Текст
Амангельді орта мектебінде көктемнің алғашқы
күндерінде келетін аналар мерекесіне орай «Ана
өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кеш өте жақсы
деңгейде өтті. Мерекелік кешке ауылымыздың алтын, күміс алқа иегерлері, көп
балалы аналар, зейнеткер ұстаздар, ұлағатты ұстаздар, апа-қарындастарымыз
арнайы қонақ ретінде шақырылды. Мерекелік кештің қадірлі қонақтары ауыл
әкімінің м.а. Жолдыбаева Қ.О., мектеп директорының м.а. Ералин М.Қ. қатысты.
Аяулы аналарымызға мерекелік сыйлық ретінде бір-бір гүл шоқтары ұсынылды.Қадірлі
қонақтарымыз аналарымызды мерекемен құттықтап, жақсы тілектер айтып, дендеріне
саулық тіледі.