Текст
Аналар
мерекесінен кейін ең керемет ел болып тойлайтың ұлттық мейрамымыз наурыз
мерекесін мектебіміз «Наурыз думан
дәстүрлі» деген атпен атап өтті.Әр сынып ауылдарға бөлініп, халқымыздың
салт-дәстүрін, өнерін дәріптеу мақсатында салт-дәстүрлерді халыққа көрініс
ретінде қойды. Кеш барысында ең
маңыздысы төл өнеріміз айтыстың тартысты өтуі болды. Айтысқа екі жұп қатысты.
Олар: Хамидолла Ағыбай, Төлеубек Камила, Берикова Аяулым, Болатбекова Аружан.
Сонымен қатар жастар арасында Наурыз көже ішуден жарыс ұйымдастырылды. «Ең
шыдамды» номинациясын Сағадибек Тілек иемденді. Бұл ойын тойдың сәнің одан әрі
қыздырды. Келген қонақтар балаларының өнерлерін тамашалап шын жүректен
қошеметтеп қол соқты.