкалыков Ержан
иеленді. Ер балалар арасында «Үздік ойыншы» Хамидолла Ағыбай атанды.
Женімпаздарға асханадан тегін тамаққа сертификаттар табысталды. Салауатты өмір
салтын насихаттауға арналған бұл шара жылдан жылға өз орнын тауып, қатысушылар
саны жылдан жылға артып келеді. Келер ұрпаққа берері мол бұл турнир келесі жылы
жалғасын табатынына сенімдіміз. Осы аға – апаларына еліктеген жас жеткіншектер
үстел теннисіне қызығушылық танытуда. Алдағы жылда осы жас өрендерден үлкен
үміт күтеміз. Тек мектепшілік турнирде ғана емес, аудандық жарыстарданда
жеңіспен оралатынымызға сеніммен қараймыз.