Амангельді орта
мектебінде «Дүниежүзілік туризм» күніне өткізілген жұмыстары туралы мәлімет
Қыркүйек айында
«Дүниежүзілік туризм» күніне орай «Денсаулық-2017» фестивалі аталып
өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл іс- шара
жастардың бойында өмірге деген сүйіспеншілігін, спортқа деген махаббаттарын
ояту мен қатар қызығушылығын ескеру болды. Бұл шараға ауыл әкімі Жолдыбаева Қ.О. мектеп ұстаздары
және 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен
ұйымдастырылды. Ауыл сыртында, Нұра өзенінің жағасында, таза ауада өткізілді.
Спорттық ойындарға мектеп оқушыларымыздың арасында
қызығушылығы бар оқушылар жетерлік. Жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздар болып
4 команда құрылды. Әр командаға бір ұстаздан команда басшысы болып тағайындалды. Командалардың аты да ерекше
болды: Галактика, меркурий, плутон, юпитер.
Сайысты сап түзеп, мемлекеттік әнұранмен, құттықтау
сөздерімен басталды. Әр команда өздерін таныстырып өтті. Әр команданың ұраны
айтылып, эмблемалары таныстырылды. Командалар ширату жаттығумен дене қыздырып
алды. Әр командаға қорғаныс желеті берілді. Командаларға сайыстың кезеңдері
таныстырлды.
Сайыс 4
кезеңнен тұрды:
1-кезең: «Эстафета» (команда қатысушылары қолдарындағы
эстафета таяғын жүгіріп келесі ойыншыға жеткізуі керек болды.)
2-кезең: «Қазына іздеу» ( карта бойынша жасырынған
қазынаны тауып алу керек болды.)
3-кезең: «Бағбаншы» сайысы. ( жерде шашулы жатқан
кортопты, байлаулы көзбен тез жинап алу керек болды.)
4-кезең: «Балықшылар» ( бұл сайыста әр команда ойыншысына
3 минут ішінде балық аулаулары керек, 3 минут өткен соң келесі ойыншы қармақты
беріп, балық аулауы керек. Сөйтіп барлық ойыншылар 12 минут ішінде кім көп
балық ауласы сол команда осы сайыста жеңіске жетеді.)
Сайысты бақылап жүретін әділ-қазылар алқасы сайланды.
Әр кезеңге қатысушылар өте белсенді, қызығушылықпен
қатысты. Бірінші кезеңнен бастап сайыс қызу басталды.
Сайыс соңында жеңімпаз команда анықталды. «Меркурий»
командасы жеңіске жетті.
Қорта келе мектебімізде салауатты өмір салтын ұстану
жақсы жолға қойылған.
Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Касенов Е.Ж.