Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Амангельді орта мектебінің
Әлеуметтік педагогы
Шарипова Санира
Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамнан алыс болмауы керек.Сол мақсатта мүмкіндігі шектеулі балаларды қатардағы балалармен оқыту қазіргі кеде көзделіп отыр.Осы бағыттағы мектебіміздің басты міндеті мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту болып табылады.Мұғалімдердің жалпы айтатын мүмкіндігі шектеулі балалар өзін көрсетуі керек қай жағынан болсын.Олай болай керек бірақ........
Мұғаілмнің бірінші мақсаты баланы таңғалдыру,оның қабілеті мен қызығушылығын ояту.Одан кейін мұғалімнің баланы қабілетін ашудағы жемісі.Осы бағыттағы жол өте күрделі деуге болады.Мұғалім тұлғасының жұмысындағы басты міндеті мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс болып табылады.Педагог мұғалім жалпы жанжақты болу керек,сыныпта жағымды орта қалыптастыру,әр түрлі тәсілдер,оқытудың әр түрлі стратегияларын пайдалану керек.Сонымен қатар өзін жоғары бағалау керек.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жеке бастың дамуында қалыптасады.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс мынадай бағытта жүргізілуі керек.Мектебімізде бала,педагогикалық ұжым,отбасы және баланың қоршаған ортасы мен құрдастары.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудегі табысты мұғалім ең алдымен өз ісінің майталманы,өз кәсібін сүйетін ,өз кәсібін алға жетелуші.Мұғалім өз қызығушылығы бар,қабілетті,ғылыми және шығармашылық ,кәсіби сауатты,интелектуалды сонымен қатар психолог,тәрбие саласы бойынша әдіскер болу керек.Дегенмен де ол ең алдымен мұғалім мақсатқа жеткізетін.
Осы бағытта мектебімізде мүмкіндігі шектеулі балалармен ойын сабақ болып өтті.
Тақырыбы:«Мен және сабақ»
Мақсаты:Балалардың әлеуметтік ортасымен байланысын нығайту,жасөспірімдер арасында мүгедек адамдарға қатысты он қарым қатынас қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекіліктер:суреттер,аялдаманың құрастырма суреттері,отбасы,мектеп достар суреттері
Түрі:ойын сабақ
Барысы:Құрметті дос!Мектебімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мен және сабақ»атты ойын сабақ өткелі тұр.
Бірінші аялдама «Менің отбасым»
Мұнда оқушы үш тапсырма орындайды.Тапсырмаларды дұрыс орындасақ күн көзі жарқырай түседі.
Плакатқа салынған отбасы ағашы беріледі.Осыған отбасы мүшелерін орналастыр.
Ата,әже,әке,ана,көке,жеңге,аға,апа,өзін және т.б туыстарын
Қиындылардан сурет құрау пазл құрастыру
Сіріңкеден үй макетін жасау
Келесі аялдама «Менің мектебім»деп аталады.
Берілген суреттердің жұбын табу керек.
Берілген суреттерде бар заттардан сөз тіркесін айту
Соңғы аялдама «Менің достарым»
Жапырақтарға қоңыздар мен көбелектерді орналастырып шық
Қорытынды бөлім
Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамнан алыс болмауы тиіс.Себебі олар да адамдар.Олардығ ойы да,сана сезімі,таным қабілеті дамыған.Басқа балалармен ойнағанды жөн көреді.Сол себептен мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдайық.